Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мына біздердің, жай адамдардың, арасында әлдебіреуді өлтіретін адам табыла қояр ма екен? Оның қолдары қалтырап, жалпы ол мұны істей алмаған болар еді, ал солдат оныістейді. Ол бір адамның өмірін қорғау әрі сақтау мақсатымен, басқаның көзін жояды. Ол неліктен екінші біреудің көзін жояды? Оған бұлай етуге кім хұқық береді? Соғыста бұл адам өлтірушілік әрекет немен ақталынып алынады? Неліктен бұл ұрыс даласында ерлікке, ал мұнда, сіздерде, қылмысқа саналады? Ол өзінің көзін жойғысы келгеннің көзін жояды! Дұшпанның өзін өлтірмек болған қараниеттілігі, оған оны өлтіруге хұқ береді!

Бұл адам өлтірушілік ұрыс даласында жауынгерлік парызды орындаумен моральдық тұрғыдан ақталынады.

Мен неліктен бұл мәселені кеңірек таратып айтып отырмын? Мен сіздерді үйреткім келіп отырғам жоқ, бірақ бұл мәселенің төңірегінде біздерде бірсыпыра жаңылыс түсініктер орын алып отыр, арамызда әртүрлі адамдар бар, әдетте парасатты адамдардың кейбіреуі өзін-өзі сақтау инстинктін басып тастау қажет дейді, қорқынышты теріске шығарып, тек ерлікті ғана көргісі келеді (әбден жөнді әрі сөзсіз игілікті, бірақ нақты шындықтан мүлдем алыс жатқан ниет).

Қорқыныш тіпті әскери шенге ие. Қатардағы жауынгер, унтер-офицер, офицерлік- генералдық және одан да жоғары шенге ие қорқыныш бар.

Кейбір операцияларды генерал емес, қорқыныш шешкен жағдайлар бар: әскердің ұзаққа созылған бей-берекетсіз шегінуі - мұның бәрі генерал-қорқыныштың ісі.

Қарсылық көрсетуші бір солдат шабуылға шыққан он солдатқа елеулі әрі басып өте алмайтын тосқауыл болып табылады. Ұрыс тәжірибелері көзімізді осыған жеткізді. Жұрт әйтеуір бір генерал қашыпты, шынында да қашпай, оның әскерін қорқыныш қуыпты дейді ғой.

Қайталап айтамын: соғыс пен әскердің ұрыс қимылдарын екі генерал - әскери генерал мен генерал-қорқыныш басқарады.

Екіншісі бет-бейнесі жоқ, барлық жерде торып жүретін, құпия, көрінбес генерал. Оның әрекеті жай түскендей. Біріншісі үнемі бітіспес күрес жүргізіп отырады және өзіне қолайлы болу тұрғысынан екіншісімен берік достық байланыс жасайды (қолайлы кезде дұшпанға қорқыныш тудырып, сөйтіп оның қызметін пайдаланады). Генерал-қорқыныш - стихия генералы. Ол батыл солдаттан зәре-құты қашып, қоян жүрек маршалдың жағасынан алады. Қазіргі кезеңнің тарихы генерал-қорқыныштың тіпті ірі стратегиялық масштабтағы операцияларды әлденеше рет шешкені сияқты көптеген фактілерді біледі.

Қорқынышты әрбір адам көп, тіптен бірнеше рет басынан өткізді: казармалық өмірдің қорқынышы, жауынгерлік жорықтың қорқынышы, ұрыс алдындағы қорқыныш және ұрыс кезіндегі қорқыныш және т.б. Бұл жерде қазақ халқының «ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мәтелін келтіре кеткен орынды. Бұл мәтел - біздің халқымыздың жауынгерлік ой-пікірі, сіз, сірә, басқа мұндай ой-пікірді таба алмассыз. Көбісі бізді тіпті әскери форма киіп тұрғанымыздың өзінде де бақташы тайпа деп санайды, бізге түр- тұрпаты ерекше адам ретінде қарайды. Бізге халық, адам ретінде қарау қажет. Егер біз өзіміздің тарихи зердемізге үңілсек, онда бізде көптеген жауынгерлік шығармалардың барлығын көреміз. Бұл мәтелді орыс тіліне былай аударуға болады: «Мужу честь дороже жизни, благородному человеку честь дороже жизни». «Өлімнен ұят күшті». «Бесчестье - позор - страшнее смерти». «Жаным - арымның садағасы». «За жизнь дерись до смерти». «Өмір үшін өлгенше соғыс». Адамгершілік сезімі, ұят сезімі, ерік-жігер, мақтаныш және басқа да сезімдер адамның барлық асыл қасиеттері біздерге - жауынгерлерге өзінің ішкі қорқынышын, содан кейін сыртқы қорқынышты жеңуге көмектеседі...Қорытынды жасауға көшейік, қорқыныш барлық тірі нәрселерге тән болса, батылдық парыз сезімінің қорқынышпен күресі нәтижесінде туады екен.

Ал парыз сезімі дегеніміз не?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий