Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен де полктың ізімен жүрдім. Қарсы жаққа шыққаным да сол еді, үзік-үзік атылған оқтың дауысын есіттім. Бұл мен үшін алғашқы хабаршы еді. Неміс пулеметшісі үш-төрт рет атып үлгерді, лезде үні өшіп қалды. Біздің әскер шүйдеден соқты білем. Жарайсың, жауынгерлерім, жауды сілейте соққан екенсіңдер. Екінші жақтан оқтың дауысы естілді де, бірден өшіп қалды. Осы екі хабаршы бойымды билей бастаған үрейді жеңуіме көмектесіп, полкымды тауып алуыма мүмкіндік берді. Полк деревняға кірді. Мен шеткерірек тұрған үйге жақындадым, мүмкін мұнда немістер бар шығар деп ойлап тұрмын. Алғашында атқан оқтың дауысы шықты. Кәдімгі дыбыс, оқ ауаға атылғанда құлаққа анық, қатты естіледі, ал мына жерде атылған оқтың дауысы тұншыға шығады. Не болды екен деп бәйектеніп ойлап келемін. Өйткені кез-келген кәнігі солдат өз винтовкасынан атылған оқты немістің атқан оғынан ажырата біледі. Атылған оқтың дауысын мен де ажырата аламын, біздің винтовка-автоматтарымыздан оқ атылып жатқанын есітіп тұрмын. Осы бір шамалы минуттардың ішінде бұл маған жеткен үшінші хабаршы болды. Демек, бұл біздің жауынгерлеріміздің ұрыс қимылдарын жүргізіп жатыр деген сөз. Кенет бір солдат бері қарай, екіншісі ары қарай, үшіншісі көшені қиып жүгіріп өтті. Мен де оның соңынан ұмтылдым. Қараймын, ол үйге баса-көктеп кірді, мен де оның соңынан ілестім. Үйге кірдім. Кенет бөлмеде мылтықтың даусы естілді... Онда неміс жатыр екен, оны біздің солдат бір атқаннан-ақ жер жастандырған. Бөлменің ортасындағы столдың үсті ыдысқа толы. Кереуеттің үстінен шашы жайылған, көздер! шарасынан шыққан іш көйлекті әйел түрегеле бастады. Осы жерде «У страха глаза велики» деген орыс мақалын есіме алдым.

Қызғаныштың әртүрлі түрі бар. Мен бұл әйелді мүлдем білмеймін, танымаймын, бірақ та оны мына қазір қызғандым. Мен мұның... отанға деген сүйіспеншіліктен туған қызғаныш екенін көп уақыт бойы түсіне алмай жүрдім. Сөйтсем, қызғаныштың үш түрі бар екен: жеке бастың қызғанышы, ұлттық қызғаныш сезімі және отанға деген сүйіспеншіліктен туатын қызғаныш сезімі. Мұндай уақытта ойың сан-саққа жүгіреді. Бұл әйелдің неге соншалықты үрейі ұшты екен? Ия, бұл ауданда еш уақытта қазақтар болмаған, бұлардың европалық кескінді адамға көзі үйренген. Кенет бұлардың үстінен есікті бұза-жара ашып, қайдағы бір «моңғол» кіріп келген бойда, қойнында жатқан офицерді бір атқаннан-ақ сұлатып салды, оның артынан екінші моңғол тап болды. Әйел болса түсім бе, әлде өңім бе деп аң-таң. Енді оның үрейленгені маған түсінікті болды, кереуетіне жақындап келдім де, жүзіне көрпе жауып, сыртқа шығып кеттім.

Үйден шыққан бойда айналада не болып жатқанын өз көзіммен көрейінші деп Варкловица мен Бородиноның аралығында жатқан жотаға көтерілдім. Бұған дейін тарсылдағанмылтықтың даусынан басқа ешқандай хабар алған жоқ едім. Деревняға көз салдым, көше- көшеде жүгіріп біздің жауынгерлер, басқа деревняда да біздің солдаттар қимылдап жатыр. Тұрған орнымнан қозғалғым келмеді. Бұрын аязды жаным жаратпаушы еді, енді мен сықырлаған аязды ауаның дем алған кезде кеудеге ерекше құйылып жатқанын, аязды ауаның дәмін сезінгендей болдым. Жеңісті сезінген кезде еріксіз терең тыныс алдым, міне, сонда аяздың да жанға жайлы болатынын сезіндім. Бұрын мұндай сезімді еш уақытта да басымнан өткермеген едім.

Штаб бастығы, Гундилович пен Трофимов жаныма келді. Трофимов батальонның жақсы комиссары болатын. Сөйтсек, бүл комиссар біздің жауынгерлер бір ғана винтовка және автоматпен жауға аттанғанына жүрегі дауаламай, менің шешіміме риза болмаған. Алайда түнгі шабуылымыз ойдағыдай аяқталды, бәрі қуанып, қолымды алып жатыр, «жолдас капитан, сіздің еңбегіңіздің арқасы»,— дейді. Мен Мадьярға қарап тұрып, Бородино туралы өлең шығардым:Мен істедім дегенше, Мың істеді десеңші.

Ер істеді дегенше, Ел істеді десеңші.

Мен мыңдікі болмасам,

Ер елдікі болмаса,

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий