Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Немістер біздің ротаға жүз метр жер қалған кезде бір жауынгер қырындай түрегеліп, автоматын алға кезей ұстап: «Ура!» деп айқай салды. Бұл Төлеген Тоқтаров еді. Ротаның қимыл-әрекетсіз қалғанына ашынған ол өзінің төрт жолдасына: «Жауға аттанайық!»— деп үн қатқан. Оның соңынан ала бес жауынгер «уралап» жауға ұмтылды, олардың артынантағы да бес адам, сөйтіп бүкіл рота тұтас көтерілді, немістер кейін шегінді.Полк командирі ретінде бұл ұрысқа басшылық жасай алдым ба? Жоқ. Мен сасып абдырапқалдым, жағдайымыз құрыған екен деп санадым. Полкты тығырықтан кім аман алыпшықты: командир ме немесе мына 10 ержүректерді бастап шыққан екі қыран ба? Бұлжерде, ұрыстың осы сәтінде мен командир ретінде дәрменсіз күйде қалдым. Ал осы сәт еңқауіпті еді. Бірақ батыл ерлер өз істерін істеді, қауіп жойылды. Операцияның екіншікезеңінде, осы қарсы шабуылға шығу уақытында мен жалғыз өзім ғана емес, барлық полкпен бүкіл дивизия осы 10 батыл жауынгерлерге қауіптен аман алып қалғаны үшінқарыздар, олар көтерілгеннен кейін барып қана пулеметтер мен автоматтар жәневинтовкалардан оқ жаудырыла бастады. Алайда бұл ең батыл жауынгерлерді көтерген,олардың сана-сезіміне түрткі жасаған кім? Міне, осы жерде ерлікті ажырата тани білгенжөн. Тоқтаров пен Ғабдуллиннің және басқалардың ерлігінің мәні осында, олардыңжауынгерлерді бастауында жатса керек. Қорытынды жасайын. Бородино ұрысыныңнәтижесінде 1200 дұшпанның көзі жойылды, біз 157 адамымыздан айырылдық. Неміскомандованиясының түбірден соқпақ болған жоспары тас-талқан етіліп, күлін көккеұшырдық. Командование Бородино ұрыстарына жұрт алдында жоғары бағасын берді, бұлтоптың командирі ретінде мен Қызыл Жұлдыз орденімен наградталдым.Дивизияның басқа бөлімшелері туралы бірер сөз айта кетейін. 1075-полк дұшпандыөкшелей тықсырып, Большое Шелудковоға дейін жетеді де, Старо-Русский үлкен жолынабұрылады. 1942 жылғы 11 февральда аудан орталығы Поддарье үшін ұрыс жүргізеді.1073-полк жанындағы Соколово, Малое Лесово, Каменка және басқа да елді мекендердіиеленеді. Ол 1942 жылғы 17 февральда Шапково-Кокачево үшін шайқасады, осы аудандаКалинин және Солтүстік-батыс майданы түйіседі.1077-полк Болышево үшін, 1073-полк Сутоки, Мозыри, 1075-полк Труховка үшінкескілескен ұрыс қимылдарын жүргізеді, 75-теңіз бригадасы Орехово, Чекуновоны басыпөтіп, Хольм-Локня үлкен жолын қиып тастады. Неміс әскерлері сияқты біздің әскерлерімізде Холмның батыс жағындағы үлкен жолда қорғанысқа көшті. Табан тірескен соғыс 90күнге созылды.Мен жазушы емеспін, бәлкім, ешқашан қаламгер бола да алмаспын, ғылыми қызметкеремеспін және ешқашан ғылыми қызметкер де бола алмаспын. Есіме түсіріп айтып бергенәңгімелерімнің бәрі — қаза тапқан, қайғы-қасірет шеккен жолдастарымның рухыалдындағы солдаттық парызым. Менде бұдан басқа ешқандай мақсат жоқ, ешнәрсені деталап етпеймін, дәмеленбеймін. Айтқандарымның бәрін дұрыс, келтірілген сандар меноқиға болған күндерді дәл уақытына сәйкес келеді деп дәлелдеп жатпаймын, кейбіршегіністердің болуы әбден мүмкін, бірақ мен өз көзқарасымды әділ жеткіздім депсанаймын, сондықтан айтқан пікірлерім ешкімді ешнәрсеге міндеттемесе керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий