Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің?! Бәрі өтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес еді. О да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім Ескендірдің қасында. Иә, Дауылбай кетсе болыстыққа таласып жалаңдап отырған балалары бар емес пе? Алсай білетін Дауылбай балалары қазіргі болыстан қаһарлырақ болмаса, кем емес. Дауылбайдан бұрын оның әкесі Тәйтелі өткен. Қоқан ханының датқасы еді. Тәйтелінің әкесі Оңғар о да датқа болған. Әлде Алла тағаланың адамның пешенесіне жазу жазып қоятыны рас болды ма екен? Дауылбай тұқымына құдай бай болуды, әкім болуды, Алсай тұқымына кедей болуды, құл болуды жазып қойды ма екен?! Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ұрық қуалай келе жатқан пешене болса, құдайдың құдіреті рас та шығар. Алсай ауылы қыс қызылға, жаз қымызға жарымайды. Тары көженің өзі табылса тақыл-тұқыл тарта ішеді. Ал Дауылбай итінің басына іркіт төгіліп жатады.

Рысқұл басын көтеріп аспанға қарады. Әлгі бір түпсіз ойдың тұңғиығынан шыға алмас еді, сол ойын аспандағы шаңқ ете қалған бір дауыс бөліп кетті. Тау бүркітінің сол шаңқылын бұл көште Рысқұлдан басқа ешкім елеп естіген де жоқ. Тым зау биікте жалғыз ноқат ағып бара жатыр екен. Беталысы – Ақсу-Жабағылы. Рысқұлдың жүрегі сарт-сарт ете қалып, артынша ақырын сыздап барып басылды. Әлгі қыран мұны асқар тауларға, жасыл-ала орман, сарқырама суларға шақырып кеткендей еді. Дауылбай жоқ, приставы жоқ, оязы жоқ. Сақан қарақшысы жоқ, тары екпейтін, суға таласпайтын еркін дүниеге шақырып кетті. Аршалар арасынан пар-пар етіп ұлар ұшқан, құздың құлар басында қарауыл қарап таутеке тұрған, шаңқ еткен қыран дауысынан тау жаңғырыққан қайран да қайран дүние!

XI

Темір есіктің құлпы салдырлады. Рысқұл елең етіп басын жерден көтеріп алды. Қарауыл ішке Тұрарды кіргізіп жіберіп, есікті қайта жапты.

Күнде осылай. Бала жұмыстан қалжырап қайтады. Оның келуін әкесі тықыршып күтіп жатады. Әлденеге ұшырап кете ме деп қауіптенеді. Баласы аман-есен оралған сайын, ол бір алыс сапардан, қиын-қыстау, қырғыннан аман қайтқандай, Рысқұл қуанып, қабағы ашылып қалады.

– А, Тұрарка, кел, кел, – дейді Бронников те көңілденіп. – Кәне, жарық дүниеден келдің той. Не болып жатыр жер бетінде?

Тұрар көрген, білгенін айтады. Баланың сараң хабарынан соң Рысқұл көршісіне бұрылып:

– Ей, Ескендір, осы сенің Петербордан екенің рас болса, сен Метрейді білесің бе? – деп сұрады.

– Қай Метрей?

– Дмитрий дегені, – деп Тұрар түсіндіреді.

– Петербургте кім көп, Дмитрий көп, қайсысы керек?

– Оу, оқымысты Метрейді айтам. Менің досым ол. Алдынғы жылы мына Талғар шыңына екеуміз шығып қайтқанбыз. Жақсы адам. Сондай да небір жақсылар бар-ау. Ай, адал адам еді. Алдыңғы түрмеде Ахат дейтін ағам арқылы хат жазғызып едім, жауап жоқ. Әлде мына атаңа нәлет нәзірәтел бергізбей, жасырып тығып қойды ма, қайдам. Басыңа күн туа қалса, хат жаз, көмектесемін, – деп еді. Хабар жоқ. Сонымен, Метрейді білмейтін қу болдың ғой. Әй, сен Петербордан емессің-ау, Ескендір.

– Ну вот, – деп Александр Бронников дәрменсіз адамдай қолын жайды. – Сенбесең, Приходькодан сұра, надзирательден сұра. Сен түрмеге бірінші қаңтарда түстің, мен түрмеге тоғызыншы қаңтарда түстім. Тоғызыншы қаңтарда Петербургте не болғанын білесің бе өзің?

– Е, қайдан білейін? Петербор тұрмақ, осы Алматыңның өзінде не болып жатқанын біле алмай тас інде жатқан жоқпын ба? – деп Рысқұл іргеге қарай сыздықтата түкірді.

– Ал, мен айтайын, тоғызыншы қаңтарды біліп қойған жөн. Тұрарка, сен тек аударып қоймай, бұл әңгімені өзін де жөндеп тыңда. Тоғызыншы қаңтар – халық аузында «Қанды жексенбі» аталып кетті...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий