Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Орыс әскери тілінде «ключ», «стержень» деген термин бар немесе қазақша айтсақ «тіреу», «бақан»— қазақтың киіз үйі — «бақанға»—тіреуге сүйеніп тұрады, егер оны алып тастаса, онда киіз үй желден құлап қалады. Кез келген үй тіреусіз болмайды, егер оны алып тастайтын болсақ, тірексіз үй жапырылып құлайды. Сондай-ақ дұшпанның да маңызды, тірек пункті болады, командир оны тауып, құлата білуге тиіс. Егер дұшпанның тірек пунктін құлатса, онда қалғандарының бәрі айтарлықтай жеңіл қирамақ. Дегенмен, сол тіреу қай жерде болды екен? Байыптап іздеген жөн. Алты жол да Бородино селосына барып тіреледі, демек тіреу, бақан, қорғаныстың тіреуі, кілті — Бородино болғаны ғой!

Бородиноны тартып алған жағдайда дұшпанның беріктігі, әскери тәртібінің негізі бұзылады, басқа деревняларды тартып алумен жау қорғанысының беріктігі бұзыла қоймайды.

Бұл жерде тағы да командирдің ішкі арпалыс сезімі, командирдің қорқынышы да орын алады. Командир қорқыныш сезімін ақыл мен ақылдың шайқасы басталған кезде-ақ бойдақ өткере бастайды. Егер мұның бәрі өзіңе ғана байланысты болса, онда бәле өзіңмен бірге кеткені, бірақ та мен сияқтылар көп қой. Ал бұл жерде бірнеше жүздеген адамның тағдыры менің бір ауыз сөзім мен шешіміме тәуелді, сондықтан да белгілі бір шешімге келу өте ауыр әрі өте қиын. Командирдің шешім жасардағы күрделі психологиялық сәтті егжей-тегжейлі түсіну керектігі сондықтан. Сонымен жергілікті жерді зерттеу кезінде «тәуекелге бел бууға» шешім жасалды. Батальондардың командирлеріне мынандай бұйрық берілді: мүмкіндігінше айқай-шу шығармауға тырысып, түнде барлық алты деревняға батыл шабуыл жасау керек. Полктың бір жарым батальоны алты топқа бөлініп, әрбір топтың басына жауапты командир тағайындалды. Біздер орман ішінде тұрмыз. Дұшпан алыс емес, дауыс көтеріп қаттырақ сөйлеуге болмайды. Ең алдымен жауға өзімізді білдіріп, сезік туғызып алмауымыз қажет.

Егер бір пулеметтен оқ атылса, ұрыс басталды дей беріңіз, ал шайқас басталды дегенше, біз мақсатқа жете алмаймыз, өйткені біздің күшіміз шамалы-ақ. Сондықтан да дұшпанды сақтықпен орағытып өтіп, тыл мен қанаттан, яғни ту сыртынан және бүйір тұсынан соққыберуге шешім жасалынды. Енді бұл жерде шыққан дыбыс, айқай опасыздық жасағанмен бірдей еді. Осындай мақсатпен топталып орағытып өту көзделінді. Бір топты басқарып Мәлік Ғабдуллин кетті. Оның ротасының командир! Савельев жауды ту сыртынан, ал қалғандары шағын топтарға бөлініп бүйір тұстардан шабуыл жасайды. Барлық батальон командирлеріне ортақ бір міндет қойылды...

Штаб не үшін керек? Басқару үшін. Сондықтан штаб ұрысқа кіретін жауынгерлік бөлімдерден бір-екі шақырымдай жерде орналасады. Бізге бұл жерде штаб керек пе еді?

Оның керегі жоқ, оның үстіне бұйрықты орындаушылардың міндетті түсініп игеруі басқарудың негізі болып табылатын мынандай жағдайда тіпті де қажеті жоқ еді.

Сондықтан мен барлық штаб офицерлерін таратып бөлімшелерге жібердім, жанымда жалғыз ординарецім — көмекшім Николай Митрофанович қана қалды. Түнгі сағат 2-де ұйқыдан тұрдық, түнгі сағат 4-те шартты белгі беруге келіскенбіз. Белгі бойынша барлығы ұрысқа аттанды, мен орман ішінде жалғыз қалдым, ал немістер тым жақында. Орман ішімен біраз жер жүріп едім, бағытымнан адасып, жанымдағы көмекшімді жоғалтып алдым. Орман ішінде «Николай Митрофанович» деп айқайлауға тағы да болмайды.

Полкты міндетті орындауға жұмсадым: сәті түссе, жауды жайпап, деревняны тартып алар, жолы болмаса, бәрі сонда жер жастанады. Сонда мен жалғыз өзім тірі қалуым керек пе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий