Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бас жағында «вагонзак» деген темір құрсаулы, тор көз терезелері, қара вагоны бар «Кисловодск - Москва» жолаушылар пойызы бұл кезде Кавказдан алыстап, бұрын «печенегтер» - «половцылар», түркі әлемі Қыпшақтар даласы деп атаған жазықпен салып ұрып келе жатты.

«Вагонзак» дегені - «вагон заключенных» дегені болса керек. Яғни, тұтқындар вагоны. Қарауылы сақ. Қара паровоз. Қара вагон. Содан кейін почта вагон. Содан соң барып, кәдімгідей көз тартатын көк вагондар. Көк вагондағылар бостандықтың адамдары. Құдайдың сүйген құлдары. Бірақ кім біледі... Бостандықта жүрсе де тағдыр – талайына риза еместер толып жатыр. Өзі дүниеге келгенше адамдар түк білмейді, ешнәрседен бейхабар. Ал жарық дүниеге келе салысымен, адам болып жаратылғанын әлдекімге міндет қылып, әлек-шәлек талап-тілегін ала келеді. Әңгімені бер - берден бастайды. Әуелі тамақ тілейді, жөргек тілейді. Ә дегенмен жайлы ғұмырды жақсы көреді. Жаялығы жайсыз болсыншы - жаңа туған жас бала не істер екен? Екі аяғыңды бір етікке тығады. Сөйте -сөйте, атпалдай азамат болады. Бір жұтым қара су мен бір үзім қара нанды қанағат тұтар біреуін көрмейсің. Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді. Кедейдің бай болғысы келетіні миға қонады, құлаққа кіреді. Ал байдың Құдай болғысы келетіні сұмды – ы - ық! Барлық пәленің бәрі осыдан туындайды, осыдан өрбиді, есіреді. Есірік жама - а -ап. Оған Құдіреттің зауалы ғана тосқауыл.

Сонымен, «Кисловодск - Москва» пойызы, бақыттысы бар, бақытсызы бар, тұтқыны бар, азаты бар - мың қаралы адамды ежелгі Қыпшақ - Құман даласымен ағызып алып келе жатты.

1937 жыл еді. Көктем еді. Мамырдың соңғы күндерінің бірі еді. Көктен маужырап төгіліп тұрған рисалат нұры еді. Дала дегеніңіз гүл-шешек жамылып, бойжеткен қалыңдықтай жасанып: бозторғайлар масайрап, әлем шаттыққа бөленгендей шақ. Бірақ мұның бәрін Рысқұлов көре алмайды. Вагонның тор көз терезесі соқыр. Дала көрінбейді. Безеу бет көрші купеде. Оның терезесі жарық. Рысқұловтың қасындағы қарауыл сол баяғы Дима. Вагон дөңгелектерінің сақыр - сұқыры өмірі таусылмайды. Сол сақыр - сұқырымен жарысып Рысқұлов ой кешеді. Ойда бір жүйе жоқ. Әуелі: Неге? Не үшін? - деген сұңғыла сұрақтың жауабын іздейді - таба алмайды. Курортта қалған екіқабат әйелі анау. Енді өз басы тағдырдың жазғанын көрер - ау, әйеліне, үй ішіне, бала-шаға, туған-туысқандарына тыныштық берсе екен.

Пойыз оқтын-оқтын тоқтайды. Сірә, станция болар. Сырттан адамдардың даусы естіледі. Радио, музыка ойнап тұрады. Мұны сыртқа шығармайды.

Дима да сөйлемейді. Оған тұтқынмен сөйлесуге рұқсат етілмеген. Осы арасы жұмбақ. Тұтқынды қашырып алмай, айырылып қалмай, сақ отырсаң болды емес пе? Ал сөйлесең сөйлесе бер. Әрине, сөйлескің келсе. Жоқ, сөйлесуге болмайды.

Түрме қарауылы, тұтқын қарауылы сезімтал келмеуі керек. Қайырым, мейірім дегенді білмеу керек. Егер сезімтал, мейірімді болсаң, тұтқындардың да неше түрлі сиқырлары бар, сөзбен арбап, ерітетіндері бар, жаныңды елжіретіп, жылататындары бар. Сөйтіп, арбап, құтылып кететіндері бар. Сондықтан, қарауыл қара тастай қатал болуға тиіс. Айталық, қазір Рысқұлов сөйлеп кеп берсе, бұл тыңдаса, Рысқұловтың айыпты емес екеніне көзі жетсе, пенде ғой, жаны ашып, босатып жіберуі де мүмкін ғой. Бірақ Димадан құтылғанмен, қара вагон - қара жартастай... Бұл баяғы Рысқұл батыр іргесін пышақтың ұшымен тесіп, қашып кететін Алматының абақтысы емес.

Тұтқынға түсіп, қапас қамақта отырған адам не ойлайды? Әрине, өз тағдырын ойлайды. Әзірге Рысқұлов өз тағдырын болжай алмайды. Кешікпей Мәскеуге жеткізеді. Әрине, НКВД. Әрине, Ежов. Бұған қандай айып тағылады? Одан бұл қалай құтылады? Беймәлім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий