Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Біліміңіз.

– Аяқталмаған жоғары білім.

– Партиялығыңыз?

– 1917 жылғы қыркүйектен большевиктер партиясының мүшесімін.

– Отбасы жағдайыңыз?

– Үйленгенмін. Төрт балам бар.

– Шетелдерде тұратын туыстарыңыз бар ма?

– Жоқ.

– Туыстарыңыздан сотталғандар бар ма?

– 1906 жылы әкем сотталған.

Нейман қаламсапты сиясауыттың жиегіне сүйеп қойды да, папирос тұтатып, шылым қорабын Рысқұловқа ұсынды.

– Рахмет, шылым шекпеймін.

– 1906 жыл, - деді Нейман үйдің төбесіне қарап, аузынан түтін бұрқырап.

Темекісін күлдеуішке салып, мыжғылап өшірді де:

– Оқып шығыңыз да, астына қол қойыңыз, - деп әлгі протоколды Рысқұловқа ұсынды. Рысқұлов оқыды, бәрі дұрыс. «Т.Рысқұлов» деп қолын қойды.

– Бүгінгі жұмыс осымен бітті, - деді Нейман.

– Қалайша? Менің білгім келеді, азамат тергеуші, мен не үшін отырмын?

– О, ол ұзақ әңгіме.

– Қысқартып, бір сөзбен айтқанда?

– Қысқартып, бір сөзбен айтқанда дейсіз бе? Асықпасаңыз қайтеді? Қазір алдын ала тергеу жүргізіледі. Ал қаулы содан соң қабылданады. Не үшін тұтқындалғаныңыз сол қаулыда айтылады.

– Бізде: «Әкесі өлгенді де естіртеді» деген мәтел бар. Оның несін созбақтап, әспеттей бересіз. Айта салыңыз. Мысалы, мені қамауға алу үшін де мотив керек кой. Қандай күдікпен қамауға алдыңыз? Адам өлтірдім бе? Қазына тонадым ба? Жоқ, болмаса диверсия жасадым ба? Әлде пара алдым ба?

Нейман екі қолын алдына салып, саусақтарын айқастырып, жымиып күлді. Соны да білмейсің бе? - деген сыңайлы. - Ақылсыз емессің. Ірі қайраткер болдың. Алды-артыңа қарамайсың ба? Алдыңдағы Рыков қайда? Бухарин қайда? Жерлестерің Акмал Икрамов пен Файзолла Ходжаев, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Ходжанов қайда? Наивный, что ли? - Бірақ дауыстап:

– Асықпаңыз. Әр нәрсе өз мезгілімен, - деді.

– Мен сіз ойлағандай, «наивный» емеспін, - деді кенет Рысқұлов. Нейман шошып қалды. «Менің ойымды оқып отыр ма?»

– Мен бәрін де біліп отырмын. Бірақ сіздердің тағатын айыптарыңызға менің ешқандай қатысым жоқ. Ғаламат жала жабылмақшы. Сондықтан да мен қорғануға тиіспін. Мені қорғайтын жалғыз Сталин жолдас. Сталинге хат жазуға және оны өз қолына тигізуге жағдай жасаңыз. Бұл менің азаматтық правом.

– Жазғыңыз келсе - жазыңыз. Бірақ «өз қолына тигізуге» кепілдік бере алмаймын. Өйткені мен Сталин жолдаспен көзбе - көз кездеспеймін.

– Онда Ежов арқылы. Ежов мені жақсы біледі.

– Ендеше, Ежов жолдастың өз атына жазыңыз. Нейман Рысқұловқа бір парақ қағаз, қалам ұсынды. Рысқұлов қаламды ұстап, сәл ойланды да жаза бастады.

Ішкі істер халық комиссары Ежов Николай Ивановичке

Николай Иванович! Мені сіздің қызметкерлеріңіз 21-мамыр түнінде Кисловодскіде тұтқындап, Москваға әкеліп, түрмеге салды. Сіз мені жақсы білесіз. Совет өкіметіне адал қызмет еткенім Сізге аян. Мүмкін, әлдекімдердің жапқан жала, жаққан күйесіне сеніп қалған шығарсыз. Мені өзіңіз қабылдап, ақиқатқа көз жеткізуіңізді сұраймын және менің түрмеде екенімнен Сталин жолдасты хабардар етуіңізді өтінемін.

Т. Рысқұлов.

Қағазды Нейманға қарай жылжытты. Нейман қадалып оқып шықты.

– Орысша өте сауатты жазады екенсіз, - деді. - Қолыңыз да ап-анық, тайға таңба басқандай екен.

– Бала күннен жиған-терген дегендей. Аса білімді болмасақ та, барымыз осы. Ал енді сізден бір сұрайын дегенім: мұнда жатқалы да біраз күн өтті. Кисловодскіде менің әйелім қалып еді, аяғы ауыр еді. Оның тағдырынан не білесіз?

– Иә, өзім де айтайын деп едім. Осыдан үш күн бұрын екі әйел сізге жолығуға рұқсат сұрады. Біреуі сіздің әйеліңіз, сірә, қазақ болуы керек. Екіншісі орыс әйел. Жанша Досмағамбетовті білесіз бе?

– Әрине, білемін.

– Ендеше, соның әйелі.

– Ольга Константиновна!

– Дәл өзі. Таң қалдыңыз ғой. Оның да күйеуі осында.

– Таңғаларлық нәрселер көбейіп тұр ғой. Ал сонда әйеліммен жолығуға рұқсат болмағаны ма?

– Әзірше. Тағы қандай тілегіңіз бар?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий