Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Артында жан жары Әрифа, ұлдары Рәшид пен Шәміл, қыздары Әзиза мен Нәдия қалды. Қазір Әрифада, Рәшид пен Шәміл де түрмеде. Нәдия белгісіз. Әйтеуір, Әзизаның білетіні -түрмеге түспеген тек Нәдия болатын. Бәлкім, ендігі оны да ұстаған шығар.

Қазанның вокзалынан, пойыздың тұтқын вагонынан қала көрінбейді. Сыртқа шығармайды. Вагонның іші адамдардың иіс - қонысынан сасып кетті. Ертелі-кеш бір келіп, тұтқындарға өлмес тамақ үлестіретін қарауыл милиционерлердің өзі мұрындарын басып тұрады. Бірақ пенде неге көнбейді, тұтқындарға бұл иіс аса білінбейді.

Бір кезде вагонның сырғыма есігі сақыр-сұқыр сырылдап ашылды да, сырттан екі айдауыл ішке бір әйелді итеріп кіргізіп жіберді де, есік сырылдап қайта жабылды. Сол бір сәтте сырттан енген суық ауа тұтқындарға жұмақтың лебіндей боп сезілді. Бір-ақ сәт.

Айдауылдар итеріп жіберген әйел еденде жатқан біреулерге сүрініп, құлап түсті. Қатындар бажылдап, көзің жоқ па деп оны тағы итеріп тастады. Әлгі байғұс, ығыса -ығыса Күләнда мен Әзизаның қасына жетіп құлады. Күләнда оны қолтығынан сүйеп, өзі ығысып, жанынан орын берді. Бейтаныс әйел вагонның қараңғылығына көзі үйренейін деген шығар, жан-жағына қарады. Тілі байланып қалғандай, шошынып, ә дегенде сөйлей де алмады.

– Бұл Қазан ба? - деп Күләнда оны сөзге тартты. Бейтаныс әйел Күләнданың бетіне сескене қарап:

– Ие, ие, Қазан. Қаһар сұққан Қазан, -деді кекештеніп.

Сөйтсе, бұл Татарстан Совнаркомының қатыны екен. Аты Нәфиса екен. Байын бес ай бұрын ұстап, Мәскеуге әкеткен. Өзін таяуда тұтқындаған екен, енді міне...

– Қая барабыз, қая? - дейді байғұс.

– Қайда баратынымызды біз де білмейміз, - деп Күләнда жауап берді.

– Сез мұсылман қатыны бұларсыз? - дейді Нәфиса.

– Иә, - дейді Күләнда. - Орыстанған мұсылманбыз.

Әзизаның бөбегі ыңырсып қана жылай бастайды. Ауру адамның ыңырсуы. Жөндеп жылауға да шамасы келмейтін болар.

– И - и, бұл кешенің бәләкәй малайы бар? - дейді көзі шарасынан шыға жаздаған Нәфиса.

– Бар, бар, - дейді Күләнда. - Анасынан сүт шықпайды. Аш.

Сөйтсе, Нәфисаның да тоғыз айлық ер баласы бар екен. Оны өзімен бірге алдырмапты. Бөбегімен бірге келе жатқан Әзизаға қызыққан сыңайлы.

– Сез бақытлы, - дейді Әзизаға. - Минем малайым қалдылар, әниімде...

– Мен емес, сен бақыттысың, - дейді Әзиза. - Мына менің қызым аштан өледі, сенің балаң өлмейді. Анаңның қолында қалса, өлтірмейді ғой. Менің анам да түрмеде.

Кенет Нәфиса Әзизаның кішкентайына қол созып, алдына алып, омырауын аша бастады.

– Емшегім сыздай береді, сүті бар шығар, - деді.

Әзизаның қызы қыңқылдай бастап еді, сүттің иісін сезіп, тынши қалды да бөтен әйелдің төсіне басын тықты.

Осылайша тұтқындар пойызы қасиетті Орал таудың беліне шығып, Свердлов дейтін қаладан да өтті. Мағжан болса айтар еді:

Ұзын Орал - күн мен түннің арасы,

Арғы жағы жын-шайтанның ордасы,

Бергі жағы ер түріктің даласы, -

деп.

Пойыз сол ер Түріктің даласына ентелей беттеді. Жолда талай орман, дала, қала қалды. Сөйтіп, қазіргі Қазақстанның шекарасына ілігіп, Петропавловск - Қызылжар қаласына келіп тоқтады.

Сұңғыла Күләнда, оқу, білімі биік болмаса да, табиғи алғырлығы арқасында, енді осы жерде тағдыр дейтін тақсыреттің бір тармағы шешілетінін аңғарды.

– Әй, сорлығарлар, - деді ол Әзиза мен Нәфисаға. - Құдайға жалбарынып көріңдер. Осыдан пойыз тіке Сібірге тартса - құрыдық. Онда тірі қайтуымыз екіталай. Ал оңға бұрылса - Қазақстанда қаламыз. Қанша дегенмен ел ғой - өлмеспіз.

Содан ол отыра қалып, дұға оқысын. Пойыз да ұзақ тұрып алды. Күләнданың Құдайға жалбарынуы да ұзаққа созылды. Бір дұғаны - «Әлхамдүны» қайталай бере ме, әлде соншалықты көп біле ме - ол жағы ана екеуіне белгісіз. Пойыздың бел темірлері сақыр-сұқыр, вагон ары-бері ырғатыла береді.

Зарықтырып барып, бір кезде қызыл пойыз қозғалды - ау. Оның қалай тартарын аңдып тұрған бұл үшеуі ғана емес, бүкіл вагон екен, бір кезде әйелдер, әсіресе орыстар жағы:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий