Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түркістан дауының шиеленіскені сонша, Политбюро дардай басымен үш рет жиналды. Мүйіздері қарағайдай - қарағайдай көсемдер, жап-жас Рысқұловпен үш күн бойы айтысты. Сонда Рысқұлов не дейді? Түркістан (Қазақстанды қоса) империяның отары болып, сіңірі шыққан ел. Егер социалистік төңкеріс шын мәнінде социалистік болса, езілген елдерге бостандық берсін. Ленин жолдастың бұрынғы ұрандары да осылай болатын. Ендеше, сол ұран орындалсын. Түркістан саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан дербес, тәуелсіз ел болсын. Өз әскері болсын, өз шекарасы болсын. Шетелдермен дербес дипломатиялық қатынас жасасын. Ал РСФСР - ден біз қол үзбейік. Бірімізге -біріміз жәрдемдесейік. Сіздегі жоқты бізден алыңыздар, мысалы, мақта, мал. Біздегі жоқты сізден алайық, мысалы, техника, түрлі тауарлар. Әділі осы емес пе? Бірімізге -біріміз көз алартпайық. Тарих алдындағы әділеттік осы болады. Әйтпесе социалистік гуманизм дегеннің бәрі бекер, шетел, оның ішінде Шығыс социализмге сенбейді.

Шырқыраған шындықты Рысқұлов осылай айтып жанталасады. Бірақ марқасқалар марғау. Онда Түркістан Қазақстанымен қоса әлдекімдерге жем болып кетеді-міс. Сірә, Сталин айтқан шығар. Ағылшындар андып жүр деді. Түркия да cay емес деді. Түркия десе, Сталиннің денесіндегі жүннің бәрі түрпиіп шыға келеді, не бәлесі барын кім біледі? Түрік дүниесіне жаны қас. Онысын, тіпті кейде, жасыра алмай да қалады. Ленин Мұстафа Кемәлға қол ұшын берейік дегенде, Сталин іштей тынып, жақтырмады.

Сонымен не керек, ақыры Ленин шешім шығарды.

– Рысқұловтың жобасы қабылданбасын, кері қайтарылсын, - деді.

– Түріккомиссияның жобасы кейбір түзетулермен қабылдансын, - деді.

Деді! Мәс - саған: «Әкетайым, көкетайым!» Әне, Рысқұловтың көңілі «пайғамбардан» сонда қалған. Енді кімге барып шағынады? Құдды Сәбит Дөнентайұлының мысалындай. Бозторғай қырғидың үстінен арыз айтып қаршығаға барса, қаршыға қаз - үйректі қырып салып, құс әлемін шулатып жүр. Бүркітке барса, белшесінен қанға батып ол отыр.

Ендігі бір нәзік үміт Коминтернде шығар. Дәл сол 1920 жылдың жазында Коммунистік Интернационалдың II Конгресіне дайындық жүріп жатты. Ленин баяндамашы. Баяндамасының тезистерін ұлт өкілдеріне де жіберіпті. Пікір білмек. Мұнысы -демократия. Пікірді Қазақстандағы Ахмет Байтұрсыновтан, Түркістандағы Тұрар Рысқұловтан білмекші болыпты. Демократия!

Ахмет Байтұрсынов пен Тұрар Рысқұлов сол пікірді бірігіп жазсын. Бірігіп жазсақ, салмақтырақ болар деген шығар. Жазғанда не дейді? Қымбатты Владимир Ильич, ұлт мәселесі оңбай тұр дейді. Кешегі отар елдер сол отар күйінде қалды дейді. Кешегі патша генералдарының орнына енді большевик генералдары келіп, елді тоздырып, алқымнан алып бара жатыр дейді. «Боқты сідікпен жуып болмайды» дейді.

Ленин хаттың осы жерін оқығанда:

– Тьфу, азиаты! - деп мұрнын басып, тыжырынған көрінеді. Өзінде Азияның қаны жоқтай. Тыжырынса тыжырына берсін, шындық солай ғой. Біреуі ақ, біреуі қызыл болғанмен, генералдың аты - генерал.

Ленин бұл екі арыстың айтқан ескертпелерін ескермеді. Коминтерн үмітті ақтамады.

Енді барар жер, басар тау жоқ.

Ендігі Сот - бір Құдай ғана.

Ленин Құдайдың алдына әлдеқашан барған.

Рысқұлов та кешікпей баратын шығар.

Сәті түссе, екеуі Жаратқан Құдіреттің алдында кездесетін шығар. Сонда Рысқұлов не дейді, Ленин не дейді?

– Владимир Ильич, сіз сол жолы Түркістанды тұзаққа салып кеттіңіз.

– Тұрар Рысқұлович, әкетайым - ау, о не дегеніңіз, төңкерісшіл Түркістан Ресейден мүлде қол үзіп кетуіне жол жоқ еді ғой. Сіз әкетайым, Түрік республикасы, Түрік компартиясы дегенді шығардыңыз. Марксизмге мүлде жат. Соныңыз үшін ғана, Сталин сізді жазаға ұсынды. Ал мен құтқарып қалдым. Мәскеуге шақыртып, биік мәртебелі қызмет бергіздім. Әйтпесе, Сталиннің алғашқы құрбаны Сұлтан - Ғалиев емес, сіз болатын едіңіз.

– Сұлтан - Ғалиевқа неге араша түспедіңіз?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий