Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақ сөмкесі орнында екен. Екеуі екі шамаданмен келіп еді. Қазір екеуін бірдей көтере алмас. Оны-мұны, киім-кешекті бір шамаданға, Тұрардікіне сыйыстырмақ болды. Тұрардың пижамын, көйлектерін салды. Көйлектерді салар бұрын кезек-кезек иіскелеп, иесіз қалған жейделерді көз жасымен бөктірді. Тұрардың сабынмен жуылатын көйлектері, енді Әзизаның көз жасымен жуылды.

Әр көйлегін кеудесіне қысып, көз жасына шылап отыра берер ме еді, есіне вокзалдағы касса түсті. Билет ала алмай, кешкі пойызға ілінбей қалса, қайғы үстіне қайғы жамалмақ. Лезде қатайып, өз шамаданын теуіп - теуіп, итеріп тастап, Тұрардың Германиядан әкелген қалың қайыс шамаданын буып-түйіп бола бергенде, шампан есіне түсті. Түнде жендеттерден тартып алып қалып еді. Тастап кетуге қимайды. Тұрардан қалған тұмардай көрінді де, шамаданға оны да салды. Бар жүгі бір-ақ қолдық болса да зілдей ауыр екен, мықшындап үйден шықты. Вокзал едәуір жер, дайын тұрған көлік те жоқ. Мықшындап қапталға түсті. Ә дегенше, қара терге малшынып шыға келді. Шамаданы да, киім-кешегі де қараң қалсын деп тастап кеткісі де келді. Дүниедегі ең жақын адамнан айырылғанда, көди - сөди шүберектен айырылып, өлмеспін деді. Бірақ бәрі Тұрардың көзі еді, дәті шыдамады. Екі басып, бір тоқтап, жылжи берді. Қасында Тұрар болса, зілбатпан шамадан тұрмақ, бір мысқал жүк көтерткізбес еді. Құрсағындағы балаға зақым келеді деп, артық қимыл жасатпас еді. Жандай жақын адамың асты-үстіңе түсіп, тым-тым бәйек бола бергені де Құдайдың құдіретіне қарсы іс пе екен? Әр адам өз азабын өзі көтеріп өткені жөн шығар. Біреудің арқасында біреу тым-тым шолжаңдап, тайтаңдап кетпеуі керек шығар. Тұрармен бірге тұрған аз жылдар ішінде жаны қиналып көрмеген екен. Масыл да болмаған, бірақ маңдайы жіпсіп, ауыр жұмыс та істемеген. Енді мынау соның жазығы шығар. Отқа саламын десе де, суға саламын десе де, Жаратушы Құдіреттің еркінде. Басына Құдіреттің ноқтасы сыймас пенде жоқ.

Бір басып, бір тоқтап, пора - порасы шығып келе жатып, тұсына қара автомобильдің келіп тоқтай қалғанын да байқамапты. Машина сигнал бергенде ғана бұрылып қарады. Әуелі НКВД - нің «қара қарғасы» ма деп жүрегі зу етті. Сөйтсе, Вадим Петрович екен.

– Жаным - ау, мұныңыз қалай? Бірауыз айтсаңыз қайтеді? Жұрттың бәрі жау емес қой, -деп бұрқылдап, қартаң кісі шамаданды машинаға салды. Қолтықтап Әзизаны отырғызды.

– Сіздің жағдайыңызда мынадай жүк көтеру - көпе-көрнеу ажалдың өзі ғой. Әлде түнде аналармен бірге болғаныма бола, мені де жек көріп кеттіңіз бе? Маған бұйырды ғой, не істейін...

– Рахмет, Вадим Петрович, сізге кесірім тиіп кетер деп ойладым...

– Оның үлкен адамгершілік, қызым, қилы заман, кім біледі? Бірақ сені ғаріп халде қалдыру еш ақылға сыймайды. Ешнәрсені уайымдама. Сабыр сақта. Пойызға өзім отырғызам.

Әзизаны сәкіге жайғастырып, билет қамына бас дәрігердің өзі кетті. Қозғалмай отыр деп кетті. «Е, дүние әлі қаңсып қалмаған екен ғой», - деп Әзизаның іші жылығандай болды. Мүмкін, мейірімді, әділ адамдар Тұрарды да құтқарар деп үміт оты шалықтап өтті.

Сол - сол екен, жаңа ғана көңілді ән салып тұрған радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!» -деп сампылдай жөнелді. Вокзал алаңына ілінген дәу ақ шелектей немеге жұрт еріксіз құлақ түрді. «Ұлы көсем Сталин жолдастың дана басшылығымен адымдап алға басқан социалистік құрылыстың аяғынан шалып құлатқысы келетін жымысқы жаулардың тағы да бір тобы әшкереленіп, тұтқындалды! - деді радио лепіре түсіп. - Троцкистер: Зиновьев, Каменев, Бухарин, Рыков бастаған жексұрын жаулар тиісті жазасын алады. Бұл жазадан ұлтшыл троцкистер Рысқұлов, Икрамов, Файзуллаев, Нұрмақов, Исаев тағы басқалары да құтылмайды. Халық жауларына өлім келсін! Опасыз оңбағандарды дер кезінде әшкерелеп, қолға түсірген нарком Ежовтың болаттай қолы мұқалмасын!»

Радио қайтадан музыкалатып ала жөнелді. Қолында билеті бар, Вадим Петрович қайтып келсе, Әзиза орындықтың үстінде ес-түссіз талып жатыр екен...

***

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий