Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

деуші еді Рысқұлов. Ол оны өз әкесі Рысқұлдан естіген, Рыскұл өз әкесі Жылқыайдардан... сөйте-сөйте ар жағы, арғы атасы әз Төле биге дейін, бәлкім, одан да ары жалғаса береді. Демек баянды бақыт жоқ. Байлық деген не, бақыт деген не, бала деген не? - деп сұрады дейді әз Төле биден.

– Байлық - алақандағы мұз,

Бақыт - ұзатылатын қыз,

Бала - артында қалатын із, -

депті дейді әз Төле.

Әзиза кеше ғана бақытты еді, кеше ғана Кремльдің қақпасынан ары-бері сұраусыз өтуші еді... Ендігі жатысы мынау. Рысқұлов оны ұшпаққа да шығарды. Рысқұлов оны азап аранына да түсірді. «Әкемнің өлерін білсем, бір уыс талқанға айырбастап жіберер едім» деген екен, баяғыда бір бейбақ. Сол айтқандай, заман бұлайша сайқалданып шыға келерін кім білген...

Рысқұлов тірі сияқты көрінеді. Ондай адамды кім өлімге қияды? Көп болса, соттаған шығар. Көп болса, Сібірге айдаған шығар. Бәлкім, ол да осы пойызбен келе жатқан болар...

Үміт шіркін, ой шіркін осылай өрбиді. Әзиза жан-жағына қарайды. Жан-жағы ығы-жығы адам. Бәрі - әйелдер. Басқа-басқа, осыншама әйел жау болғанда, Кеңес өкіметіне шынында да хауіп төнгені рас та шығар.

Іргесінде, вагонның қабырғасында қабысып Күләнда жатыр. Ірге жаққа әдейі жатқан. Әзизаға:

– Әй, сорлығар, емшекте балаң бар. Ірге жақтан суық соғады, мен жатайын, аз да болса, қалқан шығармын, - деген.

Бұл Күләнда. Сұлтанбек Хожановтың жан жары. Бұл да сонау ұшпақтан мына тамұққа құлап түскен міскін.

– Бізді қайда алып бара жатыр? - деп сұрайды Әзиза.

– Сен де сұрайсың - ау, мен қайдан білейін, - дейді Әзизадан гөрі кекселеу Күләнда. - Көп болса, Магаданға алып барар, одан ары Америка асырып жібермесе, қайда апарады? Магаданда да ел тұрады дейді ғой.

Ташкентте тұрса да, Мәскеуде тұрса да күндіз-түні үйінен қонақ үзілмейтін, соның бәрін атқарып, қазаны оттан түспейтін қайран Күләнда:

– Әй, сорлығар, жылама, өй, әздек неме. Байымыздың арқасында біраз дәурен сүрдік. Бір аштықтың бір тоқтығы бар. Тоқтықтың да аштығы бар. Азар болса, соның қарымы шығар. Неге жылайсың, өй, көзің аққыр? Ер-азаматтар кебін киіп кеткен жоқ, кебенек киіп кетті ғой. Соларға кесірің тиеді, жылама! - дейді. Артынша Әзизаны құшақтап, өзі де өксиді. Содан соң, аяғын ауылдың әніне ұластырып:

Сұлтанбек - ау, Тұрар - ау,

Тауда ұшқан ұлар - ау.

Алыс кетіп барамыз,

Жайды кім бар сұрар - ау, аһ, -

дейді.

Әзиза одан бетер солқылдайды.

– Ойбу, жұбатамын деп жылатып алдым - ау, қой Әзиза, сабыр қыл, - дейді. - Жылай берме, емшегің суалып қалады, қызынды өлтіріп аласың.

Осы Күләнда, сөйтіп үлесіне тиген шишақпақ қорабындай қара нанның жартысын Әзизаға береді. - Емшегің суалып қалмасын, сорлы, - дейді. Оны да Құдай осы Әзиза мен емшектегі алты айлық нәрестесі өліп қалмасын деп жолсерік қылған шығар. Тіпті әлдеқалай басқа вагонға бөлініп кетсе де, Әзизаның күні не боларын ешкім болжай алмасты. Өзің тойып отырып, итке сүйек тастағаның қайырымдылық емес, өзің аш отырып, итпен сүйек бөліскенің қайырымдылық.

Вагонның тор терезесінен, жыртық - тесігінен таң атып келе жатқанның белгісі білінеді. Біреулер: Волга, Волга десті. Сөйтсе, пойыз Еділге де келіп қалған екен. Анасы Әрифа «Ақ Идел, Ақ Идел» деп ұдайы ыңылдап ән салар еді. Сол Ак Идел осы болды. Әзиза әлі мұзы сөгілмеген өзенге тесіктен сығалап қарағанмен, шалқып аққан Еділді көре алмады. Сол - сол екен, Қазан, Қазан деген дауыстар естілді. Бұл Қазан да анасының айтуынан таныс. Әкесі барып, Әрифаны алып, аз күн қызық дәурен сүрген. Ерте кетіп қалды. Ерте кеткені де дұрыс болған шығар. Әйтпесе, мына нәубетке алдымен ілінетіндердің бірі сол еді. Өйткені оқыған ғой. Жоғары білімді. Ал оқыған, көзі ашықтар өкіметке қауіпті. Бәрін қынадай қырып жатыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий