Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қырсық шалған не деген әулет бұл Рысқұловтар! 1906 жылы Рысқұл он жасар баласымен бірге Алматының түрмесіне отырамын. Ал 1937 жылы Тұрар Рысқұлов өзінің он жеті жасар баласымен бірге Мәскеудің түрмесіне түседі. Пешенелеріне түрме деген таңба жазылған неғылған әулет...

***

Тұтқындалғалы бері тұңғыш рет түсінде Әзизасын көрді. Түрмесіз, тергеушісіз, айдауылсыз еркін дүние екен дейді. Көкшетауда жүр екен. Сірә, жұмақ шығар. Аспаны көгілдірдің көгілдірі, аппақ ұлпа бұлттары да жұп-жұмсақ. Алыстан - алыстан сағымданып, көк теңіз төсінде жүзген ғажайып кеме сияқтанып Көкше көрінеді. Әзиза екеуі қатарласып сол Көкшеге ұшып келе жатыр екен. Жан-жағын ақша бұлттар қоршап алып, бұларды қорғап келе жатқан екен дейді. Ақша бұлттар кәдімгідей қызғылт қанат періштелер болып кетеді.

– Біз адамбыз ғой, қалай ұшып келеміз, адамдар ұшпаушы еді ғой, - дейді Әзиза.

– Бізді періштелер қаумалап келеді. Олар - махаббат киесі, біздің тілеулестеріміз, - дейді Тұрар.

Олар Көкшеге жетіп, Оқжетпеске қонбақшы болғанда алдарынан дәу қара пері шығып, Әзизаны Тұрардан тартып алмақшы болады. Әзизамен қатарласа ұшып, құлағына: -Рысқұловқа қосылма, ол сенен бұрын бірнеше әйел тастаған. Әрбіреуінен бір - екі баласы бар, сорлайсың, - деп азғырады.

Қызғылт қанат көгілдір періштелер қара дәу әзәзілді қумақ болады. Жан-жағынан шүйіліп, шоқыса да қара дәу әзәзіл:

– Сені мен Кавказ тауына алып ұшамын, жұмақта тұратын боласың, - деп арбайды.

– Көкшеден артық жұмақ жоқ! - деп шырылдайды періштелер. Бір періште Тұрардың қолына пайғамбардың қылышы - зұлфухарды ұстата береді. Тұрар зұлфухармен дәу қара әзәзілді шауып өлтіреді. Көк аспан, көгілдір Көкшені махаббат жырына бөлеп, періштелер ғарыш әнін салады.

Рысқұлов оянып кетіп, әлгібір шырындай тәтті түстің әсерінен: «апыр-ай, адам түрмеде жатып та бақытты болады екен-ау!» - деп таң қалды.

Өң мен түстің айырмасы не? Түс те өмір емес пе?! Түс те өмір болар болса, Рысқұлов тағы да бір бақытты сәтті бастан өткерді. Ой, түс түлкінің боғы - дүр дейтіндер бар. Сонда он дегеннің өзі түс емес пе? Адам туады. Арада әжік - күжік әуремен біраз дәурен кешеді. Адам өледі. Туу мен өлудің арасын өмір деп қойыпты. Өлім деген құдіреттің алдында адам: не көрдім, не білдім деп ойлануға шамасы келер болса, қандай қорытындыға келер еді? Бүкіл өмірің бір көрген түстей-ақ болып қысқармай ма? Кең дүние дегенің бір тарынын қауызындай ғана болып тарылмай ма? Ендеше, сол алдамшы ғұмыр дегеннің көбі не, азы не - бәрібір.

Ал жарайды. Жаңа ғана Рысқұлов Әзизасын қолынан ұстап, қызғылт қанат көгілдір періштелермен бірге соноу алыстағы Көкшенің үстінде ұшып жүрді. Рас қой? Ал тәні, екі жарым айдан бері су тимей кірлеген тәні, Глебовтың таяғынан көк ала болған денесі мына тас камерада жатты. Сонда көгілдір Көкше аспанының астында сайран салған немене?

Міне, мәселе қайда жатыр!

Тән деген бар. Ол кәдімгі Глебовтың таяғынан ауыратын дене: аяқ-қол, бас, құлақ, көз, мұрын, тағы басқа кәкір-шүкір.

Ал жан деген бар дейді. Адам өлгенде тәннен бөлініп ұшады дейді. Әлгінде ғана Көкшені аралап қайтқан сол жан шығар? Сәл сәтке Рысқұлов өлген шығар, жаны азаттық алып, түрмеден шығып, есінде ертектей болып, алтын арман ағысындай болып, өмірбақи көкірегінде күншуақ болып жатталып қалған Көкшені аралаған шығар.

Ал кәдімгі сұм өмірде Рысқұлов баяғыда, яғни 1930 жылы сұлу Көкшеге барғаны рас. Сол жақта практикада жүрген Әзиза сұлуды іздеп барғаны рас. Сыртынан ғашық болып, отыздан асқан шағында да жастықтың жалауын жықпай, жаны сүйген жас қызды Алматыдан іздеп барып, тапқаны да ерлік қой. - Е, қойшы соны, - дей салса, алақанына Әзизадай ақ періште қонар ма еді.

Рысқұлов жеңістің дәмін көп татқан адам. Ал бірақ сол жолы Әзизаны іздеп сапарға шыққан күндер мен Көкшеге келіп Әзизаны көріп, оған өз сезімін айтып, бозбалаша қызба әуреге түскен күндері мен түндеріне бұл дүниеде ештеңе тең келмейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий