Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонда Рысқұлов пен Ескендір Тынышбаев Алматыдан шығып, Семей асып, Барнауылдатып, Жаңасібірді айналып, одан Солтүстік Қазақстанның астанасы Петропавл - Қызылжарға соғып, Көкшетауға осындай бір Магелланның жолымен жетіп еді - ау. Бір тәуірі - Рысқұловтың жарқ-жарқ еткен жеке вагоны бар. Тамақ тоқ. Рысқұлов Мәскеуден «Востоккиноның» «командировкасымен» келе жатыр.

Рысқұловтың вагоны Көкшетау вокзалының басында, тұйық жолда тұр. Күн жауын, жер лайсаң, асфальт жоқ, тілерсектен батпақ. Аяғындағы туфлиін аяса да Ескендір амал жоқ, жорыққа шықты. Рысқұлов вагонда қалды. Ескендір әлгі қызды ал кеп ізде. Сұрай-сұрай тапты - ау. Сөйтсе, бір татардың үйінде пәтер жалдап тұрады екен. Қыз үйде жоқ екен. Кешікпей келіп қалар деп үміттендірді үй иесі. Ескендір далаға шығып, көше бойын көзімен тінтіп, а Құдайлап тұрғанда, тілеуіңді бергір Әзиза жарқ етіп, бір бұрыштан шыға келді. Аяғында резіңке етік. Резіңке етіксіз жүру мүмкін емес.

– Мұнда қайдан жүрсің? - деп таң қалды Әзиза.

– Сені айттыра келдім.

– Кімге, өзіңе ме?

– Жоқ, үлке – е - ен кісі.

– Кім ол «үлке – е - ен» кісі?

– Жүр, көресің.

– Осы түріммен бе?

– Алтын батпақ ішінде де жалтырайды.

Әуелі Әзиза біраз тулап бақты. Ескендірге: - Біреуді жарылқамай-ақ, алдымен өзің үйленіп алмайсың ба? - деп күстана айтты.

Ескендір едәуір састы. Соноу Алматыдан алты күн жүріп жеткенде, мына қыз бұлданып, шынымен көнбей қойса, ұят болды-ау деп қысылды. Өлердегі сөзін айтып жатып, Әзизаны үйден алып шықты-ау, әйтеуір.

Бағы ма, соры ма, Әзиза тәуекел деп Ескендірге ілесті. Сол жолы ер-тоқымын бауырына алып туласа, аулақ жүр десе, Рысқұловпен көрісуге көнбей қойса, кім біледі, Әзизаның өмірі мүлде басқа арнаға түсер ме еді, отыз жетінің қаһарына ұшырамай, басқаша, мамыражай, тыныш ғұмыр кешер ме еді... Сол жолы... Көкшетауға практикаға Нәйлә келіп, бұл Украинаға кеткенде ше... Сол жолы Украинаға практикаға кеткен Нәйлә кейін – кімсің - академик Базанова болып асқақтамады ма... Нәйлә академик атанған кезде, Әзиза Алжир дейтін елде не көрмеді?! Тағдыр деген тас маңдай жазу, солай шығар...

Не десең, о де, әйтеуір сол жаңбырлы жаздың кешінде, Ескендір Тынышбаев Әзиза Түбекқызын Көкшетау станциясында, оқшау жолда, жеке-дара, жарқырап тұрған Тұрар Рысқұловтың вагонына әкеліп ендірді.

Тұйықта тұрған вагонның баспалдағына аяқ артудың өзі киын болды. Күміспен қаптағандай никельдеп тастаған аппақ тұтқа, кілем, сандал мен емен ағаштан қиылған қабырға, айнала жарқ-жұрқ еткен айна... төбеде құлпырма күлімкөз шамдалдар...

Әуелі кірерін кіріп алып, қалай қайтып шығып кетудің амалын білмей, Әзиза басы айналып қалғандай болды. Жұлығынан батпақ етікпен мына кілемді қалай баспақ? Артынан итермелеп, жүр-жүрлеген Ескендір болмаса, кері қарай тұра кеп қашпақ. Ескендір оның есін жиғызғандай:

– Етігіңді шеш те, туфлиіңді киіп ада сал, - деді.

Рысқұлов та тағатсыздана күтіп отыр екен, шіренбей-ақ, бәйек қағып алдарынан шықты. Мейман қыздың плащын өзі алып, іліп қойды. Аса бір ілтипатпен өтініп, Әзизаны купеге шақырды. Рысқұловтың вагоны өзге вагондарға ұқсамайды екен. Мынау кәдімгі үй сияқты. Ас үйі, асханасы, жатын жері, қонақ бөлмесі, тіпті бильярдына дейін болады екен. Қайда қарасаң да арқалығы биік креслолар. Отыра берсең былқ етіп, сүңгіп кетесің. Былқылдақ диван, мамық төсек...

Рысқұлов та дәуренді сүрсе керек. Рас, өз үйінде емес, қызметіндегі кабинетінде емес, әсіресе осы Түрксібті басқарғалы бері. 1926 жылы Рыковке орынбасар болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий