Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Әкетайым - ау, ауырып қалдым. Сұлтан - Ғалиевты талапайлап талқыға салғанын мен тіпті білген де жоқпын. Білесіз ғой, мен Горки деген жерде ажалмен арпалысып жаттым. Иә, тым өкінішті-ақ...

– Жарайды, ол солай-ақ болсын. Ал Зәки Валидиді неге қорғамадыңыз? Ол кезде сіз cay едіңіз ғой.

– А – а - а, Зәки Валиди... Ө – т - е талантты башқұрт еді, шайтан алғыр. Есімде, есімде... бір хаты есімде: «Владимир Ильич, түбінде опық жеп жүрмеңіз». Иә, осылай ғой деймін. Осы мәндес бір хаты болған. Опық, Зәки көреген екен. Опық көп, Тұрар, әкетайым, опық деген жетіп жатыр.

– Зәки әлі тірі. Жалған дүниеде жүр.

– А – а - а, солай ма. Тірі болсын, тірі болсын. Иә, иә, ол, айтпақшы, шетелге қашып кетіп еді-ау... Әлгі хатты ол сонда жазған. Сонда жазған...

– Егер шындық дәлірек болсын десеңіз, Зәки Сізге: « Аса құрметті Владимир Ильич! Сақ болыңыз, бәлкім, қатерлі қателердің бастау - бұлағында Сіз өзіңіз тұрған шығарсыз», - деп жазып еді ғой.

– А – а - а, солай ма? Мүмкін, мүмкін. Мен ол кезде науқас едім ғой. Сіз ұмытпапсыз, Тұрар Рысқұлович... ұмытпапсыз... А – а - а, оны сіз қайдан білесіз? Хат маған ғана арналған ғой.

– Сізге арналғанмен, Сіздің науқас екеніңізді біліп, Зәки ол хаттың көшірмесін өзінің достарына да жолдаған.

– Солай ма... Сонда мен қандай қателердің басында тұрыппын, әкетай?

– Ұлт мәселесін аумақ - саумаққа айналдырдыңыз, Владимир Ильич. Сіз өзіңіз: «Башқұрттар ұлы орыстарға сенбейді, өйткені ұлы орыстар башқұрттарға Қарағанда мәдениеттілеу, ал сол мәдениет - тілігін башқұрттарды тонауға арнады. Соңдықтан башқұрттар үшін ұлы орыстар «қанаушы», «тонаушы». Бұл бағамен келіспеуге болмайды, бұл зорлықпен күресу керек» дедіңіз. Өте әділ айттыңыз.

Ал сөйте тұра, 1919 жылы 20 наурызда башқұрттарға автономиялы азаттық беру жөніндегі Келісімге Сіз, Сталин және Зәки Валиди қол қоя тұрып, арада он төрт ай өткен соң, 1920 жылы 19 - мамыр күні осы Келісімнің күшін жойып, байғұс башқұрттарды қайтадан ұлы орыстың табанына салып бердіңіз. Аумақ - саумақ емей, бұл не сонда?

– Ох, сайтан алғыр, рас - ей, шынында да өте өрескел болған, ө – т - е өрескел болған.

– Өрескел іс толып жатыр, Владимир Ильич. Сіз Түркістандағы өкіліңіз Иоффеге айтқан өсиетіңіз есіңізде ме?

– Иоффе? Не деппін оған?

– «Біздің барлық ұлы саясатымыз үшін түземдердің сеніміне ие болу өте маңызды: үш есе, төрт есе маңызды: біздер империалистер емес екенімізді дәлелдеуіміз керек, мұндай сұмдыққа біз жол бермейміз...» - дедіңіз. Рас қой?

– Рас - ей, сайтан алғыр.

– Ал іс жүзінде қандай болды?

– Иә, қандай болды?

– Іс жүзінде сіз Түркістанның заңды өкіметінің үстінен ұлы орыс өкіметін орнатып қойдыңыз. Түркістанның заңды президенті мен болсам, менің үстімнен Фрунзені, Куйбышевті, Голощекинді, Томскийді, тағы кімдер еді, Рудзутакты, Бокийды қоқырайтып қойдыңыз. Ақыры мен президенттіктен, жалпы Түркістаннан кетуге мәжбүр болдым. Осы ма сіздердің «империалистер» болмағаныңыз?

– Әкетайым - ау, империализмнің ымырасыз қас жауы мына мен сонда империалист болғаным ба?

– Өкінішке орай, империалистердің бас көсемі болдыңыз.

– Қалайша?

– Оны сізге 1920 жылы қыркүйекте тағы да сол Зәки Валиди жазған. Ашық жазған. Есіңізге салайын, мазмұны былай: Владимир Ильич, шығыс халықтарына Орталықтың көзқарасы - шовинистердің көзқарасы. Түркістаннан Рысқұловты, Башқұртстаннан Валидиді зорлап кетірдіңіз - шығыста жоқ таптық күресті жасанды түрде қоздырдыңыз. Сөйтіп, ұлтшыл Рысқұлов пен Валидиді кетіру арқылы орыс шовинизміне адал құл болар кадрларды ұлттар арасынан жасанды түрде өсіріп, солардың қолымен ұлттарды қанайтын көсеу жасадыңыз. Бірақ біліп қойыңыз, Владимир Ильич, осы құйтырқының құрбаны өзіңіз болып жүрмегейсіз. - Міне, Зәкидің сізге хаты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий