Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ояз қарқылдап күліп, болыстың арқасынан қақты. Ішінен: «Империя үшін Дауылбайлар болғаны қандай бақыт! Шен үшін, өз қарабасының қамы үшін, қаны бір туысын құрбандыққа шалып жібереді. Жоқ, Дауылбайды болыстықтан түсіруге болмайды», – деп қойды. – Ал дауыстап тұрып айтқаны:

– Сіз өте сақсыз, Дауэльбай Тайтелиевич. Ол дұрыс. Сақ болу керек. Ал дәл қазір Шымкенттен әскер шақырып, әбігер болатындай ойран оқиға жоқ. Әскер шақырып, соғыс жүргізіпті деген дақбырты қандай жаман. Сайлау алдында ондай дабыра сізге тиімді емес. Дауэльбай Тайтелиевич. Сіздің өз жігіттеріңіз-ақ тындыратын шаруа. Келісіңіздер, келісіңіздер, туысқансыздар. Әлбетте, әлгі батыр киргиздың әрекетін ақ патшаға, оның жергілікті әкімдеріне қарсы қимыл деп танып, жаза қолдануға әбден болады...

– Е, мырза, менің айтып отырғаным сол ғой. Ақ патшаның сіздей ұлығына менің ордамда көрсеткен бұл қорлығы жазасыз қалсын дегеніңізге түсіне алмай отыр едім.

– Дегенмен шу шықпайтын жағын ойлаңыз. Үркердей киргиздарға шамаңыз жетеді деп ойлаймын. Бірақ әлгі жираф сияқты аты бардың бір өзі-ақ алты-жеті адамды аттан құлатып, екі бірдей солдаттың қаруын тартып әкетті. Генерал Черняевтің жорықтарына қатысқан кәнігі солдаттардың мұндай ашық ауыздығына таңданбасқа лаж жоқ. Ал әлгі батыр киргиздің қимылына сүйсінбеске тағы лаж жоқ. Сұмдық! Бұл үшін қалай коньяк алмасқа.

Коньяк қағысқаннан кейін ояз өзінің Шымкентке қайтатынын айтты. Біраз күн қымыз ішіп, таза ауа, салқын самалда болып, шынжау денсаулығы едәуір дұрысталып қалғанын айтты.

– Мен көп жер көрдім, бірақ дәл бұл Күмісбастаудай жер көрмедім, Дауэльбай Тайтелиевич, – деді ояз шын ниетімен. – Швейцария десе болғандай.

Бұл хабарға Дауылбай қапаланды. Әлі де бола тұрмадыңыз ба, жайлауға шығып, небір тамаша көрер едіңіз? Неден кенет аттанбақшысыз? Әлде әлгібір бейбастақ іс сізді ренжітті ме? – деп бәйек болды.

Ояз ризалығын білдірді. Мемлекеттік мәні бар көп істер күтіп тұр Шымкентте. Тіршілік болса тағы келер. Жер арасы жақын. Жақсы атқа бір-ақ күндік жол. Енді шақыртпай-ақ келеді. Өйткені Түлкібасқа ояз ғашық болып қалды. Ал әлгі жираф мінген киргиздің ісін болыс билер арқылы өзі шешсін. Тіпті іс насырға шауып, дүние бүлініп бара жатса, Шымкент алыс емес қой, хабарлассын болыс. Ояз әскер бөлуге дайын. Ақ патшаның адал қызметшісі Дауэльбай Тайтелиевич сынды ардақты адамдарды ояз әрдайым қамқорлыққа алады. Дәм-тұзыңа, ықыласыңа рақмет!

* * *

Ұлықты Дауылбай Сазтөбеге дейін шығарып салды. Қоңыраулары күмбірлеп күймелер көрген түстей лезде ғайып болды. Дауылбай аттан түсіп, оязбен құшақтасып, қоштасқан жерде әлі тұр. Ұлықтың құшып тұрып, арқасынан қаққаны әлін алып қойғандай, орнынан қозғалар емес. Шала мас. Бәрі шала. Көңіл ала. Ояз күліп аттанса да, Дауылбайдың күдігі жанын жеулі. Әлгі алсай сойқаны болысқа қатты соққы болды. Ояз мәдениетті, зиялы кісі. Сыпайы мінезбен бәрін жуып-шайып сыр білдірмей кетті. Ал бірақ ішінен не деп кетті. Ел басқара алмайтын, халықты уысында ұстап отыра алмайтын болымсыз болыс екен деп бара жатқан жоқ па? Қол астындағы бағыныштылары басынып, болысын сыйламайды екен деп бара жатқан жоқ па? Тапа-тал түсте ақ орданы солқылдатып, маңдайын түсіріп, уықтарын сындырып кеткені анау. Шын мәнінде маңдайы жарылған киіз үй емес, Дауылбайдың өзі шығар. Ел құлағы елу, болыстың ақ ордасын тал түсте ат ойнақтатып, бір кедей сабалап кетіпті деген сыбыс жер-жерге жайылып кетсе, сол жаман. Сүйекке таңба. Масқара таңба. Қап, ит алсай! Жер басып жүрсем ендігі ісім сенімен болсын. Қоңыз тергізіп жегізіп, қаңғыртып жібермесем, Дауылбай атым өшсін! Үрім-бұтағыңа дейін қан қақсатармын сен алсайды. Ашыққан ит аяғымды келіп жалайсың әлі! Ал мен сен сұмдарды аш бөрідей ұлыта аламын. Өзің келесің... Төрт аяқтап, жер бауырлап, жорғалап жетесің!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий