Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол - сол екен, Рысқұловтың миының қайнағаны сап тыйылды да, қайтадан көзінің алды қырауланып, тұла бойы көк мұз құрсанып, сіресіп, серейіп, әуелі тырнақтарынан, бармақтарынан жан кете бастады. Әлгіде ғана бұрқ-сарқ қайнаған миы қытырлап, мұз қатқан көдедей сырт-сырт етіп, мың миллиард клетка енді шыныдай шытырлап, күйреп жатты да, Рысқұлов қап - қараңғы, түпсіз тұңғиыққа батып кете барды.

Сол кезде, сырттан бақылап тұрған жендет кранды бұрап, тaмшыны тoқтaтты дa, құдықтaн Pыcқұлoвтың дeнeciн cyыpып aлды.

ӨМІРЗАЯ

Бүгін де күні бойы тас тасыды. Ақ теңіздің ортасында өзге дүниеден адасып қалған осы тақыр аралда не көп - тас көп. Жүздеген тұтқын тасиды, сонда да таусылмайды.

Сол тастан тұтқындардың бір бөлігі ұзыннан-ұзақ қора сияқты үй салып жатыр. Мұңда кірпіш болмайды. Бәрін тастан салып жатыр.

Мына тұрғызып жатқаны, рас болса, түрме. Түрменің үйлері мұңда көп, бір қалашық. Бірақ жетпейтін көрінеді. Өйткені жаңа тұтқындар кемемен лек-легімен келіп жатыр. Жаңа түрме салу керек.

Мұндағы бастық: өкіметке масыл болмаймыз, тұтқындар өздерін өздері асырайды депті. Сөйтіп, аралдың едәуір жерін трактормен жыртқызып тастады. Жыртқызғаны бар болсын, топырағынан тасы көп екен. Бастық екі жеп биге шықпақ болды. Егістік жердің тасын теріп тазарту керек. Әрі десе, сол тастан үй салып, түрме жасау керек. Әйтпесе, материктен, ұлы жерден, кемемен кірпіш тасып, машақат боласың.

Мұны ойлап тапқан лагерь бастығы Николай Борисович Пьянков Берияның өзінен алғыс алған көрінеді. Газет оқығандар Пьянков орден алыпты десіп жүр.

Пьянков - зор денелі, аю тұлғалас адам. Қорбиып жүрісінің өзі жерді дірілдеткендей. Бет-аузы, шоң мұрны қып-қызыл болып, бөртіп жүреді. Шекесіндегі қиғаш тыртық әсіресе шодырайып тұрады. Жуан мойнына дейін қып-қызыл. Қыстың қырық градус қақаған шағында да бөкебай салмайды. Қара тонының түймесін ағытып тастап, алшаң-алшаң басқанда, аралдың бұдан басқа құдайы жоқ екенін бірден біле бересің. Оны Пьянков өзі да мақтана айтады. «Көктегі Құдай бір Құдай, аралдағы замы Николай!» - деп тұздаған қиярдай барбиған сұқ саусағын шошайтып қояды. Дәу бас тек денесімен бірге бұрылады. Мойны өз бетінше бұрылуға келмейді. Жабайы қабан сияқты.

Бір ғалым: адамның мінез-құлқы, бет-әлпеті жеген тамағына, әсіресе етке тікелей байланысты деп өзінше жаңалық ашыпты. Мүмкін, рас та шығар. Пьянков та шошқаның тоң майын жейді. Қара нанмен қосып, бұралақтап ұрады. Әрине, айғыр стакан арақтан соң. Оған қосатыны, тек пияз иісі, шошқа майының иісі мүңкіп тұрады.

Әлбетте, Пьянков аралдың әкімі болғанда, оның орынбасарлары, көмекшілері де көп. Бәрі бірдей Пьянковтай зор болмағанымен, кілең әйдіктер. Олар да сол Пьянковқа ұқсағысы келеді. Ол қалай киінсе, қалай жүріп-тұрса, құзырындағылар да солай жүруге тырысады.

Лагерьдегілер кәдімгі колхоздағыдай бригада - бригадаға бөлінген. Әрқайсысының бригадирлері бар. Ескендірдің бригадирі Холкин деген еді. Кирилл Трифонович. Бұл да еңгезердей. Бұл да шоң мұрын. Бірақ көзі бітіктеу. Бітік болса да ызғарлы, тұз көз. Шашын «бокспен» қойдырады. Еңбегінде ғана кекілі бар. Басқа жағы тықыр. Көк тықыр бас желкесіне қарай қатпар-қатпар болып барып жығылады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий