Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.

Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұловтың жары екеніңді ұмытпа, Әзиза! Гүлдей нәзік едің, енді тастай берік бол! Ана Вадим Петрович ертең билет алуға көмектесер, дереу үйге қайт. Үйде жолығайық...

– Бар айтарың сол-ақ па, Тұрар - ау?

Әзиза кеуделеп алға ұмтылды. Бірақ бұл әйел көшені баж – бұж қылады – ау деп сескенген айдауылдар бар күшін сала, алдын кескестеді. Айтсаңшы мен бейбаққа: не істеймін? Қайтіп күн көремін? Бала - шағаңды, анау аңырап адыра қалған «колхозыңды» не қыламын?

– Шыда. Уайымға салынба. Үгітілме. Жасыма. Жазмыштан озмыш жоқ. Басқа салғанды көресің. Үмітің сөнбесін. Мен көп кешікпей қайтармын... Балаларды бауырыңа бас. Ескендір ер жетті, енді өлмес. Софья мен Майяны жетімсіретпе. Түйметайға сәлем айт. Балаларын тентіретпесін. Елге әзір қайтпасын. Сол фабрикадағы жұмысын істей берсін...

– Хватить! Целую поэму запел, - деп безеу бет майор Рысқұловтың иығынан итеріп қалды. Бұл бірінші қол жұмсау еді. Әйелінің көзінше итергеніне қорланған Рысқұлов:

– Руки! - деп зекіп, майорды иығымен қағып жіберді.

– Е, ондай асау болсаң, тұсау табылады, - деп үйден шыққан соң, майор екі айдауылға Рысқұловтың екі қолын артына қайырып, сарт дегізіп кісен салды да тастады.

Әзизаны көшеге шығармай, іште қалдырды.

Рысқұлов артына бұрылып қарай бергенде, жон арқасынан әлеуетті жұдырық тиді де, етпеттеп құлай жаздап, бойын түзей бере, көшенің бергі бетіндегі көк үйдің ашық терезесінен басын шығарып қарап тұрған Голощекинді көргендей болды. Көзі бұлдырап, анық тани алмады. Сөйтсе, жана жығыла жаздағанда көзілдірігі ұшып кеткен екен.

– Тоқтай тұрыңдар, көзілдірігім, - деді.

– Адаспайсың, жайлы орынға аман жеткіземіз, саспа, - деді безеу бет.

***

Вокзалға жақындағанда:

– Тоқта, - деді безеу бет. Сөйтті де, Рысқұловтың сол қолындағы кісенді ағыттырып, оң қолындағысын аштырмады. Сол қолдың кісенін айдауылдардың жәй киінген біреуінің білегіне салғызды. Сөйтіп, Рысқұлов пен айдауыл қосақталды да қалды. Бұл қай тамашасы деп ойлады Рысқұлов.

Сөйтсе, вокзал басы жап-жарық, шамдары самаладай екен. Ығы-жығы адамдар. Атақты курорт болған соң біреулер келіп, біреулер кетіп жатады. Таныстар кездесе кетуі мүмкін. Ал Рысқұлов белгілі адам. Газеттерде суреті де шығып тұрады. Кеңселерде портреті де ілінген кез болған. Сондықтан оның екі қолын артына қайырып, кісендеп алып жүруді безеу бет ыңғайсыз көрген. Әлде біреулер, кім біледі, араша түсіп, айқай-шу шығуы да мүмкін деп ойлады.

Енді Рысқұлов езінің ажырамас «досымен» қатар жүріп келе жатыр. Екеуінің қолы кісенмен жалғасып тұрғаны көрінбесін деп кісеннің үстіне плащ іле салды.

Москва пойызы жүруге әлі біраз уақыт бар екен. Теміржол милициясының бөлмесіне барып жайғасты.

Рысқұловтың он аяғы қақсап ауырып қоя берді. Аяғының үсті күп болып, күмпиіп ісіп бара жатқандай көрінді.

– Айдауыл азамат, аяғым шыдатпай барады, - деді. Еңкейіп жалғыз қолымен туфлиді әрең суырып алды.

– Енді қайтадан қайтіп киесің? Сыймай қалады ғой, - деді серігі не жаны ашығаны, не ренжігені белгісіз?

Ренжитін де жөні бар. Мына Рысқұловқа еріксіз қосақталды да қалды. Айдауыл дегені болмаса, бұл да тұтқын. Безеу бетпен ана екінші айдауыл ресторанға ма, буфетке ме, кетті бір жаққа.

Ал бұл болса қолы Рысқұловпен қоса кісендеулі, милицияның тақтай сәкісінде отырды да қалды.

Әлгілер шынында да тамақтанып алыпты. Қолдарында бөтелке – бөтелке сыра, қағазға ораған пирожкилері бар.

– Кәне, Дима, оразаңды аш, - деп безеу бет Рысқұловтың серігіне сыра ашып, алдына пирожки қойды. Дима жалғыз қолмен капуста қамырды арпадай асап, сырадан қылғытып – қылғытып алды.

Ал жиналайық, - деді бөлмеден шығып кетіп, қайта оралған безеу бет пойыз жүруге он -ақ минут қалды.

Ауырған аяғы тыншып, жаны кіргендей еді, енді туфлиге қайта сұғарда, кәне, сыйсашы.

Безе бет ашуланды. Димаға ұрысты.

– Аяқ киімін шешуге неге рұхсат бердің? Мүмкін,сен мұндай қайырымдылықпен оның кісенін де шешіп жіберерсің!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий