Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кәдімгі таң алдында туатын Шолпан жұлдыз сұлулықтың, махаббаттың киесі көрінеді. Оны еуропалықтар Венера, Стелла дейді, Аврора дейді. Біздің түрік дүниесі Шолпан, Чулпан, Чолпон, Зуһра деседі ғой. Сол Шолпан бірде аяғындағы алтын кебісін абайламай жерге түсіріп алыпты. Содан мына Ақсу-Жабағылыда Шолпан Кебіс атты өте әдемі, өте нәзік, жәудір көз гүл өседі.

Тұрар көке, Сіз сонда, сол Шолпан Кебісті аймалап көп тұрдыңыз. Тан құланиектене, найза шыңдар сұлбасы сұстана көрінгенде, сол шындардың үстінен шаншыла жарқырап, Шолпан жұлдыз туған еді. Сіз соған сұқтана қарап қалдыңыз. Шатқалда мен бұрын көріп, естімеген ғажайып құстар сайрап, дүние - әлемді керемет әуенге бөледі. Тіпті, тәкаппар найза шыңдардың өзі теңселіп, тебіреніп кеткендей еді. Мен соған таң қалып, он бойымды бір ғажайып сиқыр билеп, масаң болып тұрғанда, Сіздің кенет қайда кетіп қалғаныңызды да байқамаппын. Сіз де жоқсыз, Шолпан Кебіс те жоқ, Теңбіл Торғай да жоқ.

– Көке! - деп шыңғыра айқайлап жіберіп барып, оянып кеттім. Сізді қайтып көре алмадым.

Мен шетсіз, шексіз дүниеде, сөйтіп жападан-жалғыз қалдым. Енді қайтып кездесеміз бе, жоқ па - білмеймін? Алпыстан асқан жас мынау. Жарық дүниенің сәулесі әлі қанша бұйырады - болжаусыз. Таң мақшарда Алла, Құдірет, Шексіз Шебер Құдірет, Шексіз Дүние - Әлемді Жаратқан Құдірет, Шексіз, Телегей Ақыл - Ой - Көк Тәңірі бізді о дүниеде көрісуге жазсын! Жаныңыз Жаннатта болып, нұрыңыз Пейіште шалқысын! Біз пақырды Әруағыңыз қолдап, Жолбарысыңыз жебей жүрсін! ӘУМИН.

(Бесінші кітаптың соңы.)

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий