Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Міне, осы Холкин Ескендірдің бригадирі. Бригадада Ескендірден басқа қырық тоғыз адам бар. Яғни, Ескендірмен елу адам. Ішіндегі ең жасы осы Ескендір. Мұны ұстағанда жасы он жетіде еді, енді Құдай аман қойса, он сегізге шықты. Он сегізінде әкесі Рысқұлов ел басқарып еді, бұл, тағдыр екен, алыстағы аралға айдауға кетіп, күндіз-түні тас тасып жүр. Жадау топырақтың арасында не көп - тас көп, үй орнындай жерді бүгін тазалап кетсең, ертең сол жердің бетіне қайтадан тас шығып жатады. Тағы тазалайсың, тағы шығады. Құдайдың құдіреті шығар, әйтпесе тас дегенің қайта-қайта шыға беретін сұңғыла шөп емес. Соноу – со - ноу алыста қалған, өзі шыр етіп дүниеге келген Сайрам суда, Манкент маңында өзбек шал қауын егетін. Қауындыққа кейбір жылы сұңғыла шөп шығатын. Сол сұп-сұр сұңғыла шөпті қанша жұлып тастаса да қайтадан қылтиып шыға беретін. Сөйтіп қауынды аздырып, ауруға шалдықтырушы еді.

Мына тастар да сондай. Таусылмайды. Тауыса алмайсың Мұнысы бір жағынан Пьянков үшін жақсы да болды. Құрылыс материал іздеп әуре болмайды. Тасты бір-біріне қалап түрмені сала бер, сала бер. Түрме дегенде, түрме де емес. Айдаудағылар тұратын жатақхана. Малқора тәріздес. Тастан салынған соң, өмірі жылынбайды. Әйтеуір, баспана. Отыз-қырық адам бір қораға қамалады. Нар дейтіні болады. Пойыздағыдай ұш қатардан келеді. Тұтқындар астыңғы, не ортадағы қатарға таласады. Оны әлі жеткендер алады. Әлі жетпегендер ең жоғарысына өрмелеп жатқаны.

Түрме дегенде, бұл аралдың өзі түрме. Бұл аралдан қашып кете алмайсың. Ең жақын жағалауға дейін жүз шақырым. Оған қайықсыз, кемесіз ешкім де жете алмайды. Ал жағадағы қайықтардың қарауылы күшті. Жақындасаң - ақ атып тастайды. Ол үшін жауапқа да тартылмайды.

Айнала ақшулаң теңіз. Сондықтан да Ақ теңіз деп атаған. Жанына жақындап барсаң -қаракөк. Алыстан шулан тартып жатады. Ал дауылды күндері аппақ ақ көбікке айналады.

Өкімет құлыпсыз түрмені осылай ойлап тапқан. Бұл жағынан кеңес өкіметі жаналық ашқан жоқ, әрине. Мұхит пен теңіз ортасындағы аралдарға тұтқындарды апарып тастау әрбір елде ежелден-ақ бар. Аты әлемге әйгілі Наполеонның өзін Атлант мұхитындағы Әулие Елена аралына апарып тастаған ағылшындар еді. Әулие Елена аралы да мына Жетім Шағала аралындай жалаңаш, төңірегі түнерген, түксиген арал көрінеді, жарықтық.

Ескендір мектепте жүргенде Наполеон туралы көп оқитын. Әсіресе Пушкиннің Наполеонға арнаған өлеңін жаттап алып, мақамына келтіре, күңіренте айтқанда, мұғалім апай Элеонора Давидовна көзіне жас ала жаздайтын. Әсіресе мына бір шумақты тебірене айтар еді:

Одна скала, гробница славы...

Там погружалась в хладный сон.

Воспоминания величавы

Там угасал Наполеон.

Мұнда да, Ақ теңізде де түнерген жартастар, тұнжыр теңіз. Тұнжыраған түпсіз теңіз бүктетіліп, ыңыранып жатып, қабағы қатулы қара жартасты қауып алып, жұтып жібергісі келгендей ызаланып жатады. Ыңыранып, жатып - жатып, кей-кейде дауыл көтерілгенде қара жартасқа шапшиды - ай келіп. Жартас сонда шайқалып кеткендей болады. Бұл тек алдамшы көрініс. Әйтпесе' жартас былқ етпейді. Тек кеудесі еу - еу болып, әжімдерінде ақ көбіктер бірінен соң бірі жыбырлап, сөніп жатады.

Неге Жетім Шағала? Құдай бір-біріне байланыстырып, бір-біріне тәуелді етіп қойған дүние. Шағалалар мына қара жартасқа ұя салады. Дауылды күндері арпылдаған толқын тым асқақтаса, сол ұяларды жұтып жібереді. Сондықтан шағала байғұс, ұясын толқын жетпейтін биікке салуға тырысады. Теңіз бір жағынан оған жау, бір жағынан - дос. Теңізсіз шағаланың күні жоқ. Теңіз шағаланы асырайды. Майда шабақ балықтарын ұстап жейді. Ал қыстың күні теңіз сіресіп, мұз құрсауға оранғанда шағалалардың қайда кететінін білмейсің.

Ескендір шағалаларға қызығады. Неге осындай құс болмадым екен деп армандайды. Құс болса... Әкесі Тұрар да елін сағынатын шығар, сол Мәскеуде, хан сарайындай үйде тұрып-ақ, кейде қолына мандолина алып, ыңылдап өлең айтар еді. Ескендір қазақшаға онша жетік болмаса да әкесінің әніне құлақ салып, сөзін де түсінер еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий