Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бас командованиенің ойы былай: Ильмен көлінің оңтүстік жағынан бір топ солтүстіктен соғады. Екінші топ Торопец-Холм жалпы бағытымен Калинин майданымен шығыстан соққы беріп, дұшпанның Демьян тобын қоршауда қалдыра отырып, екі майданды — Солтүстік-батыс және Калинин майданын Холм ауданында қосу. Бас командованиеніңтүпкі ойын (әскерлерді орналастыру жөніндегі) көзге найза сияқты елестетуге болады.

Найзаның ұшын бұл жерде генерал-майор Люзиков басшылық еткен 2-гвардиялық корпус атқарды, оның құрамына генерал Иван Михайлович Чистяков басқаратын 8-гвардиялық дивизия да кірді. Одан әрі генерал-лейтенант Пуркаевтың (кейіннен генерал-полковник болды) майданына жалғасатын.

Солтүстіктен дұшпанға соққыны 2-гвардиялық корпус жасамақ. Осы 2-корпустың қарамағына 8-гвардиялық дивизия және бірнеше бригада, соның ішінде қазақстандық 26 және 75-бригада кірді. Кейіннен бұл бригадалар гвардиялық дивизия болды. Ал мына найзаның қадалар ұшын әскери тілде авангард деп атайды. Одан әрі найзаның ұшы — дивизияның 1073-полкі болды, қазір ол Талғарлық 19-гвардиялық атқыштар полкы деп аталады. Сонымен сіздерге ұрыс қимылдарын жүргізетін бөлімдердің орнын түсіндіруге тырыстым.

Солтүстіктің қақаған қысында, оңтүстік жақтан жаңадан келіп қосылған тың күшпенен жаяу 200 шақырымнан астам жүріп дивизия Сергиево-Прага ауданында майданды бұзып өтті, содан кейін Калинин және Ленинград облыстарының сыңсыған ормандарының ішімен қалың қармен омбылап, ұрыс жүргізе дұшпанның тылына 230 шақырымға дейін тереңдеп енді.

Дұшпанның майданын біздің әскерлеріміз бұзып-жарды. Дивизия ұрыс жүргізе алға жылжыды. Оның алдына қойылған тапсырма жаудың Демьян тобын — 16-неміс армиясын қоршауда қалдырып, Калинин майданын солтүстік-батыс майданмен қосу болатын.

Жаудың майданын бұзып өткен кезде 1075-полктің командирі полковник Капров сырқаттанып қалды. 1077-полкке Шехтман басшылық етті. 1075-полкті басқаруды мен қолыма алдым. Ал 1073-полкті подполковник Иванов басқарды. Жүргізілген ұрыстардың ішінен екі-үш шайқасқа тоқталып, сонымен әңгімемді аяқтасам деймін.

Сіздер жалпы түрде болса да қорғаныс психологиясымен таныстыңыздар, ол жөнінде алғашқы әңгімемде айттым. Ал алдымызда болатын ұрыстар мүлде басқаша, яғни бұл шабуылға шығу ұрысы болды, Москва түбіне қарағанда климаттық жағдайы, табиғат жағдайы, ауа райы, жалпы ахуал мүлдем дерлік өзгеше. Ұрыстың сипаты да, уақыт та, ұрыс психологиясы да мүлдем ұқсамайды. Москва түбінде біздер шегінсек, мұнда шабуылдаудамыз. Алғашқы ұрыс, әсіресе, шабуылға шығушыға аса қауіпті.

Егер шабуылға шығушы алғашқы шайқаста жеңіп шықса, онда мұның кейінгі ұрыстарға ықпалы өте зор болмақ. Сондай-ақ жеңіліске ұшыраған алғашқы ұрыстың да зардабы көп.

Алғашқы ұрыста кейін шегінген жауынгерлерді екінші рет шабуылға бастап шығу қиынға соғады. Жасқанып қалған солдатты алға бастыру қиын.

Біздің қарамағымызға жеткілікті солдат тәжірибесі жоқ, әскерге жаңадан шақырылған жас жігіттер келіп қосылды, олардан бөлімше жасақтаған кезде мен біртүрлі іштей қобалжыңқырадым. Біріншіден, олар тым жас еді, сырт тұлғалары жауынгерлік қалыпқа әлі түсе қоймаған, олпы-солпы, қимыл-қозғалыстары ширақ емес. Әрине, жастық адам өмірінің ең бір жақсы жарқын кезеңі, бірақ жас кезінде адам соншалықты қызба, албырт келеді де, табанда батырлық та, табанда қорқақтық та көрсетіп алуы мүмкін. Маған ушанка киген, солдат тәжірибесін әлі алмаған мына олпы-солпы көрінген жас жігіттер оның үстіне немістердің мынандай ерекше қорғанысы кезінде, алғашқы атыстан-ақ зәре құттары ұшып, үріккен қойдай жан-жаққа қашып кететіндей көрінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий