Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:114
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.
Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Басында Қазығұрттың кеме қалған,
Болмаса кереметі неге қалған?
Сұлу кыз, көркем жігіт бәрі сонда,
Апыр-ау, неге келдім сол арадан?!
Ахау, Гүлдер – айым
Күн мен айым,
Ұшарға қанатым жоқ, неғылайын, -
деуші еді әкесі. Сонда, кейде көзіне шіпілдеп жас та келіп қалатын. Сөйтсе, соның бәрі сағыныш екен ғой. Үп-үлкен бастық болғанымен, кәдімгі Рысқұлов басымен оның да қанаты жоқ екен ғой. Ұшарға канаты жоқ...
Ал мына дүлей теңіздің ортасындағы тас аралда қалған баласы ше? Әкеде болмаған қанат балада болушы ма еді?!
Бала жүдеді. Баланы тас сорып қойды. Тас пен Холкиннің добалдай жұдырығы.
Бала байғұс, қара жұмысқа жоқ еді. Титтейінен дағдыланбаған, өмірі маңдай жіпсіп, қол күшімен күн көрмеген жан мына тозаққа шыдайтын халі жоқ. Бұған Рысқұлов та кінәлі шығар. Ұдайы ат үстінде жүріп, ұлының тәрбиесіне уақыты жете бермеген де шығар. Баланы жастан, қатынды бастан депті ғой бабаларымыз. Баласы сәби шағында Рысқұлов ылғи да сыртта жүрді. Ташкент деді, Мәскеу деді, Баку деді, Моңғолстан деді. Кейін -кейін барып, тек Әзизаның тұсында ғана қосы түзеліп, түтіні түзу шыға бастап еді.
Содан осы Ескендір ақсаусақтау болып қалған. Бұғанасы бекімей, қабырғасы қатпай жатып, бірден Жетім Шағаланың тасына түскен қандай?
Холкин таң шырай бермей жатып, бригаданы айқайлап тұрғызар еді. Тұтқындар қаракөбеңде апыл-ғұпыл асыға бастайды. Ағаш нарлар сықырлайды. Үшінші қабатта жататын Ескендір шошып оянса да, ұйқысын қимай жата бергісі келеді. Ересектер киініп болғанда ғана, бұл нардан аяғын салбыратып, есінеп отырады. Мұны көзі шалып қалған Холкин оны аяғынан сүйреп, жерге құлатып түсіреді. Ал кеп тепкілей бастайды.
– Сволочь! - дейді аузын толтырып, рахаттана боқтап, - Азиат! - дейді. - Жалқау, жабайы ит, - дейді. Холкин өзі шошқаның майын шикідей жеп жүргенде, Ескендір күміс қасықпен ішіп, зәйтүн майына қуырылған кекілік етін алтын жиек, көкшіл фаянс табақтан жегенін білмейді. Сөйте тұра, жабайы дейді. - Ух, нацмен! - дейді. «Нацмен» дегені - национальное меньшинство. Ескендір «ұлы» орыстың туған жиені екенімен де жұмысы жоқ. Орыстың жиені едім деп ол айтпайды. Ондай жағымпаздыққа Құдай жаратпаған тұқым. Әйтпесе, сондай туыстығын бұлдап, жәмпеңдеп, жарамсақтанып, онысымен қоймай, қазақты жамандап күн көріп жүргендер қаншама.
Содан Холкин балаға таңғы тамақты бергізбей жұмысқа салады. Төсектен тез тұрмағаны үшін берген жазасының түрі сол. Жалғыз дөңгелегі бар «тачка» дегені болады. Сол тачкаға тасты үйме ғып салып, балаға: «ал, айда» дейді.
Тачканы ойдан қырға қарай, үй салынатын жерге жеткізу керек. Тас шығып жатқан жер ойпаңда. Жалғызаяқ бұралаң жолда тачкасы түскір, бұлтың - бұлтың етіп, қисайып кете береді. Тачканың қос сабы болады. Қос қолдап, кеудеңді алға салып, ілгері итергенде, тачка сені кері итереді. Қарулы қол, әлуетті қайрат болмаса, тачка сені құлатып, өзіңді таптап өтуден тайынбайды.
Сол күні Ескендір екі барып келуге жарады. Үшіншіде әл - дәрмен кете бастады. Тачка бұлталақтап, сабы баланын өзін әрі - бері шайқалақтатып, жөнге көнбей, қырсық шала берді. Сөйтіп келе жатқанда, бірер тас домалап түсіп те қалды. Өліп бара жатсаң да тас түсірмеуің керек. Холкиннің бұйрығының бір түрі осы. Жолға тас түсірмей жеткіз. Түсіп қалған тасты тачкаға қайта салу мүмкін емес. Ол үшін тачканың сабын жерге қойып, қолды босату керек қой. Ал жерге қояйын десең, тачкадағы тастың бәрі ақтарылып, қол арбаның өзі төмен қарай зытады. Міне, мәселе қайда!