Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Өзін біл. Жаңағы - жаңағы ма? Одан да зорын көремін десең, қол қоймай-ақ қой.

– Глебов, мен ойланайын, есіме түсірейін, ал әзір мені мына баламның камерасына қама. Не болмаса Ескендірді менің камерама алдыр. Өлсе - өлігін көрейін, өлмесе біразырақ қасында болайын. Тағдыр Рысқұловтар пешенесіне солай жазған шығар: баяғыда мен де әкеммен бірге бір камерада жатып едім. Енді бір сәтке мен де баламмен бірге болайын. Өтінемін сенен...

Глебов, жеңімпаз Глебов бір мезгіл кеңпейіл болғысы келді ме, жоқ әлде шыннан көңілі жібіді ме, Рысқұловтың бұл тілегін орындап, Ескендірді Рысқұловтың камерасына алдырды да, есікке күшейтілген қарауыл қойып, өз кабинетіне кетті. Жұмысы қатты, жұмыстан о да шаршайды, біраз тыныққысы келген шығар, сөйтіп үзіліс жариялады. Жоғарғы қабатқа көтеріліп, киімін шешіп, жаңбырлы суға шомылды. Өзінің тыр жалаңаш денесіне көз салды. Көз алдына Ескендір келді. Сүндеттелген. Ескендір сүндеттелген. «Ух, басурман» деді. Өзінікі бүрік еді. Бүрігін түріп, қызарып тұрған үрпіне үңілді. Ойша ши жүгіртіп көрді де, тұла бойы түршігіп, дір ете калды да, өзіне өзі «дурак» деді. Бір сәт сезімге берілгені үшін, өзін-өзі қатты күстаналады. Аяушылық сезімді аластап тастамақ болып, суды сарылдата ағызып, үсті-басын жөкемен ысқылай берді, ысқылай берді. Құдай тазартпаса, өзін-өзі тазарта алмайтынымен ісі жоқ. Ақ сейсепке оранып отырып, салқын сыра ішті. Жаны кіріп, рахаттанып отырғанда, көмекші келіп: «Ежов жолдас шақырып жатыр», - деді.

***

Ескендірді алдына алып, былқ-сылқ еткен басын құшақтап, маңдайынан, бетінен сүйіп, шашын сипалап, аймалап, өбектеп, асты-үстіне түсіп, жаны қалмады. Ескендір ұзақ талмаусырады. Тек Рысқұлов баласының көбесі сөгілген тырнақтарын сипалап сүйгенде ғана, Ескендір ыңырсып, кірпігі қимылдап, көзін ашқандай болды.

– Мен үшін тозаққа түстің, ұлым, кешір мені.

Ескендірдің кезерген, домбыққан, көнектей ерні қыбырлады. Не айтқанын әкесі ести алмады.

– Мені естіп жатырсың ба, ұлым? - деді Рысқұлов. Баласының кірпігі мен ерні қимылдады - —Естісең, тыңда. Екеумізді бұлай бірге отырғыза бермес. Әлгі жендеттер кешікпей келер де, бізді ажыратар. Соңдықтан тыңдап қал: мен жау емеспін. Бәрі жала. Бірақ менің тірі жүргенім - әлдекімдерге тиімсіз. Өмір деген хайуандар дүниесінен де қатал. Өзім өшкеніме өкінбеймін, бірақ жазықсыздан жазықсыз сендерді азапқа салдым. Жаныма сол батады. Тыңдап жатырмысың, Ескеңдір? - Баланың қанталаған ерні тағы қыбырлады. -Мені тірі қалдыруы неғайбыл. Тәрізі солай. Тек протоколға менің қолым қойылмай тұр. Сол үшін мына иттер жанталасып жатыр. Осы уақытқа дейін шыдап келдім. Бірақ сені азаптағанына шыдай алмаймын. Сені азаптан құтқару үшін, енді неге болса да қол қойып, мойныма ала беремін. Бұлар сені ғана емес, Әзизаны да, Әрифаны да қамап қойыпты. Әзиза босаныпты. Кішкентай қарындасың бар көрінеді. Түрмеде туған сорлы. Сені қамаған бұлар Рашидті де, Шәмілді де тұтқындаған шығар. Осыншама бейкүнәлардың не жазығы бар? Бәріңді тозаққа салып қойғанша, мен құрбан болайын. Сонда сеңдерді тірі қалдырар. - Рысқұлов алқынып, өкпесі қысылғандай деміге жөтеліп, сөзін жалғады: -Ескендір, бауырым, саған жақсы әке бола алмадым, білем! Кеш мені!

Ескендір ыңырсыды. Не ойлағанын айта алмайды. Ажал аузынан қайтқан, бәлкім, әлі ажал аузында жатқан ұлына Рысқұлов ұзын-сонар әңгіме айтып текке әуре болып отыр ма? Бірақ айтпасқа амал жок. Енді кайтып тағдыр бұлардың басын қоса ма, жоқ па - беймәлім? Қайтсе де қазір айтып қалуы керек. Баланың санасына жетпесе, тым құрыса мына тас меңіреу қабырғалар естісін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий