Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:114
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.
Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Фаткулиннің даусы пәс, жарықшақтау болғанмен, шын сезімнен шығып, өзінің де кеудесіне мұз боп қатып жатқан көңіл жібіп шырқағанда, дүниеде бұдан асқан әнші жоқтай көрінді. Ескендір әлгі әннің сөздеріне көбінесе түсіне алмады. Бірақ бәйшешек туралы болған соң, ән ырғағының өзі-ақ оның тағдырын айтып бергендей болды. Яғни, көктем шығып, тоң жіби бастағаннан-ақ, жер бетіне қылтиып бәйшешек шығады. Оның өмірге ынтызарлығы сонша, тез өсіп, сабағы тез ұзарады. Мұзды тоң секілді күнкөрістен мен де тезірек құтылғым келеді дейді әнші. Бәйшешек сияқты тез-тез құтылғым келеді дейді. Бірақ бәйшешек байғұс, тез-тез өсуге асыққанмен, ғұмыры қысқа, мұңайып тез солады дейді. Жок, мен бәйшешек сияқты тез-тез солғым келмейді, мен ұзақ-ұзақ өмір сүргім келеді дейді.
Жөтел қысып, ентігіп жатып, Ескендір әннің соңғы жолдарын әнмен қайталамақ болды.
Юк. мин яшар идем озақ, озақ,
Минем килми алай буласым:
Умырзая кебек,
Умырзая кебек,
Умырзая кебек суласым...
– Жоқ, Мир-Хай-дар аға, мен өмірзая сияқты тез солғым келмейді.
– Дұрыс, дұрыс, бауырым, сенің организмің жас. Ауруды жеңесің, көз нұрым. Айығып кетесің. Тек аурумен күресе біл, - деп Фаткулин қуат берген болды.
– Әніңізге көп рахмет, Мир-Хай-дар а-ғ-а. Осыдан қайтып қайырлы күндер туса, Әрифа апам түрмеден шықса, Рысқұловтар қайтадан бір бас қоссақ, мен сіздің осы әніңізді айтып берем. Әрифа апам бәрін түсіндіреді.
– Ол кім - Әрифа?
– Тұрар Рысқұловтың қайын енесі.
– О да түрмеде ме?
– Иә.
– О, қаһар соққан қатыгез заман! Хуш Искандер. Менің мұнда екенімді біліп қойса, Холкин оңдырмас. Сен одан біздің бәріміздің кегімізді алып бердің, Искандер. Бірақ жаны сірі екен, қайтадан жұмысқа шықты. Бұрынғыдай емес, жуасып қалған сияқты. Рахмет саған, Искандер...
***
Ескендірдің сүйегімен Жетім Шағаланы тыңайтпақ болған сол Пьянков лазаретке ентігіп, емпең басып, өзі келсін. Емшіге:
– Ескендір Рысқұловты тез жолға дайында! - деді.
– Не боп қалды?
– Білмеймін. Мәскеуден пәрмен келді, алып келіңдер дейді. Ескендірді арбаға мінгізіп, пароходқа алып бара жатқан жолда, ылдидан өрге тас тасушылар ошарыла тұрып, оқшиыса қарап қалды. Біреуі:
– Бастықты ұрып жықсаң елге қайтарады екен ғой, - деді.
– Еліне қайтара ма, әлде материкке алып барып ата ма? - деді басқа біреуі.
Сүлдесі сынық Ескендір әлсіз қолын көтеріп, қоштасу ишарасын жасады. Холкинді ұрып, карцерге түсіп, қос өкпеден айырылмағанда осылардың арасында жүре беретін бе еді... Аз күн тағдырлас болған талайсыз бауырларына қимас көңіл танытты. Көптің арасынан әлгі татар кісісін іздеді.
– Мирхайдар аға, - деп шырылдады. - Мирхайдар Фаткулин!
Мирхайдар тачканың сабынан қолын босата алмай, амалы құрып, кеудесін алға сүйреп, мойнын созып:
– Хуш, Искандер! Бағырем, хуш! - деді. - Рухлар сақласын, ходаем сақласын сине, ғиззатлем! Әтиіне кургәш сәлем айтырсын...
Ескендір «әтиін» - әкесін көре ме, көрмей ме, Тұрар Рысқұлов тірі ме, өлі ме - онымен жұмысы жоқ. Бәрі де үміт дүниесі ғой. Кеудеден жан шықпайынша, үміт дүниесі өлмейді екен. Еш заман көзге көрінбейтін, оқ өтпейтін, отқа күймейтін, мәңгі жоғалмайтын Жан деген құдірет кеудеңнен қош деп ұшпасын. Жан ұшса - Тән тулақ.
***
Глебов Рысқұловтың АЙЫПТАУ қорытындысын шығарып, бәрін хаттап та қойған. Тек соны мойындаймын деп Рысқұлов қол қойса болды. Оны Ежов құптайды. Вышинский қол қояды. Ульрих үкім шығарады. Айыптау қорытындысы негізінен жеті тармақтан тұрады.
Бірінші. Рысқұлов 1919 жылдан «Иттихат ва Тарраки» ұйымында болды.
Екінші. Энвер Паша және Зәки Валидовпен байланыста болды. Басмашыларға жәрдемдесті. 1921 жыл.
Үшінші. Қазақстан, Орта Азия, Закавказ, Қырым, Башқұртстан, Татарстанды КСРО-дан бөліп әкетпек болды. Сөйтіп, буржуазиялық - ұлтшыл мемлекет құрып, оны Германия, Жапония және Түркия боданына бермек болды.
Төртінші. Рысқұлов Рыковпен бірікті.