Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мұның көзін құртса, басқасы илеуге оңай. Илеуге келмейтін шелді пұшпақ осы. Казак-орыстың қолымен қайтпас сапарға аттандырып жібергенде, оңды болар еді. Ертең ел-жұртқа, би мен сотқа: «Е, ол бұзық ұлыққа, ақ патшаның айтулы адамына қастандық ойлап, содан қаза тапты», – деуге жеңіл-ақ еді. Бірақ мылтық атылмады.

Ояздың да өз есебі бар. Біріншіден, Рысқұлдың ерлігіне шын сүйсінді. Ұлы қолбасшылардың шын ерлікті бағалап жауы да болса жарылқағанын ояз талай оқыған, естіген. Мәдениетті, зиялы қауымның өкілі ретінде ол мұндай жомарт мінез көрсетуді өзіне мәртебе санайды.

Екіншіден, өзі сыйлы қонақ болып жатқан жерде кісі өлімі кездесіп, қан төгілгені қайбір жақсылық дейсің. Күні ертең Шымкентке аттанады. Аман болса, мына болыс Рысқұлға ақысын жібермес. Бұларды казак-орыстың қолымен атқаннан гөрі бірінің қолымен бірін бауыздатып, өздерімен өздерін қызыл шеке етіп қойып, қызығына қарап отыру әлдеқайда тиімді.

Бұл кезде Рысқұл оқ бойы жерге жетіп, атынан түсті. Қайың сойыл мен білтелі мылтықты ердің қасына ілулі қалдырды. Торыны жетектеген бойы ақ ордаға беттеді.

Әдетте Дауылбайдың ауылына ұлықтан өзге ешкім атпен кірмейді. Ауыл сыртынан аулақта көліктен түсіп, жаяу келеді. Бұл бұлжымас қатал тәртіп. Оны ешкім бұзып көрген емес. Тұңғыш бұзып тұрған Рысқұл. Оның өзі де, ауылға көлікпен кіруін кіргенмен орда алдында аттан түсті. Әлі күнге дейін он алты қанат орданың белдеуіне ешкім ат байлап көрген емес. Рысқұл мына сиықсыз торы атын анау аулақтағы мамағашқа байлап қойып келуі керек еді. Оны істемеді. Жалсыз торыны ыңғайлап, жетекке алды. Фаэтонға кілең жал-құйрығы төгілген сәнді жылқы жектіретін ояз мына жал-құйрықсыз сидиған, жираф тәріздес айуанға көп таң қалды.

– Аман, ояз мырза, – деді Рысқұл. – Ассалаумәлейкүм, болыс-еке!

Болыс ләм деген жоқ. Ояз:

– Здравствуй, батыр! – деп алтын сақиналы қолын ұсынды.

Рысқұл бұл құрметті күтпеп еді, шылбырды білегіне іле салып, ояздың қолын қос қолдап алды.

– Мынау ат па, жираф па? – деп сұрады ояз: Тілмаш аударды.

– Кедейдің аты ғой, ояз мырза.

– Кедейдің бәрі мұндай ат міне берсе жаман емес, – деп мысқылдады ояз.

«Менімен қашанғы тәжікелесе берер дейсің. Уақыт оздырмай, келген шаруамды айтып қалайын».

– Ояз мырза, сізге, болыс-еке, сізге айтайын деген бір ауыз арызым бар.

– Не деп тұр? – деді ояз тілмашқа.

– Арыз айтпақшы.

– Айтсын.

– Айт, – деді тілмаш.

– Айтсам, ояз мырза, менің туған ағам Бердіқұлды болыстың адамдары ұрып өлтірді. Тары суғарып жүрген жерінде. Тепкілеп төрт қабырғасын сындырып, өкпе-бауырын езгілеп, құлаққа шыммен бастырып кетіпті. Үйге жетті – жан тапсырды.

– Менің адамдарым екенін қайдан білдің? – деп болыс шегір көзін Рысқұлға қадай қалды. Жалпақ мұрнының танауы бір делдиіп, бір қусырылды.

– Болыс-еке, бөтен жау жоқ. Суды бұрып алды деп істеген қиянаттарың.

– Атын ата сол адамның!

– Мен жеткенше кетіп қалыпты. Құлаққа бастырып кеткен жерінен өзім суырып алдым ғой ағамды. Түн қаранғысы еді. Ауруды тастап, арттарынан қуа алмадым. Бір құдай көріп тұр ғой, сіздің төбеттерден басқа ешкім талаған жоқ Бердіқұлды.

Дауылбай кенет оязға бар денесімен бұрылып, бүгіліңкіреп тұрып:

– Мырза, бұл бұзықтың сандырағын тыңдап, күнде тұрып қалдыңыз-ау. Үйге кірсек қайтеді? – деді.

Ояз ойланды. «Кісі өлімінің дауы болса, оған араласып бас қатырып жатудың керегі де шамалы. Бұл киргиздардың өздерінің билер соты бар. Сол шеше жатар...».

Болыс ояздың жауабын күтіп тұрмай, орданың оқалы есігін бір шетінен түре берді. Ояз Рысқұлға қарап пақырсынып, менен кінә жоқ, міне, мынау болмай тұрған дегендей пішін танытып, болысқа қарады. Сөйтті де еңкейіп үйге кіре берді.

– Ояз мырза, мен сізге арыздандым ғой! – деп Рысқұл ентелей беріп еді, алдын Дауылбай, екі қазақ-орыс, тілмаш, бұл кезде ауылға шойнаңдап жаяу жеткен Сақан бәрі кес-кестей қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий