Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Полкты шабуылға бастап, мен Гундиловичтің батальонынан алдыңғы батальонға шықтым. Неге мен ең алдында кетіп бара жатқан батальонға бардым? Қалай болғанда даалғашқы ұрыста жеңіп шығу керек болды. Мен өзіме осындай міндет қойдым. Алғашқы ұрыс 1942 жылғы 6 февральда Новосвинухово деревнясында болды. Біз Новосвинуховоға жылжып жақындадық, арамызда капитан Рассохин басқаратын минометшілер взводы бар.

Өздерімізбен бірге сегіз минометті сүйреп келеміз. Деревняға жақындап тоқтаған кезде, мен капитан Рассохинге барлық сегіз минометті былай етіп қатар қоюға бұйрық бердім (сызып көрсетеді). Минометтерді мынандай есеппен атқылаған уақытта деревняның бір шетінен, қақ ортасынан және екінші шетінен соққылай алатындай етіп әзірлеп, орналастырдық (чертеждан көрсетеді).

Миналармен үйлерді және окоптарды атқылаған кезде адамды онша көп зақымдай қоймайды. Шабуылға көшкен бөлімдер үшін атыстың психологиялық сәті аса маңызды: дұшпан үшін де, әсіресе, біздің жаңадан келіп қосылған жас күштеріміз үшін де мұның мәні үлкен. Жаппай жарылыс кезінде жердің апшысын қуырып аспанға будақтап көтерілген қара түтін мен жердің тікелей көрер көзге әсері ғажап-ақ. Шабуылға шығар сәтте біздің снарядтарымыз жауды соққылап, үсті-үстіне төмпештей түсіп, көкте қою түтін будақтаса, шабуылға көшкен солдаттардың көңіл-күйлері көтеріле түседі. Ал егер артиллерияның көмейі бітеліп қалса, олардың салы суға кетіп, рухы түсіп, жасып қалады.

Осы жерде менің жас жауынгерлерімнің сағын сындырып алмай, көңіл-күйлерін көтеріп, рухтандырып тастау керек болды. Устав пен минометтерді тиісті ара қашықтықта орналастыру тәртібін бұзу осындай жағдайлардан келіп туып еді (чертеждан көрсетеді).

— Миналарды алыңдар! — деп команда бердім.

— Құп болады, алдық!

— Оқпанға алып барыңдар! Қойыңдар!

Сегіз жауынгер сегіз минометті оқтап, бір мезгілде сегіз рет атты, бір уақытта тыныштықты бұза сегіз мина жарылды.

Бұл таң алдында болған еді, немістер әлі төсекте ұйықтап жатқан.

— Миналарды алыңдар! Екінші рет селоның бір шетін атқыладық, үшінші рет селоның екінші шетіне сегіз минометпен бір мезгілде мина жаудырдық. Атысты тағы, одан соң қайта тағы да қайталадық. Сөйтіп селоның екі шеті мен ортасында 48 мина жарылды. Әсері жауынгерлерімді қанаттандырып-ақ тастады. Бірден сегіз мина ұли, ысқыра ұшқан уақытта, дауысы құлақты тұндырып жібереді де, жарылған кезде талай жерді тып-типыл етеді.

Жауды орағытып бірыңғай автоматшылар ротасының взводы оқ жаудырды, оның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин болатын. Ұрыс екі сағатқа созылды, деревня жаудан тазартылып, азық-түлік, қару-жарақ тиелген 85 автомашина, 25 тұтқын қолға түсті, ұрыс даласында 80 немістің өлігі қалды.

Алғашқы шабуылға шыққан ұрысымыз сәтті аяқталды. Бірақ осы жерде жаңадан келген жас жауынгерлер бір шатақ іс жасады, мұндай іске менің жауынгерлерім Москва түбіндегі ұрыста жол бермеген болар еді. Бұл оқиға мынау. Жауынгерлерім аш құрсақ болатын, күн өте суық. Баспана көрмегелі бір жарым аптадай болды, бәрінің де аяздан беті-қолы, мұрны үсіген, ал мұнда қолға түскен неміс машиналарының ішінде конфет, арақ және азық-түлік бар болып шықты. Әрине, аш келе жатқан жауынгерлер деревня жаудан жартылай тартып алынғанына да қарамастан, конфет, арақ, азық-түлікті көріп бас салған. Келе жатып жауынгерлерімнің машиналардың жанында топтанып қалғанын көрдім, біреулері бөтелкелердің тығынын алып жатыр, екіншілері аузына басытқы салуда. Осы бейғам сәтті пайдаланып немістер қарсы шабуылға шығуы мүмкін, онда бәрі бітті дегін.Мен жүріп бара жатып «алға!» деп айқайладым, ал аналар болса машинаның ішінен түрткілектеніп айналшықтап шығар емес. Бір машинаның жанында жауынгерлер шаңғыларын тастай сала топырлап конфетке үймелеп қалды. Жақындай бергенімде, жаудың минасы жарылып, бірден 12 жауынгерімді мерт етті.

Автоматшылар ротасының командирі капитан Якубенконың жанына келіп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий