Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өзі емес, ойы ғой тыныштық таптырмай бара жатқан. «Кеңесуге» кетті. Ә, бәлкім, ішінде бір имандысы табылып: «Ау, жолдастар, мұнымыз әділетсіздік қой. Рысқұлов айыбын мойындамады ғой», - дейтін шығар. Ә, білкім, атуға емес, айдауға кесім қабылдар. Ендігі ой осы төңіректен ұзаған жоқ. Рысқұловты ой қыспағында қалдырып қинамай, әскери коллегия қаздай тізіліп, лезде кайта оралды. Олар енді креслоларына отырған да жоқ. Ульрих бірден үкімді оқыды.

«КСРО атынан КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясы мына құрамда:

АРМВОЕНЮРИСТ УЛЬРИХ,

БРИГВОЕНЮРИСТ ЗАРЯНОВ,

I РАНГАЛЫ ВОЕНЮРИСТ КАНДЫБИН,

I РАНГАЛЫ ВОЕНЮРИСТ КОСТЮШКО,

КСРО ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ РОГИНСКИЙ

ҮКІМ ШЫҒАРДЫ.

МӘСКЕУ КАЛАСЫ, 8-АҚПАН

1938 ЖЫЛЫ.

Жабық сот мәжілісі.

ҚАРАЛДЫ: РЫСҚҰЛОВ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВИЧТЫҢ ІСІ. 1894 ЖЫЛЫ ТУҒАН. РСФСР СОВНАРКОМ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ. РСФСР КЫЛМЫС КОДЕКСІНІҢ 58- 1а, 58-2, 58-8, 58-1 1 СТАТЬЯЛАРЫ БОЙЫНША БЕЛГІЛЕНГЕН КЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША...

Үкім шығарды:

РЫСҚҰЛОВ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВИЧ ЖАЗАНЫҢ ЕҢ АУЫР ТҮРІ - АТУҒА КЕСІЛСІН.

YKІM ӨЗГЕРМЕЙДІ, ҚАЙТА ҚАРАУҒА ЖАТПАЙДЫ».

Сот небары он төрт-ақ минутке созылды. Тергеу қанша ұзақ болса, сот сонша қысқа болды.

Үкімнің көшірмесін Рысқұловтың қолына ұстатты. Рысқұлов залдан шығып бара жатқан Ульрихтың соңынан: - Азамат Төрағасы! - деп айқайлады. Ульрих қайырылып қарады.

– Бұлардың бәрі сөйтеді. Енді жалынып бәле болады, - деді Костюшко.

Дегенмен Ульрих Рысқұловқа:

– Не айтасыз? - деді.

– Азамат төрағасы, ақырғы тілегім: мен жуынып алайын, - деді.

– Жуынғанмен сыртың тазарады, ал пиғылды қайтесің? - деді Костюшко.

– Да, пусть, - Ульрих қолын сілтеді. Айдауылдарға:

– Шомылдырыңдар, - деді.

***

Көптен бері жылы су тимеген денесі кәдімгідей жіпсіп, тіпті маңдайынан шып-шып тер шықты. Рысқұлов сол жіпсіген денесін сабындап, ысқылап жуынды. Жүрегінде суыл жоқ, қорыққаны, үрей буғаны білінбейді. Жылы суы, мұздай суы бар, сабыны бар ванна, түрме ваннасы – Рысқұловтың бұл жарық дүниеден соңғы көрген рахаты болды. Өз денесіне өзі таңқалады. Тек шандыр ғана қалыпты. Ілмиіп арықтапты. Қолының қары, аяғының саны салбырап, тоқсандағы кәрі адамдай сиықсыз көрінді. Рысқұлов өз түрінен өзі жерігендей болды. Тозған екенсің ғой, сорлы, - деді. «Киімі» тозған екен. «Киімін» сыпырып тастайтын кез келген екен. Бірақ жүректегі көзге ілінбес, көрінбес жан орнында.

***

Рысқұлов сөйтіп өзін-өзі арулады. Өзін-өзі жумаса, мұның сүйегіне кім түседі, кім жуындырады? Өз иманын өзі үйірді. Әйтпесе, мұның иманын кім үйіреді? Жаназасын кім шығарады? Кімге қарызбын? - деп ойлады. Алыс-жақын адамдардың бәрін көз алдынан өткізді. Ешкімге қарыз емес сияқты. Ал қарыз болғанда қайтеді? Оны қалай өтейді? Өтеуге мүмкіндігі жоқ қой.

Бұл дүниеде кімге қарыздар? Әрине, алдымен, ең алдымен анасы Қалипа марқұмға қарыздар. Бірақ бұл дүниеден тым ерте өтіп кеткен анасының қарызынан қалай құтылмақ? Ары ойлап, бері ойласа, анасына арнап ас та бермепті. Құран түсірмепті. Әжелерің Қалипа деген кісі деп балаларына да үйретпепті. Мұның бәрі, әрине, Қалипаны өзі де тым-тым аз білгендігінен шығар. Қалипа қайтыс болғанда, Тұрар небары төртке жаңа шығып еді-ау...

Өзгесің деп өзегінен теппей өсірген өгей шешесі Ізбайшаға қарыздар. Ізбайша да бақытсыз. Аласапыранда адасып қалды.

Әрине, әкесі Рысқұлға қарыздар. Тым болмаса, оның адасқан моласына белгі де қойдырмапты. Әрине, кінәлі.

Алматыдан Қордайға дейін арқасына салып, Меркеге шығарып салып, Саймасай болыс кегі үшін қанға - қан дегендердің құрығынан құтқарып қалған Ахат атасына қарыздар.

Өкіметтің қуғынынан жасырып, «Қырғызбаев» деп өз фамилиясын берген Меркедегі Қырғызбай атасына қарыздар. Оның адуынды әм шексіз мейірбан кемпірі Салихаға қарыздар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий