Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көзге көрініп келер ажалды күтіп жатқан адам нені аңсауы мүмкін? Әрине, қу өмірді аңсайды. Ал Рысқұлов бір жұтым қымызды аңсады. Бір-ақ жұтым. Қазақстанға көптен бері бармаған адам қымыздың дәмін де ұмытып кетеді ғой. Бұл да ұмытып кеткен. Ал енді мына айтып келер ажалдың алдында сол ұмытылған қымыз қайдан ғана есіне түскені ғажап. Жолбарыстың жүрегіне жерік болған әйелдей бір жұтым қымызды тілегені сонша, орнынан тұрып барып, темір есікті тоқпақтағысы келді. Артынша: бұл лағнет атқыр Лубянкада қымыз қайдан болсын деп ойлады. Лубянка тұрмақ, бүкіл Мәскеуден бір жұтым қымыз табылар ма екен.

Бұл енді өмірді қимай аласұрғаны сияқты. Қымыз дегені өмірдің синонимі сияқты. Есіне соноу 1925 жылдың көктемі түсті. Моңғолстан. Ешкілі тау. Айдаладағы араттың үйі. Көк шалғындағы тапал жылқылар, бие сауған монгол келіншек. Араттың жап-жалпақ киіз үйі. Әне қымызды монғол жолдасы Түмен - Жырғал екеуі сонда ішкен.

Енді мына жарық дүниемен мәңгі қоштасар шақта, есіне Талғар тау емес, Ақсу-Жабағылы емес, Аспара - Мерке емес, Көгілдір Көкше де емес, қай-қайдағы Ешкілі тау түскені несі?

Иә, сонда Ешкілі таудан қымыз ішіп аттанып, Орхон бойындағы бабаларының басына барған. Күлтегін мен Тоныкөктің ескерткішін көрген. Тастағы сына жазуларды оқи алмай өкінген.

Содан сәл кейін, Ұлан - Баторға оралғанда, Ринчино оған жала жапты. Ринчино моңғол басшыларына: Рысқұлов - айтулы пантюркист, сонысы үшін Ленин мен Сталиннен таяқта жеді. Бірақ пантюркистігін әлі қоймай, кеше көне Көк Түріктердің ескерткішіне барып зиярат етіп, дұға оқып қайтты.

Өзі панмонголизмге қарсы бола тұрып, пантюркизмді қоздырмақ деп соқты. Қайда барса да қарсы жау табыла кетеді. Рысқұловқа алыстағы Моңғолстанда да маза бере қоймады. Мәскеу Рысқұловты Коминтерннің өкілі етіп жібере отырып, соңына Ринчиноны салып қойды. Осындай аңдысқан, арпалысқан далбаса тіршіліктің атасына нәлет дейін десе де, бір жұтым қымызды аңсайды. Ой, қу дүниенің тәттісі - ай. Сөйткен дүние, бір кем дүние, мың кем дүние Рысқұловтың атау кересіне бір кесе қымызды да қимады. Егер Қазақстанда атылса, бұл атаукере бұйырар ма еді, кім біледі, бірақ елден топырақта бұйырмайтын болды. Бәлкім, мұның моласына әруақ сыйлаған әлдекім туған жердің бір уыс топырағын әкеліп шашар еді, әттең Рысқұловқа мола да бұйырмайды ғой. Сүйегінің қайда қалғанын ешкім білмей сорлайды той. Сол қайғы.

Көкірегі қызған темір басқандай ашиды. Сол ашыған кеудесін сипалаған сайын, төс қалтасындағы қағаз қатырлайды. Бұл Әскери Коллегияның үкі–і-мі. Ө-ө–өл–і–і-м жазасына кескен ү-ү-үк-і-і-ім. Бойтұмардай қылып, төс қалтасына төрт бүктеп салып қойды. Өлім жазасы туралы үкім қағазды қолыңа ұстатқаны қандай азап. Айтпай-ақ, абайсызда - ақ атып тастай салуға болады ғой. Кім тексеріп жатыр. Жоқ, сен атыласың деп күні бұрын әйгілеп, оның куәлігін қолыңа ұстатады. Садизм деген салдақының бір түрі. Қатал түрі.

Рысқұлов сол үкім - қағазды көрге өзімен бірге ала кеткісі келді. Бірақ жерге көмгенде киімді шешіп алмас па екен деп те уайымдады. Әлде крематорияға салып өртеп жібере ме? Әттең, бұл қағазды шірімейтін құтыға салып сақтаса... Ондай құты қайдан табылмақ? Қағаз шіри ме, шірімей ме деп көп ойланды. Темір екеш темір де шіриді, қағазға не дауа?..

***

Рысқұлов машинкаға орысшалап басылған үкім қағазды төрт бүктеп, оны тағы да екі бүктеп, төрт бұрышты тұмардай етіп, төс қалтасына қайта салды. Бірақ оған да көңілі көншімей, қайтып алды. Қағаз шірімеуі керек. Өзінің өлгенінен гөрі, осы қағаздың шірігені қабырғасына қатты бататын сияқты, қараптан қарап отырып, тым әбігерге түсті. Мұны қалайда сақтаудың қамын ойлап, әбден әуре болды. Қаптап қоятын, шірімейтін зат жоқ. Өлім күтіп отырған адамның уайымы басқа болса керек еді, Рысқұлов жарықтық, басқа дүниенің бәрін ұмытып, әлгі үкімді, өлім үкімін қасиетті құрандай қастерлеп, ерніне тигізіп, маңдайына басып, тәуеп етті. Сірә, ақылынан адасты ма, онысы несі дейтіндей әбес қылық болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий