Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Неткен әділетсіздік! - деп Рысқұлов күйіп кетті. - Не жазығым бар еді? Болмағанды болды деп, істемегенімді істеді деп... Түркияның, Жапонияның, Германияның шпионы екенмін. О, атасына нәлеттер! Бұл не қорлау?! Рысқұлов - шпион! Не деген жала! Күйелегісі келсе, қаралағысы келсе, басқа бір желеу табуға да болады ғой. Бәрінен де шпион дегені күйдіреді. Әлде күйдіру үшін, жүйкеңді мүжіп жеу үшін әдейі қорлай ма екен?

– Құдайдың өзі де пайғамбарларды сынаққа алады екен ғой. Білуші едің ғой. Ибрайым пайғамбардың өзін күйзелтіп, Құдай одан баланды құрбандыққа шал деп талап етпеуші ме еді. Ибрайым Құдайдың айтқанын екі етпей, жалғыз ұлың пышақпен бауыздайын деп енді оқтала бергенде, Құдайдан парман келіп: - Тоқтат! - демеуші ме еді. - Баланы бауыздама, бір қошақан шала сал! - демеуші ме еді. Иов пайғамбарды да қанша азапқа салды. Ақыры адалдығына көзі жетіп, Құдай оларды жарылқаушы ма еді. Кім біледі... біз де сондай шығармыз.

– Мұның бәрін бала күнінде марқұм әжең Елизавета Петровна үйреткен ғой саған. Солай болса игі еді... Егер қазіргі Құдай

Сталин болса, ол менің адалдығымды сынау үшін осындай азапқа салып қойса, онда ондай Құдайдың атасына нәлет! Ал шын Құдірет, шын Құдай бар болып, соның сынағында жатсам, онда мен шындық үшін бәріне де көнер едім. Бірақ ондай қайдан болсың...

– Жылама дедің, Ескендір. Жарайды, көзімнің жасын тыярмын. Ал қан жылаған жүрегімнің жасын қалай тоқтатайын? Шешесі босанып, түрмеде жатса, құйтақандай Сәуле қайда қалды? Әжесі де түрмеде. Соня байғұс не болды екен? Ақы төлеп, жалға алған пианиносын да алып қойған шығар? Оған мен хат жазып едім, қолына тиді ме екен? Сабағыңды жақсы оқы, пианиноны тастама деп едім...

– Әке, - деді Ескендір басын көтеріп, өз бойына өзі ие болғандай әл кіріп, даусы жігерленіп. - Әке, уайымшыл екенсің ғой.

Рысқұлов бір мезгіл: «Мынау өзі мейірімсіз боп қалған ба?» - деп ойлады. Өзгеден мейірімсіздік көрген жан қатыгез болады. Сонда Ескендір қарындастарының халін ұмытқаны ма? Шешеден бөлек болса да, әкеден бір туған емес пе?!

– Мен балажанмын ғой, Ескендір. Соняны, Сәулені қалай аямасқа? Майя... Мен жұмыстан келгенде алдымнан құлдыраңдап жүгіріп шығатын. Сәуле... қалай енді?

– Әке, оның бәрін ойлап, күйзеле берсең, ұзаққа бармайсың, күйрек боласың. Күйрек болсаң, ана Глебов оп-оңай сындырады. «Шпион» екеніңді мойындайсың. Сонда сен аяп, емешегің езілген Соня, Майя, Сәуле өмір бойы «шпионның» қыздары атанып жүргені жақсы ма? Солай ғой? Дүниеге түрмеде туып келгені тағы бар.

– Не деп кеттің, құлыным! Енді қайттім? Не істеймін сонда?

– Мойындама. Жана мені олар азаптағанда есіңнен танып, бәрін мойындап, қол қоюға шақ қалдың. Мойындаймын, қол қоямын деп уәде де бердің. Осалдық осындай болады. Мойындама. Болды.

– Айту оңай, құлыным, сені тірідей сойып, іреп жатса, мен безірейіп тұруым керек пе?!

– Безірейіп қал. Сонда олар мақсатына жете алмай, жеңіледі. Рухани жеңіледі. Жанна Д' Арк сөйткен. Оны өртеп жіберсе де бәрін жеңді.

Осы кезде дәлізден тасыр-тұсыр дыбыс естілді. Әзірейілдер тобы жақындап қалды.

Адамға ажал төнгенде жаналғыш Әзірейіл тасырлатпай-ақ, айналасын азан-қазан қылмай-ақ, ың-жыңсыз келеді де, керегін алып кете береді ғой.

Ал енді мына Әзірейілдің қаңғыр-құңғыр, салдыр-сұлдыр салып, тасыраңдап келе жатқанын сезіну өте ауыр - ақ. Әке мен бала, қылыштамаса ажырамастай, жабысты да қалды. «Өлімнен қорықпа, - дейді бұрынғы бір ақсақал, - өлгенше ғана қорқынышты, өлген соң ештеңе де сезбейсің, түк те қорқынышты емес». Солайы солай-ау, бірақ қанша батыр тусаң да, ажал жарықтықтың түсі суық. Азап одан да еткен.

Әке мен баланың үрейлі көздері есікке қадалды. Темір есік қыңсылап, қиналып барып ашылды. Глебов пен серіктері: тұтқындар не істеп отыр екен? - дегендей есік көзінде тосылып тұрып қалып еді. Әке мен бала дауылдан ықтағандай біріне-бірі жабысып, көздері үрейлене жылтылдап, міз бақпай қалыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий