Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Второй книгой романа Шерхана Муртазы романа «Красная стрела» о Тураре Рыскулове является книга с лозунгом «Будь тюркоязычным, будь целым!»

Красная стрела. Первая книга / Қызыл жебе. Бірінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ой-бай, ол иттер егінге жылқы қаптатты, – деді әлгі тасқынның кенет бұрылып кеткен сырын ұққан Рысқұл.

– Иә, сөйтті! – деді Қорған да.

– Онан да өзімізді шапсашы.

– Аттанайық әлі де болса, – деп Рысқұл жал-құйрықсыз торымен Қарақойынға қарай ағып жөнелді. Басқалар да аттылы-жаяу бәрі тары жаққа жүгірген. Бір кезде түн ішін күңіренген мылтық дауысы кернеп кетті. Орыс солдатының қолға түскен винтовкасынан атылған оқ дауысы аспан қақыратқан найзағай гүріліндей алапат шықты.

* * *

Дүниедегі әдемі әуен – күзгі жанбырдың әуені. Олар Шақпақтан асқанда жып-жылы жаңбыр жауды. Көптен бері жердің тандыры қатып, таңдайы кеуіп, тамбай тұрған жаңбыр. Осыдан үш-төрт күн бұрын жауса, мүмкін су үшін сойқан соғыс болмас па еді. Бердіқұл сойылға жығылмас па еді.

Жоқ. Дауылбай алсайларды Қарақойыннан қалайда қуып шығар еді. Ол үшін айла көп. Су сөз емес. Су жетеді. Алатаудан ағып жатқан судың молдығында есеп жоқ. Әлдеқалай Алатаудан құлаған өзендер тоқтап қалса, ылдидың ындыны құрып, құм жамылар еді. Құм жаулаған жерлердің реңі қашып, жасыл жапырақ атаулы жоғалар еді. Жасыл жапырақсыз өмір не?!

Атыңнан айналайын, Асқар тау! Басындағы ақ қар – ақ сүттей бар. Ел емеді, жер емеді.

Тау болмаса – Ақсу қайдан шығар еді? Арыс қайдан шығар еді? Теріс қайдан шығар еді. Талас пен Аса қайдан шығар еді?

Шу мен Іле қайдан шығар еді...

* * *

Ел аман, жұрт тынышта шұбаған көш Шақпақ асуынан ары аунап түскен кезде туып-өскен Түлкібас көзден таса болды. Өзінен биік тау жоқ сияқты көрінетін Дәу-Баба да көрінбей қалды. Шақпақтың қақпасы арттарынан тарс жабылғандай болды. Енді қашан ол қақпа қайта ашылмақ? Енді қашан туған жер құшағын жаймақ? Шалдар күрсініп, әйелдер анда-санда дауыстап, аңырап-аңырап алады. Етек-жең түрулі. Бұрынғыдай кимешектері шұбатылып жер сызбайды, көйлектің етегі ышқырда. Алыс сапарға ықшамдалған, айбынды жүріс. Тек оқтын-оқтын оқыс ойбай естіліп қалады. Ондайда шалдар:

– Тек! Жағың қарысып, өз басыңа көрінгір. Жылама! – дейді.

Шақпақтан құлай бере алдарынан айналасын тағы да тау қоршаған жасыл-сары алқап жатты.

Алатау бұ жақта бұрынғыдан да биіктей түсті. Қаратау керілген керегедей ұзара берді. Шақпақтан аунап түстік дегені болмаса Түлкібастан айырмасы аз. Аспан сол аспан, таулар сол таулар. Шөбі де сол, суы да сол, тек келе жатқан күз сүмбіле лебі ерте білінеді.

– О, жарықтық Жуалы! – деді Ахат.

– Түгін тартсаң топырағынан май шығады. Әсіл топырақ. Нағыз егіншінің қолы ғой, жарықтық Асан қайғы айтыпты дейді: «Әттең, атымның сауырына сыймайсың, Жуалы, әйтпесе артып әкетер едім», – деп.

– Ой, әулие-ай, а, – деді бір шал есегін тебініп қойып Ахатпен қатарласа беріп. – Бұл жерге де келген екен ғой әулие.

– Е, келгенде қандай. Ол кісі жүрмеген, көрмеген жер бар ма. Ел қамын жеген адам да. Шөбі шүйгін, суы бал, өрісі мол жер іздепті ғой мал баққан қазаққа.

Балапан ұшырған қарлығаштар алсайлардың көшіне ілесіп біраз жерге дейін ұшып барады да аң-таң қалып, аңтарылып, қалып қояды. Адамдардың құс құсап күзде оңтүстікке қарай көшпей, тура шығысқа тартқанына таң қалатын сияқты. Бұл қарлығаштар да бүгін-ертең көтеріліп ұшып, туған жерін қиып тастап оңтүстік асып кетеді. Туған жерін қимасына амалы жоқ: қаһарлы қыс қылышын сүйретіп әлі-ақ келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий