Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Мейірімсіздердің жаны нәзік емес, оларға құдық та түпсіз терең. Батырға сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.Атқа мініп жүре алмайтынға жуас ат та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді - барлық сылтауды жайып салады.
Шошқа бағушы арғымақты тұрқына қарап ажырата алмайды, оған қашар да - ат. Құм ішіндегі дәнді қырағы көз ғана шалады. Кебекті ұннан елеп айырады, су көмір арқылы таза сүзіледі. Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады.
Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады.
Басқаны «жақсыға» білгенше, өзіңді «орташаға» біл. Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.
Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.
Тер төккенше тыраштану - кейде жалқаулыққа пара-пар... Тым ерекше құштарлық - бейжайлықпен бірдей дерлік.
Тым адалдық - жалғандықпен пара-пар.
Егер өткенді үнемі еске түсіріп тұратын ақ нәрсеге жамалған жамаудай көзге бадырайып тұрғаннан гөрі, дұрысы бүлінген дүниені бүлдіріп тастаған жөн.
Жарықты бөгде затпен бітегеннен гөрі, сынғанды сындырып тастаған жақсы.
Егер тігісі сөгілмей жыртылса, оны қалдықпен жамағаннан гөрі мүлдем жыртып тастаған жөн. Бетіне түкіріп, қайтып сүйгеннен гөрі, мүлдем безіп кеткен жақсы.
Екіжүзділіктің балын татқаннан, әділдіктің ащы уын ішкен артық.
Қарттықтың әдемілігінен көңіл қайтқанша, махаббаттың арманынан ләззат алған дұрыс.
Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық.
Мақтаныш - ерлік анасы.
Айбарлы адам жасық жанға дос емес... Өзін сыйламаған - басқаны сыйлауға қабілетсіз.
Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.
Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас.
Соғысуға кедергі келтіретін ұлттық дәстүрлер жоқ, қайта соғысуға көмектесетін ұлттық дәстүрлер бар: ұрлық, опасыздық - бұл ұлттық дәстүрлер емес, ұлттың ішінде көр кеуделік. Ұлттық мақтаныш - сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.
Солдаттың ерлігін ұрлау - адам бейнесіндегі хайуанның ең сорақы қылмысы.
Өзінің пікірін бәріне бірдей үзілді-кесілді, соңғы пікір деп санау - бұл өз күшің мен қабілетіңді қатал асыра бағалаушылық.
Көрген нәрседен бәрі хабардар болуға тиіс: егер жұрт әңгімелерді естіп хабардар болмаса, онда шындықты шын әңгімеден естіп білуге тиіс, өйткені халық барлық пайдалы деп тапқан нәрселер ауыздан ауызға беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа таралып, әділдік іс үшін қанын селдей төккен жүздеген мың адамдардың ерлік ісі жалпының игілігіне айналуға тиіс.
Саналыларға - пайдалы сабақ, адам кейпінде табиғат немқұрайды, жеңіл ойлы етіп жаратқан делқұлыларға - көңіл көтерушілік, мұндайларға тіпті өздері басынан кешкенауыртпалықтың өзі ешбір әсер, із қалдыра алмайды, саналы ойлауға итермейді, ондайлар ғасырдың сұмдық қасіретін тани алмайды, оларға барлық жақсы нәрселер дарымайды, болат сауытқа тиіп, тайып кейін серпілген жебедей ешқандай із, әсер, белгі қалмайды.