Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:114
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.
Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Ал Рысқұловтың санасын қайғы бұлты қаптады. Мыналар мына түрімен істің байыбына барып, ақ пен қараны ажыратып, әділдікке жүгінетін түрі жоқ. Жөн білетін, білімі жетік, жан - жақты толғай алатын адамдар болса бір жөн. Тапсырмамен, дайын сұрақ, дайын қалыппен келіп отырған орындаушылар. Ал дәлел - деп көр ақ, адал екеніңді. Күні кеше Бухарин кім еді? Лениннің өзі санасқан сардар еді. Енді мына тексіздер оны түлкі мен шошқаның некесінен туған дүбәра деп отыр. Сонда кімді аяйды бұлар? Қай заманда туып, қай заманға кез болғансың, Рысқұлов? Кедерлі кер заман осы ма?..
Глебов - Нейман емес. Глебов дүлей. Алдына Рысқұловты екі рет шақырып алып, екі рет түк өндіре алмаған Нейманды жерден алып, жерге салды. «Салаға» деді. Сірә, шаласың, әлжуазсың дегені шығар. Сол кездегі, Ягода мен Ежов тұсындағы тергеушілер дің тілінде, яғни жаргонында «қысыр сиырды идіру» деген ұғым бар еді. «Сен қысыр сиыр тұрмақ, бұзаулы сиырдың өзін сауа алмайсың», - деп ұрысты. Енді сол «қысыр сиырды» қалай сауу керек екенін көрсетпек боп өзі келген түрі еді. Бірақ өзі де оңдырып ештеңе «сауа» алмай отыр. Нейманға таба болатын болдым - ау деп іштей ызаланып отыр.
– Сіз, айыпкер Рысқұлов, әлгінде Рыков адал деп қалдыңыз - ау. Ленин сенген серігі дедіңіз. Шыннан солай ойлайсыз ба, жоқ, әлде « бөрік кигеннің намысы бір» деп, Совнаркомда бірге істеген соң қимайсыз ба?
– Мен 1926 жылдан бастап, Рыков Совнаркомнан жазықсыз кеткенге дейін бірге жұмыс істедім. Лениндік гвардияның нағыз тарланы деп таныдым. Осы айтқанымнан қайтпаймын.
Глебов зымияндана басын шайқады.
– Ай-ай, адамдар - ай, қалай ғана адасады, - деп аяды. - Айыпкер Рысқұлов, сіз Рыковтан бұрын емес, кейін тұтқындалдыңыз. Не себептен екенін аңғарасыз ба?
Рысқұловтың өзегі мұздап қоя берді. «Мынау не қоңырсытып отыр, шыннан...»
Глебов психолог еді, Рысқұловтың өңінің өзгергенін байқап қойды.
– Иә, иә, дұрыс күдіктеніп отырсыз. Рыков алғашқы жауаптың өзінде-ақ сыбайласы, серігі ретінде сізді атады.
– Серігі болғаным рас... Онда тұрған не бар?
Глебов салалы саусағын кезеп:
– Өйтіп монтаны бола қалмаңыз. Әңгіме - Кеңес өкіметіне қастандық жөніндегі серіктік туралы. Қарай гөр, білмегенсуін.
Жүрегі түскір бір жамандықты сезеді. Бірақ көңілді қайтіп сендіресің? Ақылды қайтіп адастырасың? Ақылға сыймайды ғой. Осы ойын жеткізбек боп, Рысқұлов:
– Сонда қалай, азамат тергеуші, Рыков патша жандармдарынан азап көріп, бір шыбындай жанын шүберекке түйіп жүріп, азаттық үшін арпалысып жүріп, Кеңес өкіметін орнатысады. Айталық, мен де... Сонда қалай, өзіміз орнатқан өкіметті өзіміз құлатпақпыз ба?
Глебов бұл сұраққа дайын көрінеді.
– Бәрің солай сайрайсыңдар. Зиновьев пен Каменев Қазан төңкерісіне қарсы болған. Енді олар да сендер сияқты безектейді. Кеңес өкіметін орнатысып едік, не жазығымыз бар деп жылағанда етегіне жас толады. Айла-шарғы. Бәрібір құтыла алмайсыңдар. Ең жақын деген досын Рыков сені сыбайласым деп отырғанда, қайда, қалай қашып құтыласың? Одан да езе бермей іске көшейік.
– Рыков мені жау деп атауы мүмкін емес. Және оның досы жалғыз мен емес.
– О! - деп қолын шошайтты Глебов. - Өте дұрыс. Жалғыз досы сен емес, толып жатыр.
– Кімдер сонда? - деп Рысқұлов шапшыды.
– Көп. Бухарин, Томский, Раковский, Крестинский, Ходжаев, Икрамов, Атабаев, Нұрмақов... Көп. Мен сізге айтайын: Рыков пен Бухарин шатаспаған, шатастырмаған жер жоқ. Соноу Қиыр Шығыстан Қиыр Батысқа дейін. Спрут! Ондайды білуші ме едіңіз? Спрут - теңіз алпауыты. Толып жатқан аяғы бар. Сол аяқтарымен жұрттың бәрін жалмап, матап алған. Отан, партия сеніп берген билікті олар солай пайдаланған. Көксегендері -капитализм.
– Онда кезінде капитализммен неге күрескен?
– Көзбояушы жалған күрескерлер. Кәне, сонымен тікелей шаруамызға кіріселік. Өткен жолы сізге «Иттихад ва таракки» партиясындағы рөліңіз туралы сұрақ қойылған. Айтыңыз.