Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Түсінемісің, Рысқұлов, жазасын жеңілдетеді. Жаза қанша ауыр болса, бар шындықты жасырмай жайып салғаны үшін, сот соны ескереді. Соны сен де ойлан, Рысқұлов. Өкіметте өте ірі тұлға болғаның рас. Сол іріліктен мына халге бірден құлағаның, әрине, өте қиын. Ал ірі болып үйреніп қалған адамға бишаралық халге түсу оңай емес. Көндіге алмайсың. Намысың жібермейді. Бірақ амал не? Қазір мәселе бір-ақ нәрсеге тіреліп тұр: не өмір, не өлім? Өлім болғанда қорлық өлім. Мәңгі - бақи қара таңбалы өлім. Үрім – бұтағың, ұрпақтарыңа қара таңба. Айтпақшы, сенде бір ұл, үш қыз бар ғой. Соларды ойла! - Бұрылып, Рысқұловқа бір қарап алды. Өз сөзінен өзі ләззат тапқандай әрі қарай жалғады. Ал Файзолла Ходжаев әріден ойлайды. Өзі, әрине, сотталады. Бірақ өмірі сақталуы мүмкін. Оның есесіне, туған – туысқандарына, балаларына азап ауыртпалығы азырақ түсетін болады. Сот мұны ескерусіз қалдырмайды.

– Айтып болдыңыз ба? -деді кенет Рысқұлов басын көтеріп алып.

– Әзірше.

– Ендеше бұл үгіт насихатыңыздан түкте шықпайды. Болмаған істі болды деп айта алмаймын. Маған десең қазір атып жібер. Қалай ғана, өмірі маңайынан жүріп көрмеген қайдағы бір «Иттихадты» қалай ғана мойындауға тиістімін?! Мынау сұмдық қой, сізге біреу: «Тыр жалаңаш шешін де үстіңе боқ жағып ал, сөйт те далаға шық», - десе, көнесіз бе? А?

Рысқұловтың көзіне жарқыл пайда болды. Оты өлегізімепті. Күлдің астында қып-қызыл шоқ жатыр екен. Жарқ ете түсті, Глебов сескеніп қалды. Тайқақсып барып, орнына отырды. Онысын ерсі көргендей қайтадан тұрды. Рысқұловқа таяп келіп, саусағымен көзілдірігін шұқыды:

– Көзің жаман, Рысқұлов, - деді.

Рысқұлов Глебовтың қолын қағып жіберді. Әрине, қате болды.

***

Біреу иығынан жұлқығанда ғана есін жиып, көзін ашты. Бірақ алдында өңкиіп тұрған адамның бет-жүзін айыра алмай, еріксіз көзін сипалап еді, көзілдірігі жоқ екен. Көзілдірік орнына қолына жылбысқы бірдеңе жабысты. Көзінің алды қол тигізбей сыздап ауырды.

– Тірімісің - ей? - деді алдындағы дәу пері гүрілдеп. - Ал, атауыңды іш. - Осыны айтты да дәу пері табуреткаға қалайы табақша қойып, есікті салдыр-гүлдір жауып шығып кетті.

Қалайы табақ сәл-пәл ағараңдайды. Қолын созып, сипалап керіп еді, табақ жып-жылы екен. Сол жылылықты сезген саусақтары. бүкіл денесі тірілгендей болды. Өлтіре, оңдырмай соққан екен. Ауырмаған жері жоқ. Табақшаны абайлап ерніне тақап еді, ерні ашып ала жөнелді. Аузын да бұзған болды ғой. Ерні, қайран Рысқұловтың үлбірек қызыл ерні көнектей болып ісіп кетіпті. Табақты табуреткаға қайта қойып, саусағымен ернін сипалады. Мұның ерніне домбаздап бірдеңе жапсырып қойғандай дөңкиіп тұр. Ауырсынады. Қырыққа келгенше қызылы кетпеген қайран Рысқұловтың ерні. Бұл ерін жандай жақын сұлу әйелді ғана сүюге жаратылған сияқты еді. Жас сәбидің ерніндей жұп -жұмсақ, бейкүнә періштедей еді...

Енді не болды? Енді не істейді? Кімге барып шағынады? Арызы кімге жетеді? Ежовқа хат жазып еді - жауап жоқ. Сталин... Сталинге жетсе ғой арызы. Қанша қатал десе де, есіне алар еді.

Бірге отырып, бірге тұрып жүріп еді ғой. Баяғы Сұлтан – Ғалиевтың тойында дастарқандас болғаны қайда? Сұлтан - Ғалиев?

Рысқұлов елес көргендей орнынан тұра беріп еді, өзегі тартылып қалғандай, бауыры жаздырмай, тақтаға қайтадан құлап түсті. Іші-бауырын езіп тастаған ба? Бауырын жаза алмады. Бүрісіп жатып еді, ептеп ауырғаны қойғандай болды.

Сұлтан - Ғалиев. Осыдан он төрт жыл бұрын. 1923 жылдың шілде айы. Иә. Шілде айы. Сонда оны соққыға осылай жыққан екем ғой. Сонда ол сорлыға айтпасты айтқызған екен ғой.

Демек Рысқұлов, сен сол Сұлтан - Ғалиевтың осыдан он төрт жыл бұрын көрген сұмдығын енді көріп отыр екенсің ғой. Ал Осыдан он төрт жыл бұрын сол Төртінші Кеңесте сен Сұлтан - Ғалиевтың міскін халін көріп: «жігерсіз» деп ренжіп едің. Сталинге қасқайып қарсы тұрмады деп іштей күстаналап едің. Ал өзің Сталинге:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий