Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Әңгімеге кіріспес бұрын сіздерге бұл әңгіменің жоспарын баяндап, оны өткізуіміздің шартын ескерткім келеді. Мұнда тек жалпы соғыс тақырыбымен, атап айтқанда, генерал Панфилов атындағы 8-дивизия тарихымен айналысатын жолдастар ғана катысуға тиіс, ал айналысқысы келмейтін адамға, менің ойымша, қатысудың қажеті жоқ. Әдептілік үшін тәртіп сақтау керек, дәл уақытында келіп, әңгіменің аяғына дейін қатысып отыру - міндет.
Күніне 5 сағатқа есептелінген әңгіме төрт күнге созылады, сондықтан мен қатысып отырған кісілер соңына дейін тыңдаса деймін, өйткені айтылған әңгімеден адамдардың ойында үзік-үзік әсер қалмағаны жөн. Сондықтан мен әңгімеге барлық тыңдаушылардың үнемі қатысып отыруын талап етемін.
Сұрақ: Әңгіме қашан басталады?
Бауыржан Момышұлы. Әңгіме сағат 12-де басталып, сағат 5-те аяқталады.
Сыпайы сөйлеймін деп сіздерге уәде бере алмаймын, кейде менің аузымнан блиндажды сөздер орамы шығып кетуі мүмкін. Мұны сіздер дөрекілікке қабылдамаңыздар.
Соғыстың теориялық және практикалық мәселелері жөніндегі менің көзқарасым кейбіреулерге бәлкім кең емес, тар, тіпті анайылау да болып көрінуі ықтимал, мен бар болғаны жеті жылдық білімі бар адаммын, арнайы әскери мектепті де бітірген жоқпын, таулы жерде көлікке әскери жүк артып, түсіретін батареяда солдат мектебінен өттім, тек соғыс жылдарында ғана нағыз әскери адам болдым.
Осыған байланысты, бәлкім, түбегейлі ұшталған, екшелген көзқарасты менің баяндауларымнан сіздер сирек табарсыз деп ескерткім келеді.
Менің ұсынатын жұмыс жоспарым қандай?
1-ші күні
- Ұрыс және оның психологиясы.
Қосымша тақырыптар:
1. Панфилов.
2. Офицерлер.
3. Солдаттар.
2-ші күні
- Волоколамск бағытында.
3-ші күні
- 1942 жылғы қысқы науқан.
4-ші күні
- Қорытындылар.
Күніге 5—6 сағатқа созылатын жұмыс жоспарым — осындай.
Екі жарым жылдан бері қалтама үнемі блокнот салып жүремін, оған мені қызықтырған нәрселердің бәрін жазамын. Мұндай жазбалар едәуір жиналып қалды. Қолжазбамның 60—70 процентін орыс тілінде, 30—40 процентін қазақ тілінде жаздым. Менің талдап айтып бере алғаным — бұл блокноттағы жазбаларымның 30—40 проценттейі ғана.
Бұл қолжазбалардың сипаты қандай? Бұл менің соғыс туралы толғаныстарым немесе оны жазушының образбен ойлауы емес, жай ғана - ерлікке тәрбиелеу туралы ойлар деп айтамын. Бұл қолжазбалардың мазмұнымен сіздерді әңгімелесу барысында таныстырамын.
Дивизиядағы ескі басшы құрамнан бүгінге дейін шын мәнінде тірі қалған мен ғана.
Алматыға келгенімді пайдаланып, соңғы күндерімді дивизияның тарихын график түрінде құрастыруға арнадым (картаны көрсетеді). Графикті құрастыру алғашында жеңіл сияқты көрініп еді, бірақ олай болып шықпады. Атласты алуыма тура келді, бұл атластан көп нәрсені таба алмадым. Картаны есте қалған материалдар бойынша құрастырдым, сондықтан, көріп отырсыздар, кейбір елді мекендердің аттары түсірілген жоқ. Мен неліктен соғыс жөнінде жазып жүрмін? Өйткені, соғыс - адам өміріндегі ең бір дүр сілкіндірерлік, жан түршігерлік оқиға. Тылда адам соғыс туралы ойша елестетіп қана жүреді. Майданды ой жүзінде елестету егер де ол ақиқаттан биік тұрса жақсы, бірақ соғыста қазіргі заманғы ақиқаттан биік еш нәрсе де жоқ, сондықтан ақиқат шындықты талап етеді. Сіздер театрдан немесе кино экранынан соғыстың көріністерін көріп жүрсіздер, бірақ сіздер оның ішкі мән-мазмұнын кинодан да, театрдан да көре алмайсыздар, себебі көптеген жазушылар мен өнер қызметкерлері соғыс туралы шындықты, ақиқатты терең түсіне алмайды, долбарлап, қиялдан шығарып жазады, мұнысы шындыққа сай келмейді.