Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Устав талаптарының (жинақталған тәжірибе) принциптеріне негізделген атыс құралдарын ұйымдасқан түрде қолдану атыс жүйесі деп айтылады. Әскердің жауынгерлік тәртібі осы атыс жүйесіне сүйенеді, өйткені қазіргі заманғы ұрыс пен қорғаныста және шабуыл жасауда әскерлердің маневрімен үйлестірілген атыс шешеді. Дұшпанның адам күші мен техникасына кім көбірек атыспен әсер етсе, атыс инициативасын кім қолына ала білсе, икемді, атысты басқара білуде басымдылық көрсетсе, траекторияны қажетті бағытқа қажетті сәтте кім шоғырландыра алса, сол жеңеді.
Олай болса, ұрысты басқара білу дегеніміз — демек, атысты басқару, траекториялармен, ептілікпен маневр жасау, дұшпанның төбесінен бас көтертпей атып, оны жерге, окоптарының, орларының түбіне тығып жіберу, бетін қаратпау және атыс ұялары амбразураларын қирату, сөйтіп жаудың күшін аяусыз жою, өз күшіңді сақтау деген сөз.
Жаяу әскердің жолын атыс, атыс және атыспен ғана ашып, оны тек атыспен, атыспен ғана сақтай аласың, тек аңқау надан мен үстіне әскери форма киген дарақы адам ғана жаяу әскердің кеудесімен әскери тілде атыс қалқаны деп аталатын - дұшпанның қорғанысының алдыңғы жағындағы өлім алаңын жарып өтуге ұмтылады (өкінішке орай, мұндай дарақылар - ұраншыл, нақұрыстар аз емес).
Тек ұрыста ғана адамның барлық қасиеті сынға түседі. Егер де бейбіт уақытта адамның кейбір ерекшеліктері байқалынбаса, онда ол ұрыс үстінде ашылады. Ұрыс психологиясы сан қырлы. Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне соғыс әсер етпей қоймайды.
Ұрыста зәреңнің зәр түбіне кеткенін жасыра алмайсың. Ұрыс жалған батырлықтың бетпердесін сыпырып тастайды. Жалған нәрсе оқтың астында шыдас бермейді. Ерлік ұрыста мүлдем көрінбейді немесе барынша толық түрде көрінеді.
Сіздердің көпшілігіңіз «Арпалыстың» бірінші повесін оқыдыңыздар. Мен Москвада болған кезімде, жазушылармен, журналистермен әңгімелестім, әскери форма киген бұл қарапайым адамдар соғыс туралы өте нашар білетін болып шықты. Бірінші повесте менің солдаттарым ұрысқа өлу үшін емес, өмір сүру үшін барады, бұл қалай болуы мүмкін, мұнда айналаның бәрінде оқ, снарядтар, жарықшақтар қарша түтеп тұрған кезде, ол жерде тірі қалуға бола ма? - деді олар маған. Meн солдатқа тірі қалу үшін барады деп түсіндіру керек деген сенімдемін, бірақ ұғындырудың өзін әбден негіздеп алу қажет. Көпшілігінде соғыс дегеніміз қаптаған техника мен қырып-жоятын қару - бұл кәдімгі ет турағыштың өзі, оған тап болды екенсің, қайтып оралмайсың дейтін пікір бар.
Бұл мәселеге қатысты менің қойын дәптерімде соғыс ет турағыш машина емес, өйткені қырып-жоятын қару екі жақта да бірдей деп жазылған. Қырып-жою мөлшері мен қырып- жоюға қабілеттілік солдаттар мен офицерлердің ұрыс жүргізу өнеріне байланысты. Соғыс өнерін меңгерген ұрыс жүргізе алатындар үшін соғыс белгілі бір дәрежеде шетінен қырып-жойғыштық сипатынан айырылады.
Ұрыс өнерінің негізі - дұшпанға оқпен әсер ету, оның адам күшін қырып-жою, өз күшіңді аман сақтау. Ұрыс жүргізу өнерінің мәні де осыған байланысты.
Ұрыс идеалы - бұл ұрыста шығынсыз жеңіп шығу, ал ұрыс өнері - ұрыста барынша аз шығынмен жеңіп шығу. Ұрыста кездейсоқтық көп ұшырасады деседі. Ұрыста кездейсоқтық жоқ, дұшпан үшін күтпеген жағдай бар. Жеңіс немесе жеңіліс - себептілікті және заңдылықты нәрсе. Кездейсоқтықтың тасасында офицер мен солдаттың барлық салдыр-салақтығы бүркемеленеді, сондықтан да кездейсоқтық деген ұғым офицерлер мен солдаттардың ықылассыз әрі ойланып жасалмаған қызмет әрекетін ақтай алмайды. Ал бұл ақталу көпшілігінің көкейінде тұрғанын ойлап көріңдерші. Мен неліктен бұлай жаздым?