Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал Рыков болса, марқұм Лениннің орнында отыр ғой. Рысқұлов патша кезінде басталып, Әулие - Атаға жетер-жетпес тоқтап қалған темір жол құрылысын ары қарай жалғастыруды ұсынды. Бұл жол бітсе, орасан байлықтың күретамыры болатынын дәлелдеді. Рыков ақылды кісі еді, Сталинді көндірді. Көндіріп қана қойған жоқ, жол құрылысына қыруар қаражат бөлдірді. Соның бәрін Рысқұловтың қолына аса беделді өкілеттікпен бірге тапсырды. Рысқұловқа жеке вагон Рыковтың пәрменімен берілді. Еңбегіне қарай ембегі деді. Рысқұловтың еңбегі зор еді.

Еңбегің қанша зор болса да, осы бір жөнсіз жарқылдақ вагон саған керек пе еді, Рысқұлов? Жөнсіз жарқылдақты жақтырмаушы едің ғой. Әкең Рысқұл мінбеген вагон, бабаң Жылқыайдар түсінде де көрмеген вагон. Арғы ата-бабаларын Қарақұл, Әлімбек, Алсай - Сары, - Сәлік - Шілмембет - Бекболат - Шымыр - Дулат - Бәйдібек; қасиетті анаң -Домалақ естіп - білмеген вагон. Арғы-бергі әулетіңнен мұндай астын-үстін айналап тастаған үйде кім тұрған?

Бәрін Құдай қылат та... Әйтпесе, мамық төсек, құс жастық пен тас төсектің арасы бір-ақ қадам болғаны ма?

Әурелікке жаралған фәни адам,

Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам, -

деуші еді ғой баяғылар. Осындай - осындай асыл сөздердің бәрі баяғыда айтылған. Бұрынғы ата-бабалар бүгінгі мәңгүрт ұрпақтарынан анағұрлым ақылды болған-ау, сірә.

Әсіре қызылға қызықпаушы едің-ау, Рысқұлов. Төле би бабаң айтты деген сөз бар еді: «Жеттім деген жығылар, толдым деген төгілер», - деген. Болдым - толдым деген жаман. Аяз атаң айтқан жолмен жүре берсең көр болмас едің ғой. «Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл» дегені қайда әулие атаңның. Ол кісі хан болғанда да босағасына жаман шапанын іліп қойыпты ғой. Ал сен, Рысқұлов, мына алтынмен аптап, күміспен күптеп тастаған вагонның маңдайшасына баяғы «Қырғызбаев Тұрар» болып жүргендегі жыртық жейдеңді неге іліп қоймағансың? Отыздың ортасына келгенде, он сегіздегі қызды іздеп, қызметіңді тастап, Көкшеге келгеніңе жол болсын. Айбының артық екен, ешкімге дес бермеген, бас имеген сұлу қыз алдыңа өзі келгені - ай.

Ішпей-жемей тоятын әдемі үстелдің үстіне аппақ дастарқан жайылды. Үстел үстіне Әзиза Түбекқызы туасы көрмеген тағамдар қойылды. Кекіліктің еті дейсің бе, балғын бұзаудың еті дейсің бе, алтын түстес апельсин, банан дегенді Әзиза кітаптан оқығаны болмаса, көзбен көріп отырғаны осы. Шоколадтың шырыны да осында. Алтын түстес шампан, жеңіл шарап, өте қымбат коньяк та бар екен. Оны Ескендірден басқасы ішкен жоқ. Арақ көрінбейді. Арақты Рысқұлов жек көруші еді.

Тамақтан дәм татып, бірер бокал шампан ішілген соң, Ескендір: «Қазір келем», - деп жылдам шығып кетті. Сол кеткеннен мол кетті. Вагонда бір қызметші мен Тұрар, Әзиза екеуі - ақ қалды. Қыз әуелі бұл оңашалықтан сескенген. Сөйтсе, онысы бекер екен, Рысқұлов қыздың үй ішін, күн көрісін, оқуын әсіресе тәптіштеп сұрады. Қазанда оқу бітірген, қазақ зиялылары алғашқы қарлығаштарының бірі әкесі Түбек Есенғұлов марқұм болып кетіпті. Анасы Әрифа екі қыз, екі ұлмен қалыпты. Тұңғышы осы Әзиза екен. Інілері Рәшит пен Шәміл, сіңлісі Нәдия әлі мектеп оқушылары көрінеді. Сонымен, әлі іске жарап тұрған азаматы жоқ, жетімектеу отбасы шалақұрсақ қоңыртөбел күн кешіп, бір Құдайдың рақымына қарап қалған сыңайлы.

– Енді осы оқуды тезірек бітіріп, жұмыс істеп, шешем, екі інім мен сіңліме қарайлассам... -деді қыз мұңайыңқырап. - Әйтпесе, Рәшит оқуын тастап, қара жұмысқа тұрам дейді. Оқуын тастап кетсе обал ғой, - деп қойды.

Сонда Рысқұлов бір үйге әке орнына әке болғысы келген мына жап-жас қыздың талабына Құдайдай табынып, тәнті болды. Бұл қызда Құдай берген көрік қана емес, үлкен адамгершілік мінез, иманға бай қасиет бар екенін сезіп, ынтық көңілі лапылдай түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий