Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сендерге мұғалімдерін айтты ма оның кім екенін?

– Айтты. Өзім де білемін. Ол туралы оқығанмын.

– Өте дұрыс. Қалай ойлайсың, Павлик Морозовтың әрекеті дұрыс па, дұрыс емес пе?

– Әрине, дұрыс.

– Молодец! Әрбір совет пионері, комсомолы, әрбір кеңес азаматы Павлик Морозовтай адал, ақжүрек болса, жолында әкесін де аямаған. Павлик Морозов кеңес жастарының шамшырағы. Ал енді сен... - Глебов Ескендірге мейірлене қарап, күліп қойды. - Сен Павлик Морозовтан қай жерің кем?

– Сонда не істеуім керек? - деді бала әңгіменің бұраңдағанынан сезіктеніп.

– Өзің байқамайсың ба? Жаңа өзің айттың ғой, әкем ұсталды деп, - Глебов Ескендірге тікшие қалды.

Мұндай сорды бұрын көрмеген көкөрім бозбала айдаһар алдындағы көжектей бір уыс болып, бүрісе бастады.

Жарайды. Павлик Морозов болса, әкесінің колхозға зиянкестік жасап, астық жасырғанын әшкереледі. Бір есептен дұрыс та шығар. Колхоздың мүлкі - ортақ мүлік. Ортақ қазынаға суық қолын сұққан оңбайды. Сорлайды. Ал мына Ескендір өз әкесінің қай ұрлығын айтып әшкерелемек? Ақыры батылы жетіп:

– Менің әкем не үшін ұсталды? - деді.

– Міне, міне, балақай, қызық әңгімеге енді келдік, - деп Глебов алақандарын уқалап қойды. - Бәсе, не үшін ұсталды? Айтшы, Искандер, әкең Тұрар Рысқұловты өте жақсы көресің бе?

– Менде әке біреу-ақ қой. Қалай жақсы көрмеймін?

– Демек өте жақсы көресің. Ол сенің туған шешенді тастап кеткенін білесің бе?

– Тастап кеткен жоқ.

– Е, енді қалай? Туған шешенді білесің бе өзің?

– Білмеймін.

– А?

– Әжем Елизавета Петровна айтқан: шешең өзі кінәлі, әкеңнің жазығы жоқ деген.

– Соған сеніп қалдың ғой. Ал сен әжең, кім дедің? Иә, Елизавета Петровна ояздың әйелі екенін білесің бе?

– Білмеймін. - Бала тұқшиып жерге қарады.

– Хм, - деді Глебов басын шайқап, - Сонда Тұрар Рысқұлов өзінің жалғыз ұлынан өткен-кеткен істі жасырғаны ма? Білмесең, біліп қой, балақай, сенің әлгі әжең, генерал Колосовский деген Шымкенттің оязы болған, соның әйелі. Сенің туған шешең Наталья сол ояздың қызы. Ал ояздың қызына үйленген Рысқұлов сол патша генералының жесіріне заңсыз жер беріп, бау - бақша беріп, тіпті кеңес өкіметінің тұсында да шалқақтатып қойған. Сенің әкеңнің сол жақсылығы үшін ол кемпір Рысқұловты мақтай ма, жоқ даттай ма? Әрине, мақтайды. Туған қызының ар-намысынан гөрі, оған дүние-мүлік қымбат. Әне, капитализмнің қалдығы.

– Қорламаңыз менің әжемді! Ол ешкімді қанаған жоқ. Өле-өлгенше өз күнін өзі көрді. Ол капиталист емес.

– Oho, - деді Глебов қасын көтеріп. Ішінен: «Ох, ты, бөрінің бөлтірігі!» - деп қойды. -Жарайды, көңіліңе алмай-ақ қой. Сонымен, әкең түрмеде отыр. Не үшін отырғанын білмейсің. Айтшы, Искандар, үйлеріңе келім-кетім кісілер көп болушы ма еді?

– Әрине, көп.

– Мысалы.

– Оның қайсыбірі есте тұрады. Елден келетіндер, осындағы студенттер. Бірақ мен олардың бірде-бірін танымаймын.

– Танымайсың. Мейлі. Ал олар әкеңмен не туралы әңгімелесуші еді?

– Оны мен қайдан білейін? Үлкендердің әңгімесіне араласпаймын.

– Дұрыс. Оның әдептілік, әрине. Дегенмен, өздерің дастарқан басында шүйіркелесіп отырғанда сол келіп-кеткен адамдар туралы, айталық студенттер туралы әкең не айтушы еді?

– Сірә, көмек сұрайтын шығар. Әкем Қазақстан постпредствосына телефон соғып, студенттерге ақшалай көмек көрсетіңдер деп жататын.

– Дұрыс қой. Студенттер тарығатын шығар. Олардың аты-жөні есінде қалған шығар?

– Жоқ, есімде жоқ. Мен әдейі құлақ түріп тыңдаған емеспін.

– Жарайды. Ал енді қонақтардың бәрі арыз айтып, көмек сұрап келмеген шығар. Елден келгендердің ішінде үлкен бастықтар да болған шығар?

– Әрине, болды. Мен Файзолла ағайды, Әкмал ағайды жақсы білемін.

– Яғни, Файзолла Ходжаев, Әкмал Икрамов қой?

– Солай.

– Дұрыс - ыс. Ал олар әкеңмен не туралы әңгімелесуші еді? Есінде жоқ па?

– Олардың әңгімесіне араласқан емеспін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий