Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза
-
Название:Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:114
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Роман «Красная стрела» - пятая книга автора Шерхана Муртазы.
Красная стрела. Книга пятая / Қызыл жебе. Бесінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги
Сол пистолеттен басқа айрықша көзге түсе қояр зат табыла қойған жоқ. «Лейка»дейтін фотоаппарат қатталды. «Өзі ірі өкімет, бола тұра, фотоаппарат бұған неге қажет?» дегендей күдікті көрінді Бірақ Кисловодскіде мемлекеттік, яки әскери құпияға жататын нүктелер жоқ...
– Мұнымен әуестігіңіз бар ма еді? - деп сұрады безеу бет.
– Бала кезден, - деп асырыңқырып жіберді. Әйтпесе бала кезінде оған фотоаппарат қайда? Рас, Мерке мен Пішпектің базарындағы суретшілерден көріп, қызықса қызыққан шығар, бірақ ол кезде қолына ұстап көрді ме екен?
Жазу үстелінің бір тартпасынан бір бума қолжазба шықты. Безеу бет бірінші бетін тесіле оқып көрді. «Қазақстан» деп жазылыпты.
– Өзіңіздің еңбегіңіз бе?
– Иә, өзімдікі.
– Неге «Кеңестік Қазақстан» емес?
– Кеңес орнағанға дейін де Қазақстан болған. Тарихи еңбек. Тарих терең.
– Жарайды. Қандай тарих екенін анықтайтын адамдар бар.Жаз протоколға, - деді безеу бет қаттаушыға: - «Қазақстан». Қолжазба. 650 бет.
Рысқұлов бұл ортада киініп те болды. Бір қиналған жері: оң аяғы туфлиге симай – ақ қойғаны. Сырты жылтырақ әдемі әміркен қара туфли еді. Өз аяғына шап – шақ болатын. Не көрінгені белгісіз - сыймайды. Әлде мыналардың қырау құрсанған ызғарынан былғары да тырысып, жиырылып қала ма екен - белгісіз. Айдауылдардың біреуі шкафтан санаторийдің өтпес, доғал пышағын алып берді. Рысқұлов оған бір, пышаққа бір қарап, басын шайқады. Сөйтті де еденді тепкілеп - тепкілеп, аяғын әрең сыйдырды. Қайысы да, тігісі де мықты - ақ екен, әйтпесе мына күшке шыдас бермей қақырап-ақ кететін реті бар еді.
– Өзіңіз үлкен бастықсыз, өзіңізге шақ аяқ киім табылмаған ба? - деп қағытты безеу бет үстел үстіндегі аманат кітапшасына қол соза беріп.
– Шап-шақ еді ғой, - деп Рысқұловтың орнына Әзиза тіл қатты. Осы мамыр мерекесінің алдында ғана мұны Рысқұловқа өзі әкеліп сыйлаған.
– Так. Жаз, - деді безеу бет стол шетінде шоқиып, заттарды қаттап отырған көмекшісіне. -Рысқұлов Тұрар Рысқұлович атына жазылған аманат кітапшасы 888 сом. Интересно, кілең сегіз. Сегіз деген сан ненің символы екенін білесіз бе? - деді кенет алдымен Рысқұловқа қарап, одан соң Әзизаға оқталып.
– Білемін, - деді Рысқұлов мынаның қылжақ қыла бастағанына ыза болып, - махаббат нышаны.
– Онда сізде махаббат үл-кеен болғаны ғой.
– Сізге де сондай үл-кееен махаббат тілеймін.
– Рахмет. Так. Мынау нақты ақша. Селезнев! Сана!
– 315 сом, жолдас майор, - деп так етті Селезнев.
– Дегенмен аздау. Курортқа бұдан гөрі көбірек ақшамен келуге де болушы еді, - деді майор. - Жаз. 315 сом.
– Киім-кешегіне тимеңдер. Тағы не бар?
– Мына біреу, жолдас майор, - деді бір айдауыл ауыз үй жақтан шампан алып шығып.
– А, шампан. Ақсүйектердің ішімдігі. Жаз. 1 бөтелке шампан.
– Тиме оған! - деп Әзиза кенет атырылып барып, айдауылдың қолынан шампанды жұлып алды.
– Бізді бұл мырзалар сараң екен деп қалар, бере сал, - деді Рысқұлов әйеліне.
– Жоқ, бермеймін. Сен мыналардың тырнағынан құтылып, үйге келгенде ашамын.
Рысқұлов уәж айта алмай қалды. Бұл сойқанда шампан түгіл бас кетпекші. Әзиза болса, әлі үміткер. Асыл Әзиза, үмітің үзілмесін. Күндіз ғана осы шампанды Рысқұлов жақсы ниетке арнап алып еді, сен босанып, нәресте дүниеге келгенде ашамыз деп еді. Бұйырмаған екен де. Ырым еткені қырын кетті. Тұрарды қазір мыналар алып кетеді. Әзиза қалады, әлі жарық дүниеге келмеген бала қалады. Тумай жатып, жарық сәуле көрмей жатып, тағдыр тәлкегіне ұшырардай не жазығы бар еді,ол бейшараның?
Айдауылдар бәрін қаттап, қағаздап, сол қағазға дір-дір еткен бас дәрігер байғұсқа қол қойғызып:
– Ал кеттік, - деді.
Шын сорлағанын енді ғана, түп – тұңғиығына дейін сезгендей, Әзиза айқай салды.
– Мені де ала кетіңдер! Мені де қоса қамаңдар!
– Нельзя! - деді безеу бет Әзизаны кеудесінен итеріп. – Остовайтесь»
Табалдырықтан аттап тұрып, Рысқұлов артына бұрылды: