Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұловпен тағдырлас болған, қазір де көрші камераларда жатқан тұтқындардың көбінің осал жері - олар мына қорлыққа шыдамайды. Рас, шыдағанынша шыдайды, бірақ көп ұзамай рухы сынып, шыдамның бел омыртқасы күйрейді де, Глебовтар салтанат құрып, жеңіске жетеді. Жауды әшкерелеп, қылмысын «мойындатқан» сайын Глебовтың шені өсе береді. Ол осы таяуда ғана полковник болды. Ендігі арманы генерал болу. Арман да арақ сияқты - алдандырып, санаңды уландырып, адамды тәубасынан жаңылдырып, тойымсыздыққа жетелейді. Глебов генерал да болар. Ал содан кейін: болдым, толдым деп, тоқтар ма екен? Жоқ! Одан ары ол Ежовтың орнын армандамасына кім кепіл? Егер Ежовтың орнына ертең Глебов отыра қалса, оған да таңданудың керегі жоқ. Егер Глебов сонымен тоқтап, «қанағат» десе...

Дүниенің дүние болып дөңгеленіп тұруы - қанағатта. Бірақ көп адамдар қанағатты білмейді. Содан да барып қазақтар: «Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді» деген мақал шығарған. «Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады» дегенді де қазекем айтқан. Қанағатсыз жан Құдайдың мансабын армандайды. Дүниеден талай-талай патшалар, императорлар өтті. Талай Нерондар кетті. Қолы жетпеген жері жоқ, бәрін де алды. Бірақ Құдайдың орнын ала алған жоқ. Айналып келгенде, солардың бәрі жендеттер. Ендеше, Глебовтан несі артық? Глебов - жендет.

Жендет Глебов Рысқұловты местей қылып тепкілеп - тепкілеп, ақыры өзінің сілесі қатып, орнына барып отырды да, Нейманға:

– Су әкел! - деп ақырып қалды.

Шөлдеп қалыпты. Қаншама күш кетті. Шахта астынан қайламен көмір қазғандай қалжырап калды. Бірақ Рысқұловты ұрып, тепкілегеннен гөрі, көмір қазған әлдеқайда пайдалы. Қайла қатты тисе, тас көмір қақырап түсе береді. Ал Рысқұлов...

– Әкетіңдер! - деп айқайлады Глебов.

Ар жақтан есік ашылып, екі айдауыл кіріп келіп, Рысқұловты қап көтергендей көтеріп алып кетті. Тірі ме, өліп калды ма деп, біреуі еңкейіп бетіне қараған да жоқ. Жағаңды ұстап, таңдай қағып, таң қалатын несі бар? Жендеттер Сократты да аямаған. Сократ адамзаттың ары ғой. Соны да қиянат қылған. Оған да өкіметке қарсы шықтың деген. Өкіметті құлатпақшы болдың деген. Ақыры өлім жазасына бұйырған. Достары Сократқа: «Қашып кет, көмектесейік», - дейді ғой. Сонда Сократ: «Немене, ол жақта адам өлмей ме екен?» - деген.« - Неге өлмесін, өледі ғой». - Онда айырма қайсы? Түрмеде өл не, қашып кетіп өл не, бәрібір емес пе?»

Жендеттер Сократқа у беріп өлтірді.

Солай. Жендеттер қай заманда да қатыгез. Бірақ солардың бәрі жиылып, Лубянкадағы жендеттерге жеткен жоқ... Адамды азаптауға келгенде, Лубянкадағы жендеттер, тек баяғы жуан - жуандардың бір әдісін қолдана алмай жүр. Жуан - жуандар қолға түскен тұтқынды ұрып - ұрып қана қоймайды. Шашын ұстарамен тақырлап сыпырады да жаңа сойылған түйенің көн терісімен басын кепештеп, айдалаға, шөлге, шілденің шақырайған күнінің астына апарып тастайды. Көн кеуіп, кепеш тартылады. Ал адам сорлының шашы өспей тұрмайды. Өсейін десе тас боп қатқан көн теріні тесіп өте алмайды. Содан қайырылып барып, адамның бас сүйегін тесіп өсетін көрінеді. Сонда барып, адам ақылынан адасады. Адасқаны сонша, өзінің атын да, туған әкесін де, шешесін де ұмытады. Құлақ кесті құл болады, асыранды итте де ес болуы мүмкін. Ал әлгі мәңгүртте ит құрлы ес болмайды.

Егер Лубянкадағы жендеттер осы тәсілді үйренсе, кез келген адамды мәңгүрт қылып, мәселені оп - оңай шешер еді. Мәселен, Глебов Рысқұловқа:

– Түркияның шпионымын де, - десе, ол ойланбастан:

– Түркияның шпионымын, - дер еді.

– Жапонияның шпионымын де, - десе,

– Жапонияның шпионымын, - дер еді. Германияның шпионымын, - дей салар еді. «Апыр-ай, айттым - ау», - деп қынжылып, қысылмас еді. Өйткені мәңгүртке бәрібір.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий