Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

СОҒЫС ПСИХОЛОГИЯСЫ

(стенограмма)Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымеен болған әңгіменің стеннограммасы

Алматы қаласы. 1944 жылдың 19 январы.

Сағат 12-ден — 18-ге дейін.Қатысқандар:

1. Сәтбаев Қ. И. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы Президиумының председателі, СССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

2. Әуезов М. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының аға ғылыми қызметкері, жазушы, профессор.

3. Мүсірепов F. — жазушы.

4. Сиранов Қ. — Киностудия бірлестігі директорының орынбасары.

5. Жұбанов А. — Композитор, профессор.

6. Сүлейменов Б. - СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институты директорының орынбасары.

7. Оспанов Ө. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалы Президиумы председателінің орынбасары, ғылым кандидаты.

8. Мыңбаев К. — Қазақ СССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті председателінің орынбасары, профессор.

9. Строева В. П. — Кинорежиссер, институт директорының орынбасары.

10. Рошаль Г. Л. — Кинорежиссер, институт директорының орынбасары.

11. Марғұлан Ә. X. — филология ғылымдарының кандидаты.

12. Исмайлов Е. — филология ғылымдарының кандидаты.

13. Чокин Ш. —СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының аға ғылыми қызметкері.

14. Ораев — СССР Fылым академиясы Қазақ филиалының ғылыми қызметкері.

15. Қазкен. — СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының ғылыми қызметкері.

16. Рушанов— доцент.

17. Чумак — Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Мемлекеттік архиві директорының орынбасары.

18. Шапиро — Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариатының Мемлекеттік архивінің ғылыми қызметкері.Сәтбаев жолдас. Бүгін біздер - ғылым, әдебиет пен өнер саласының іріктелінген топтары - гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының Алматыға келуін пайдалана отырып, оның өз аузынан Ұлы Отан соғысы тарихының біршама кезеңдерін, атап айтқанда, генерал Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия туралы әңгімесін тыңдауға бас қосып отырмыз.

Көз алдымызда өтіп жатқан оқиғалар, даусыз, бүкіл дүние жүзі тарихының игілігіне айналмақ, онымен болашақ ұрпақтан шыққан зерттеушілер де айналысатын болады. Бұл аса маңызды тарихи мәнді оқиғалардың, жарқын көріністердің ішінде Ұлы Отан соғысының барысында еліміздің тағдыры шешілген - Москва үшін шайқас жүргізілген 1941 жылдың күзіндегі оқиғалар ерекше маңызды әрі оның принципті мәні бар. Москваны қорғаудағы аса жауапты шептер, Қазақстанның абыройы мен даңқына орай, Қазақстанда генерал Панфилов жасақтаған дивизияға тапсырылды. Бұл оқиғалар біздің бәріміз үшін де өте маңызды әрі біз бұл аса зор шайқастар жөнінде тереңірек білуге тиістіміз.

Полковник Бауыржан Момышұлы сұрапыл шайқастарға қатысушы ғана емес, ол жетекші командир болды, сондықтан оның әңгімелері бізге ерекше құнды болмақ. Мұнда полковник Момышұлы айтқан құнды, мазмұнды әңгімелерді өздерінің творчестволық жұмыстарында пайдалaнa алатын әдебиет, ғылым және өнер саласының өкілдері қатысып отыр, сөйтіп біздер гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының аса құнды әңгіме- лекциясын тыңдамақпыз. Менің ойымша, бұл кездесуіміз бір ғана әңгіме түрінде емес, іштей бір-бірімен сабақтас, соғыстың жарқын көрінісінің дамуы мен детальдарын талдауға арналған 3-4 лекция түрінде өтпек.

Енді гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өзіне сөз беруге рұқсат етіңіздер.

Бауыржан Момышұлы.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий