Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол - сол екен, қарсы камераның есігі жүйкеңді жұлып жегендей шықырлап барып ашылды. Глебов Рысқұловты тақтадан ұшырып түсірді де, жендеттердің көмегімен дырылдата сүйреп, есіктің табалдырығына алып келді. Қарсы камерадан да көкпардай тартқылап әлдекімді есіктің көзіне жеткізді. Әлгінің басы салбырап, жүзі көрінбейді. Екі қолтығынан екі жендет сүйемесе өз аяғынан тұра алатын түрі жоқ.

– Бетін көрсет! - деп ақырды Глебов қарсы камерадағыларға. Жендеттің жүндес қолы тұтқынның ұзын шашын уыстап тұрып, кері тартып қалғанда, кегжең етіп, әлгі пенденің басы жоғары көтерілді. Көнектей болып ісіп кеткен беттегі көздер көрінбей жұмылып қалған. Әлпеті адам танымастай.

– Танисың ба? - деді Глебов Рысқұловты бүйірден түйіп қалып. - Өз баланды өзің танымай не көрінді саған кәззап!

– Ес – кен - дір! - Бұл Рысқұловтың жан даусы еді. Өлі екені белгісіз, тірі екені белгісіз тұлып сияқты денеге кенет жан біткендей қыбыр-қыбыр қимылдап барып:

– Папа... - деген үн елегізіп естілді. Барбиып ісініп, бір-біріне желімденіп қалған еріндері әрең қозғалғандай болды.

– Мына иттер сені не күйге салған, құлыным!

Рысқұлов ышқына ұмтылғанда жендеттердің әлуетті қолдары да шыдас бермей, Рысқұловтан ажырап қалды.

Екеуінің арасы екі-ақ адым еді. Екі араны тас дәліз бөліп тұрушы еді. Бір адамның денесін қақ бөліп, екі жартыны екі тас камераға қамаған екен. Енді сол қақ бөлінген екі жарты бір бүтін болып, қайта қабысайын дегенде, тасжүректер әл бермей, Рыскұловты кері сүйреп әкетті.

Адам неге ақ аю сияқты болмайды екен? Сірескен көк мұз, ақ кардың үстінде екі аю кездесіп қалады. Біреуі әкесі, біреуі баласы. Бірақ екеуі бір-біріне маңқиысып қарап тұрып-тұрып, екеуі екі жаққа ажырап кете барады. Енді қайтып бұлар мына шексіз-шетсіз мұз дүниесінде кездесе ме, кездеспей ме - белгісіз? Бірін бірі іздемейді де, сағынбайды да. Табиғат қатал дүниеде қатал жаратқан хайуанат.

Ал Рысқұлов дәл қазір атып жіберсе де, Ескендірін, шала - жапсар болған Ескендірін бір құшақтап, бауырына баспақшы еді, қатыгез дүние қос көрмеді. Ол - ол ма, жендеттер Рысқұловтың көзінше баланы тозақ отына шыжғыра бастады. Бұдан гөрі, Рысқұловты бірден атып-ақ тастағаны да онды болар еді. Бірақ жендеттер одан ләззат ала алмас. Адам баласы қоғамында садизм деген ұғым бар. Адамды адамның азаптауынан жаны рахатқа бататын сұмдықты солай деп атайды. Біреу әйел сүйгеннен ләззат алады, біреу арақ ішіп, наша тартып рахат табады. Ал садист найсап адамды неғұрлым ерекше азаптаса, соған сүйсінеді. Глебовтap сол тұқымнан еді.

Глебов енді Ескендірдің қасына өзі барды.

– Айтшы, Ескендір, ақылың бар ғой, мынау әкең немістер мен жапондардың шпионы екені рас қой, ә? - деп аярлана қалды. Бала тілі күрмеуге келмей:

– Па - па, не дейді мыналар, рас па? - деп әрең үн қатты.

– Сенбе, Ескендір! Сенбе, бауырым! Сенбе, балам! - Рысқұлов әр сөзін ышқына, ең ақырғы сөзіндей өзеурей сөйледі.

– Мен саған сенемін, па - па...

Сол - сол екен, Глебов иек қағып қалып еді, алпамсадай жендеттер Ескендірдің қолын бұрап, тырнақтарының астына ине сұққылай бастады...

Баланың беті ніл тартып, көкпеңбек болып, су жұтып, тұншыққандай болып тұрды да:

– Па... - деп шыңғырғанда тас меңіреу қапастың өзі қақ жарылғандай, азап шеккен адам емес, дүн-дүниені жаратқан Құдайдың өзі қорланғандай, қорқаулардың өзін қорқытардай үрейлі естілді.

– Глебов! Баланы қой, мені азапта, жалбарынамын, - деп жалынды Рысқұлов. Ол енді қанша бұлқынса да қимылдай алмас қолдар құрсауында қалған.

– Ә, солай ма, бәлем! - деп ыржия сүйсінді Глебов. - Сені әлі бұлбұлдай сайратамын, сайқал сайтан. Кеңес өкіметімен ойнаған қандай болады екен, көрсетейін саған.

– Глебов! Сен де әке шығарсың. Сенде де бала бар шығар. Адам едік қой, азаптама баланы, жалбарынамын, Глебов.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий