Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Әб-бәракәлла, бәракәлла! - десті жұрт. Бірақ әлгі ала тақия кеңірдегін соза түсіп, жауапқа қанағаттанбағанын айқайлап айтайын деп еді, қалың тобыр оның үнін өшіріп жіберді. Сөйтіп, Рысқұлов бір қатерден құтылды. Сұрақтан құтыларсың - ау, ал өз арыңнан қалай құтыларсың? Жаңа тура сұраққа тура жауап бере алмай, жалтарып кетті. Шындыққа жүгінсе - Ленин мұсылман дінін де, христиан дінін де талқандады. Яғни, дінсіз, Құдайсыз. Ал әлгі тобырға солай деп айтып көр. Тобыр сенің Рысқұлов екеніңе қарамайды.

Қош, Рысқұлов сөйтіп, Ленинді пайғамбар деді. Жұртты сендірді. Бірақ соған сенді ме? Иә, сенді. Ленин әуелі, тіпті Қазан төңкерісіне дейін: ұлттар өз тағдырын өзі шешсін, өз билігіне өздері қожа болсын! - деп ұран тастағанда, Рысқұлов: міне, пайғамбар деді. Тіпті Қазан төңкерісінен кейін Финляндияға азаттық беріп жібергенде де: о, сөзінде тұрады екен деді. Содан дәметіп қалған Рысқұлов Түркістан мен Қазақстанның тәуелсіздігін дауласын. Дауласа - дауласа 1920 жылы мамыр айында ақыры Лениннің алдына да жетті -ау, әйтеуір.

Ленин Рысқұловты туған бауырындай жарқылдап, аңқылдап қарсы алсын. Қанша батыл болса да алғашында именшектеп тұрған Рысқұлов мынандай ақжарқын адамды көріп, жолым болады екен деп, қуанып қалсын. Әрберден соң, келген шаруасын бірден баяндай алмай, айдаладағы әңгіменің жетегінде кетсін. Ленин одан емтихан алғандай, Түркістанда шаруа, дихан деп кімді айтамыз? Молдаларды қалай құртамыз? деген сияқты алдамшы сұрақтармен сиқырлап тастады. Әрине, сиқыры бар. Алдына неге келіп, неге кеткеніңді сезбей қаласың. Ә дегенде, Рысқұлов түйедей шаруамен келіп, түймедей пайда таппай, Лениннің арбауына мәз болып, құралақан шықты. Лениннің кабинетінен шығып, «Метрополь» мейманханасына оралып, диванға қисайып жатып, әлгі кездесудің нәтижесін ой таразысына салып, өзін-өзі қайрап: «ақымақ болма, алданба!» - деп түйілді.

Лениннің алдына тағы барды. Барды да әуелі Түркістан мен Қазақстанды біріктіру мәселесін қойды. Түркістан - егемен болуын, тіпті тәуелсіз болуын талап етті. Мәскеуден жіберілген «Түріккомиссия» деген қызыл комиссарларды, яғни: Фрунзені, Куйбышевті, Голощекинді, тағы басқаларын Түркістаннан қайтарып алуды талап етті.

– Неге? — деді Ленин.

– Олар сол баяғы патшаның генерал-губернаторлары сияқты. Кеудемсоқ. Жергілікті басшыларды, ТуркЦИК - тің өзін көзге ілмейді. Әкіреңдеп билік айтады. Бұлардың отаршылардан қандай айырмашылығы бар? - дейді Рысқұлов. - Түркістанға ақ патшаның орнына қызыл патша келіп, бәз - баяғыша билеп-төстеп жатқанын көріп-біліп отырған бүкіл Шығыс бұдан кейін, Кеңес өкіметіне қайтіп бүйрегі бұрады? Бұл дейтінің социализм идеясының беделін түсіріп, Шығысты, яғни Үндістанды, Иранды, Ауғанды, тағы басқаларын социализмнен безіндіру.

– Иә, мәселе, үлкен мәселе, - деп Ленин дөң маңдайлы басын қисайта қалған. - Жарайды, әкетайым, мұны Политбюроға мәселе дайындайтын комиссия құрайық. Түркістан туралы сіздің Жобаңызды да Политбюрода талқылайық. Түріккомиссияны да тыңдайық. Солай ғой, әкетайым? Жөні сол емес пе? Ә, солай, солай. Ендеше, Рысқұлов, әкетайым, бұл атүсті асығыс шешетін мәселе емес, ө – ө – т - е үл –ке - ен, ө – ө – өт - е маңызды мәселені ақылмен, сабырмен шешейік.

Рысқұлов қу қарағай төсектің үстіне қайтадан қисайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий