Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Работа, возродившая дух нации «Просыпайся вставай!» «Проснись, Общество!». Этот авторский труд является результатом многих лет творческой работы, исследований и поисков.

Красная стрела. Вторая книга / Қызыл жебе. Екінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны ойлап Тұрар өз қиялында Наташаны осында алып келіп, мына қожалақ қотыр үйге енгізіп, ана қызыл шеттік тікеннің арасымен жалаңаяқ жүргізіп көрді. Наташа қызыл тікен арасында жүре алмай шырылдап жылап Тұрарға қолын созады. Бұл жүгіріп барып, оны көтеріп алады. Наташа Тұрарды мойнынан тастай құшақтап алып, бетінен шөп еткізіп сүйіп: – Өлгенше ұмытпаймын, Тұрар, бұл жақсылығыңды, дейді. Кенет бұл әдемі суретті басқа бір көрініс көлегейлеп кетеді. Фаэтонға жегілген қос асау жиренді Аркаша ақилана айқайлап құтырта түседі. Фаэтонның дөңгелектері көшеге төселген малта тастарға тиер-тимес, заулап ала жөнеледі. Наташа періштенің дауысындай нәзік үнімен шыр-шыр етеді. Тұрар Аркашаны шынтағымен итеріп тастап, тізгінді бар күшімен шірене тартып, асау жирендердің басымен арпалысып, аптығын әрең басады. «Рақмет саған, Тұрар», – деп сыбырлайды шарадай көздері жасқа толған Наташа қолға түскен шымшықтай дір-дір етіп.

«Қайран Наташа, мені ойлай ма екен?».

Тұрар алыстағы Наташаны осылай көріп, мына кедей үйге келген шаруасын да ұмытып тұрған кезде, ешкілерді иіріп айдап Күләй де жетті.

Енді өзеннің бір бұлымында жатқан лақтарын алдырып болғанша, Талбүбі әлгі ешкілерді көгендеп қойып, қайыс тегенеге тырс-тырс сауа бастады. Ешкілерді қақтап сауып алған кезде, Күләй айдап келе жатқан бөрте лақтар енелерін көріп, алыстан маңырап құлдыраңдап жүгіре жөнелді. Сүті қақталған желінді әлгі шұнақтар ақжем қылып кергілей бастады.

Тайлақ ешкілерді көгеннен ағытып, енді Тұрардың алдына салып, ауылдың сыртына дейін шығарысайын деп тұрғанда, үйден алқам-салқам аптығып, Талбүбі қайтадан атып шықты. Асығамын деп абайламай, аласа есіктің маңдайшасына басын тарс дегізіп соғып алды.

– Алда қараң қалғыр-ай! – деп ақсары жүзі өрттей қызарып маңдайын сипалап, тыжырынып тұрып қалды.

– Әй, Тайтақай, не көрінді, сорлы, сонша асығып? – деп Тайлақ артына бұрылды.

– Тоқта! Тоқта! – деп Тайтақай көйлегінің жыртық етегін ышқырына қыстыра айқайлап келеді.

– Не боп қалды, қу керең?

– Әй, байғұс-ау, бұл бұйырмаған кебенектердің жүнін қырқып алып қалайық та. Қыстай бағып, тым құрыса, жүні де бұйырмай ма? Ана ақ ешкінің түбітінен мына қызыңа орамал тоқып берейін деп едім. Тоқта!

– Ой, жарымағыр-ай, мына баланы жолынан қалдырасың ғой. Күн ауып барады, бұл жеткенше қашан? – деп Тайлақ құлқы болмап еді, Тайтақай оны естімеді, не естігісі келмеді, қызы екеуі ешкілердің алдынан шығып, қайтадан көгендеп тастады да, әлуетті әйел тұшаларды аяқтарын қосақтап ұстап, жерге атып-атып ұрып, жіппен байлап тастап, қырықтықты қайрап-қайрап, кебенектерді жалаңаштай бастады. Балпылдап көп сөйлейтіні Салиха апасына тартқан екен, қолы да, аузы да тынбай жүр.

– Дұшпаннан түк тартсаң да пайда, қараң қалғыр Қырғызбай, жезде болмай жерге кіргір! Құдай пейіліңді қуратқыр, пейілі қурап, менің балаларым ішіп отырған бір қасық сүтті ауыздарынан жырып алғанда, несіне көгерер екен? Ертең өле кетсе, осы малды өзімен бірге ала кете ме екен? Әй, бала, айта бар осы сезімді. Өзің бір орыс сияқты екенсің, қазақша білесін бе өзің? Безіреюін қарашы, орыстың баласын асырап алған ба менің қу жездем?

– Әй, Тайтақай, қысқарт тіліңді? Бұл тіл тигізетін кісінің баласы емес. Тантыма бекер! – деп Тайлақ айбат көрсетті.

Күн болса кешкіріп барады. Оның үстіне баланың қарны аша бастады.

«Үйге кір, шәй іш, дәм ауыз ти», – деген жан болмады. Битін сығып, қанын жалап отырған мына бейбақтардан ондай ықылас күту де нобайсыз.

Сонда да болса Тұрар сабыр сақтады. Оның еркіне салса мына ешкілерді тастап кетер еді. Қырғызбай атасы күнін көре алмай отырған жоқ, ал мына қу сирақтарға ешкі де болса нәфаха. Бірақ онсыз да сиырсыз қайтқалы тұр. Тым құрыса, ешкілерді айдап барып алдандырмақ Қырғызбай атасын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий