Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

1075-полкке Соколовоның солтүстік батыс жағынан шығып, Трошково деревнясын таңғы сағат 8-де дұшпаннан тартып алу міндеті қойылды.

Генерал Чистяков табиғатынан ақ жарқын, ер көңілді, әдемі әзіл-қалжыңы бар адам болатын. Ол менің алдыма міндет қойып:

— Егер жаудан ертең таңғы сағат 8-де деревняны тартып алсаң, онда мен сені Суворов деп атаймын, - деді.

Штабқа барлау жасауға тапсырма бердім, полк (бір жарым батальон) орнынан қозғалды.

Маврино деревнясынан Соколовоға дейін айналаның бәрі жалаңаш, ашық. Қараймын, аспанда жаудың бес самолеті көрінеді. Полк болса, саппен кетіп барады.

Осы жерде есте қаларлық бір оқиға болды. Мұхамедияров екеуміз сәл кідіріп қалған едік.

Батальон қалың қарды кешіп шұбыра кетіп барады. Мына ашық алаңда неге екені белгісіз полк тұрып қалғанын көрдім. Маврино ауданында жау самолеті аспанда айнала ұшып, шүйіле бомба тастауда. Бұл сағат 12-де болған еді, тапа-тал түс, немістер тұтас полкты жайпап жіберуі мүмкін. Асыға басып полктің артынан қуып жеттім. Мұхамедияров ана жақта қалып қойды. Не болып қалды? Сөйтсек, немістер алаңды миналап тастапты. Мен штаб бастығына жан-жақты барлау жүргізуді ұйымдастыруға бұйрық бергенімде, ол бұл іске білікті адамдарды — саперлерді, артиллеристерді тартуы керек еді.

— Иә, жолдас командир,— дейді, бірақ біз ешнәрсе істей алмадық, саперлер жоқ болатын.

Штаб бастығын шақырдым.

— Саперлер барлаушылардың құрамында неге болмады?

Ол:

— Мина іздеушілерсіз саперлерді жіберу қауіпті, ал мина іздеушілерді инженерлік қызмет бастығы бермеді,— деп жауап берді. — Мен инженерлік қызмет бастығын шақырып алдым, ол Даниловқа сілтеді, ал бұл болса штаб бастығына сілтеді. Бір сөзбен айтқанда, ешкім де кінәлі емес, ал жауынгерлердің төбесінен нақты қауіп төнді — жау самолеті көрінсе, полктің бәрін жусатып кетпек.

Инженерлік барлауды қамтамасыз ете алмағандарына ашу-ызам келіп былай дедім:— Жолдас штаб офицерлері, ұялмайсыңдар ма? Мен сендер үшін полкымды құрбан ете алмаймын!

Осындай ұнамсыз оқиға болған еді.

Соңымызда қалып қойған Мұхамедияров келіп жетті.

— Штаб офицерлеріне не болып қалған? — Мен олардың жауға барлау ұйымдастырмағанын айттым. Мина неге жарылмаған десеңізші, сөйтсек, қатты аяздан минаның беткі жағына қалыңдау мұз тұрып қалыпты.

Штаб — бұл үлкен істің ұйтқысы. Генерал Панфиловтың атына жазған рапортым кездейсоқ сақталып қалыпты. Тексін оқып берейін. «Мен бұрынғы штаб қызметкері және де бүгінде батальон командирі ретінде, мына ауыр ұрыстардан кейін дана Энгельстің офицерлер біліктілігінің төмендігі дәл штаб қызметіндегідей еш нәрседе зиянды көрінісін таппас деген ескертуінің мәнін түсінген емеспін. Штаб сені тағдыр тәлкегіне қалдырған өкінішті сәттерде штабты даярлығы жоқ, білімсіз командирлермен толықтырғаннан гөрі олардың болмағаны дұрыс екендігін өмір тәжірибесінен көрдім. Штабқа қатысты менің тарапымнан айтылған бұл пікірді дөрекілік деп тапсаңыз — өзімнің сөзім үшін қандай да жауапкершілікті мойныма аламын».

Рапорт 1941 жылғы ноябрьдің басында жазылды. Алайда Панфилов маған бұл үшін ұрысқан жоқ. Штаб басты ұйымдастырушы, ол бүлдірсе, бәрін де кұртуы мүмкін, сондықтан менің штаб офицерлеріне жасаған қаталдығым тым қатыгездеу көрінуі ықтимал, бірақ басқаша істеу жөн емес. Штаб өз міндетін немкетті атқарған екен, ал әскерлерге алаңнан өту керек, сондықтан осылай жасауға тура келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий