Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Не тілегіңіз бар? - деді.

Рысқұлов Нейманды аяғандай жәй ғана мырс етті. Сені мен менің обалым осындай кезеңге тап қылған тағдырға деді. Жендет болуға табиғаты тартпайтын бұл жігіттен не тілемек?

– Менің Ежовқа жазған хатымнан жауап болмады, - деді Рысқұлов, неге жауап болмайтынына енді көзі жетсе де.

Нейман иығын қиқаң еткізді. Нейман қайдан білсін? Глебовқа тапсыруын тапсырған. Одан арғысы бұған беймәлім.

– Әрине, оны сіз білмейсіз, - деді Рысқұлов оның шарасыздығына өзі кінәлі болғандай. -Тілек. Тілек жолы қиылды ғой. Әйткенмен, кім білген? Мүмкін болса, маған қағаз-қалам беріңіз. Қызыма хат жазайын деп едім.

– Бұл мүмкін, - деп Нейман Рысқұловқа орындық ұсынды.

Үстіндегі баяғы шевиот костюмі умаждалған, көйлегінің жағасы кірлеген, сақал-шашы бұрқырап гүлдегендей бурылданған Рысқұлов бір парақ қағазға қадалып отырды да, хатын бастады.

«Айналайын, алтыным Соня! (Надядан туған қызының аты София еді ғой, соны еркелетіп Соня, Сонечка деуші еді). Мамаң екеуіңе сәлем жолдап отырмын. Денсаулығың қалай? Оқуды қалай аяқтадың? Ескендір сендермен хабарласып тұратын шығар. Менен қам жемеңдер. Партия не десе, сол болады. Менің денім cay. Ақылды бол, айналайын. Оқуыңды жақсы оқы. Әрине, тұрмыстан тарығарсыңдар. Әзірше менен қайран жоқ. Бірдеңе етіп амалдай тұрыңдар, шыдаңдар.

Сонечка! Сенің музыка мектебін тастамауыңды қалар едім. Пианино үшін ақы төлеу де оңай емес, бірақ әзірше амалдап ұстай тұрыңдар. Таза ауаға шықпай, қалада қамалып қалғаның да жаныма батады. Бірақ мұндай халге душар болған жалғыз сен емес, бүкіл Рысқұловтар әулеті ғой, амал қанша... Қалада кәрі-жасы бар мыңдаған адамдар тұрып жатыр ғой. Қайткенде де мамаң екеуің тым құрыса, паркке барып жүріңдер. Үйден шықпай тұмшаланып қалмаңдар. Мамаңның халі қалай? Денсаулығы мәз емес еді ғой. Басқа жұмысқа ауысқан жоқ па ?

Айналайын Сонечка! Сен маған егжей-тегжейін айтып хат жаза гөр. Әрине, бейсеубет бөтен сөздің керегі жоқ. Үй іші, отбасының жағдайын жаз. Aдрес: КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариаты. 590 «а» бөлме. Б.И. Нейман жолдасқа. Ал ол болса хатыңды оқып, маған тапсырады. Сондықтан конверттің сыртына соның фамилиясын жаз. Емтиханда қандай сабақтан, қандай баға алғаныңды, музыка сабағынан не алғаныңды жаз! Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Демалысқа шығар алдында сендерге барып, шаш қырқатын машинканы алып кетіп едім. Егер Селезнев сұрай қалса, машинканы папам әкеткен дерсің.

Ағаң Ескендірмен көрісіп тұрыңдар. Ал, қызым, аман бол! Тәңірі саған жар болсын! Мамаңа сәлем айт.

I. VII. Папа.

Парақты бүктеп, сыртына: «Мәскеу, Кропоткин көшесі, 17-үй, 61-пәтер. С.Т. Рысқұловаға» деп жазды.

Нейман хатты оқып шықты. Біреудің хатын оқу әдептілік емес, тіпті қылмыс. Бірақ бұл мекеме Заң дегенге пысқырмайды. Қайта Нейманның танысқаны дұрыс. Басы артық сөз айтылмауға керек. Мысалы, Рысқұлов жанындай жақсы көретін перзентіне: халім нашар. Глебов деген жендет бар. Ұдайы ұрып, есімнен тандырып тастайды, - деп жазса, не болмақ? Ұят қой. Өлім ғой. Ол қызға мұғалімдер сағат сайын: совет адамдарынан бақытты ешкім жоқ, - деп жақтары талғанша айтпаушы ма еді. Кеңестің заңы ең әділ заң. Оған дүниеде заң жетпейді демеуші ме еді.

Ендеше, түрмедегі ондай - ондай «майда - шүйдені» сыпсыңдатып сыртқа шығармау керек.

Нейман хатты қарап шығып, жағын таянып отырып қалды. Бұл неғылған адам, Рысқұлов? Не істесе де, не десе де партияныкі әділ дейді. Шыны ма? Сонда өзін кінәлі санағаны ма? Мынаны Глебов оқыса - қылмысыңды мойындадың демей ме. Егер Рысқұлов өз қызына пианиноны жалға ақы төлеп алып берсе, пианиноны басы бүтін сатып алуға ақшасы жетпегені ме? Ескендір деген ұлын жазыпты. Қызына Ескендірмен кездесіп тұр депті. Білмейді ғой сорлы, сол Ескендірінің қазір осы түрмеде отырғанын. Мүмкін, жаңа Глебов соның камерасына кеткен шығар. Спектакльдің көкесі әлі алда. Оны да білмейді мына Рысқұлов.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий