Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тұтқын әйелдерді Ақмоладан АЛЖИР-ге жаяу айдады. Чекистер мен милиционерлер біреулері шанаға, біреулері атқа мінген. Қыс бойы жатып, нығыздалған қасат кар күн сәл-пәл жылыған соң, солқылдай бастаған. Содан да жүру қиын. Қардан бір аяғыңды суырып ала берсең, келесі аяғын күмп етіп, түсіп кетеді. Жүріс баяу. Бәрі де бір ізбен ілбіп келеді. Әсіресе із салушыға қиын. Сондықтан айдауыл алдыңғы адамды кезек-кезек алмастырып отырады. Із салар кезек Нәфисаға жеткенде, кешегі Татарстан Совнаркомының қатыны көпке шыдамай құлап қалды. Аяғындағысы жұқа етік екен, байғұс, тойға барамын деп ойлады ма, үйінен қыстық етік те киіп шықпапты. Бәлкім, шамасын келтірмеген де шығар. Құлап қалған Нәфисаны айдауылдар шанаға лақтырып тастады.

Кезек Күләндаға келгенде ол онша шаршамаса да, Нәфиса құсатып шанаға салар ма екен деп, бір жағына қисайып барып, құлай кетіп еді, айдауыл аямастан мылтықтың дүмімен періп - періп жіберіп, қолтығынан жұлқып түрегелтті. Күләнданың ізімен келе жатқан Әзиза шыдай алмай:

– Әй, көргенсіз, ұрма! - деп айқайлады - ай. Кең дала. Дауыс ешбір тосқауыл көрмей алысқа - алысқа кетті. Әзиза Әзизаға ұқсамайды. Бұрынғыдай жылауық емес. Айдауыл:

– Ух ты, бля... - деп бұған да ұмтыла бергенде, Әзиза қарулы ғой:

– Мә саған бля... - деп айдауылды көкірегінен періп кеп жіберіп еді, анау қар үстіне тыраң етіп, құлап түсті. Мұны көрген тырнадай тізбек, орысы бар, қазағы, еврейі бар - барлық әйел ал кеп күлсін. Құдай күлкі бермей қойса, адам жарылып өлер еді. О дүниедегі тозақты көріп қайтқан ешкім жоқ, бірақ, рас болса, тозақта да адамдар бір-біріне от шашып ойнап, күле беретін көрінеді.

Бірақ бұл жарық жалғанда күлкі аз да, жылау көп. Мүмкін, жаратылыс солай ма? Неге әйтпесе анасының құрсағынан шыққанда бала күліп шықпайды, жылап шығады? Бұл дүниеге келгеніне ренжігендей сыңай танытады. Анасынан күліп туған бір бала бар ма? Әзір ондайды ешкім естіген де, көрген де жоқ.

Әйелдердің әлгі қыран күлкісі ұзаққа бармады. Аяғы аспаннан келіп құлап қалған айдауыл үстінің қарын қаға-маға қайта тұрды. Жерден винтовкасын көтеріп алды. Әзизаға қарай кезене бергенде жұрт шу ете қалды. Аттың үстінде келе жатқан ұлық чекист:

– Бобров! Перестань баловаться! - деп айқайлады. - Одан да ол асау қатынды алдына қой. Осыдан АЛЖИР-ге жеткенше жол салсын. Көрейік күшін.

Әзиза тырна тізбектің алдына шықты. Малтығып келеді. Қарайған бар ма деп мойнын созады. Қардан биік шоқ-шоқ қарағаннан басқа қарайған көрінбейді. Аспанға үңіліп еді, о да үңірейіп тұр. Суық бұлт түксиеді. Аспанды бұлт басқанда Құдай Жердің бетін қалай көреді? Қарғыс атқыр қара бұлт. Ол болмаса Құдай мына күнәсіз Әзизаның осыншама қорлық көргенін байқап қалып, мейірімі түсер еді...

Алдыға үздігіп қадала қарай берген соң, көзі бұлдырай бастады. Шоқ-шоқ қараған жайылып жүрген қой сияқты болып кетеді. Кейде шоқы - шоқы биік тау тәрізді боп көрінеді. Мәскеу түбіндегі Клязьма орманында шаңғы теуіп үйренгені қандай оңды болған. Көпке дейін шыдап бақты. Қасарысып келеді. Көзінен от жарқылдағандай. Артынша мұнарлана бастады. Мұнар сағым арасынан әлдекім бұған қарсы құшақ жая, теңіз кешіп жүзіп келе жатыр. Жақындап қалды. Құшағын айқара жайып келе жатыр. Толқын - толқын қара шашы желбіреп келе жатыр. Алтын жиек көзілдірігі жарқ – жұрқ етеді.

– Тұра – а - ар!!!

Әзиза қос қолын алдыға соза, кеуек ауаны қармап, етпетінен қулап түсті.

ТҰРАР

Мұрнына қарағай шайырының иісі келді. Мұрны әлі де иіс сезеді екен. Адамның қара тастан айырмашылығы сезімталдығында ғой. Ал түрме бастықтары тұтқынды сол сезімнен айыруға неге сонша жанын салады? Сезімнен айырса - илеуге оңай. Айтқанына көндіре береді. «Кінәсін» мойындаттыра береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий