Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ми мұздап, сана сөніп, сезім өліп, кеудеден шыбын ұшып кеткендей, дүние - әлем қап-қараңғы тартып, еш жерінің ауырған - сыздағанын да сезбей, тұла бойы сіресіп, серейе бастаған тұста, миынан бір иненің жасуындай от жылт ете қалды. Сөніп - сөніп барып, қайтадан жылт етті де, бірте-бірте ұлғайып, сол шоқтан от тұтанып, алауға айналғандай басы ысып ала жөнелді. Ыстығы сонша, енді Рысқұловтың кайта тірілген санасы әлгі мұздай тамшыны аңсап шыға келді. Бірақ мұздай тамшы әлі де сол бір сарынмен тырс-тырс ұрып тұрған. Мұздай тамшы лапылдаған отқа айналды. Бір тозақ келесі тозаққа ұласты. Мұздап өлген қиын ба, өртеніп өлген қиын ба?

Өлім қиын емес, өлімді күткен қиын. Рысқұлов сол қиынның қиянына шықты. Құдайдан өлім тіледі. Бірақ адам итжанды деген рас екен, жаны шыға қоймады. Қыздырған табаға салып, шыжғырғаннан жаман хал кешті. Үрпіне біреу қып-қызыл, қызған темір басқандай шыбын жаны шырқырады. Бұл еркек байғұстың жыныс мүшесі неге нәзік жаратылған? Жарық дүниеге бала тудыратын, тұқым тарататын құдіретті күш емес пе еді. Сөйтсе, сол шіркін суыққа да, ыстыққа да шыдамай алдымен сорлайды екен.

Рысқұлов, сірә, жан даусы шығып, айқайлаған шығар. Бірақ оны өзі білмейді. Өзінде ес -ақыл қалған жоқ, ми өртеніп жатқанда қайдағы ақыл?! Жалғыз бір жарқ ете қалған ой: жендеттер Ескендірдің үрпіне ши жүгірткенде жаны осылай қиналған екен-ау деген тәрізді бір түйсік. Сорлы әке, өзі тозақ отына шыжғырылып тұрып та баласын ұмыта алмаса керек. Ал ұлы пайғамбарымыз Мұхаммед - ғалайссалам:

«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң тағы да анаңа, содан кейін барып атаңа жақсылық жаса!» - дейді. Солайы солай ғой, ананың жөні тым бөлек. Ал Ескендірдің анасы артына бір қайырылып қарамай, балам бар екен-ау демей, ізім-қайым ғайып болған жоқ па? Әлде қарадан жаратылған қара бала деді ме екен. Онда Рысқұловты өзі іздеп келіп неге тиген? Дүниеде біз білмейтін сансыз жұмбақ толып жатыр.

Ал мына тамшылаған суық судан от оранған әке байғұстың өлер шағында да көз алдына Ескендір елестейді. Ендеше, әкенің де әкесі бар, шешенің де шешесі бар шығар. Бәрі де айналып - айналып келгенде, иманға байланысты қасиет болар. Өртеніп өлер шағында сол қасиеттің қылтиып белгі бергені - ай...

Өрт-жалынға шыдай алмай алас ұрды. «Алас ұрды» деген өтірік сөз. Кептеу құдықта алас ұруға шамасы қайда?! Аласапыран болған миы ғана. Миының мың миллиард клеткалары, бәлкім, бұрын өмір бойы тырп етпей, ұйықтап жатқан клеткалары оттан шошып оянып, бырс-бырс етіп, күйіп кетіп жатқандай болды. Егер адамның басындағы мың миллиард клетка түгел тірі болып, тіршілік істесе, адам Құдай болатын көрінеді. Онда оның білмейтіні жоқ, онда оның қолынан келмейтіні жок. Бірақ адамдардың бәрі Құдай болып кетпес үшін, соншама клеткалардың шамалысы ғана қызмет қылатын сияқты.

Енді мына дүлей өрттен Рысқұловтың миы ботқа болып, бұрқ-бұрқ қайнаған кезде, санасына сан түрлі сурет көрініс берді. Талғар таудың баурайындағы топалаң көкпардың ішінен жарқ етіп, Рысқұл көрінді. Жаратылыстан көкжал көк бөрі болып туған Рысқұл көкпарды тулақ құрлы көрмей, өзгелерден жұлып алып, тақымына басқан кезде, небір палуан жігіттер әлгі серкені тартып ала алмады. Бір кезде Қызыл Жебе додадан оқша атылып шықты да, адырнасын аямай тартқан садақтың жебесіндей заулап ала жөнелгенде, ауа суылдап, жебе ысқырып бара жатқандай болды.

Бұл елесті Рысқұлов ұмытып қала жаздаған екен. Енді мына миы өртеніп бара жатқанда, сол суретті сақтаған клетка оянып кетіп, тұтқын сорлының көз алдынан ғажайып сурет сүрен салып, заулап өтті. Сонда алды-артына қарамай зымырап бара жатқан көк бөрі Рысқұлдың соңынан тұтқын:

– Көке! - деп шырылдап қоя берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий