Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егер дивизияның архивін қарасаңыздар, бұйрық бойынша біздің полктың қарамағына «...танк батальоны, гвардиялық полк» берілген, ал шын мәнінде бұл бар болғаны аты ғана еді, ал заты, қираған, жау талқандаған бөлімдердің қалдықтары болатын. Демек, мұның өзі бізде Москва түбіндегі шайқаста нағыз мағынасындағы, адам күші мен қару-жарақпен қамтамасыз етілген толыққанды бөлімдер болған жоқ, әскери бөлімдерді командование дұшпанға қарсы жасалынатын шабуылға сақтаған екен.

Крюководағы қырғын шайқаста көптеген жауынгерлер мен командирлер ерлігімен көзге түсті. 2-атқыштар ротасының командирі Семен Краев өзгелерден айрықша қаһармандық, батырлық көрсетті. Бұл эпизодқа тоқталатын болсам, ол тым ұзақ әңгіме... Бұрынғы өз батальонымның командир! лейтенант Исламқұлов ерекше табандылық, ерік, жігер күшінің мықтылығын, ақылдылық, тактикалық икемділігін көрсете білді. Бұл жерде бәрін айтып шығу мүмкін емес, оған белгілеген уақытымыз да жетер емес. Бір нәрсені — батырлық пен қаһармандықтың жаппай жасалғанын атап кетпекпін.

Дегенмен Жуковты еске ала кеткен жөн сияқты. Бірде ұрыс кезінде ол телефон соқты:

— Жолдас полк командирі, дұшпан тықсырып келеді, не істеуге бұйрық бересіз?

Тағы да телефон шылдырлады:

— Жағдай қиын, не істейміз?

Одан кейін Исламқұлов телефон шалды:

— Жолдас командир жағдай ауыр, не қылмақпыз?

— Жағдайдың ауыр екенін, әрине, білемін. Мен берілген бұйрық сол күйінде күшінде қалады — позицияны тастамаңдар,— дедім. Біршама уақыт етті, Жуков тағы да телефон соқты:

— Жолдас полк командирі, барлық батальоннан жалғыз өзім қалдым, не істеуге бұйырасыз?

Мен былай дедім:

— Бірінші батальонның командирі Исламқұловтың қарамағына қарапайым қатардағы солдат есебінде барыңыз. Өз батальоныңызды сақтай алмаған екенсіз, қатардағы қарапайым солдатша соғысыңыз.

Осы жерде комиссарым Петр Васильевич ашуланып:

— Бұл қалай болғаны? — деп қарсылық білдірді.

Он бес минуттан соң Ветхов телефонмен хабарласты:

— Жолдас полк командирі, жеті-ақ адамым қалды, не істемекпін?

Мен оған да:

— Бірінші батальонның командирі Исламқұловтың қарамағына барыңыз,— дедім.

Исламқұлов осы аралықта тағы да телефон шалды:

— Жағдай өте ауыр, 40 адам қалды, не істейміз? Мен оған да:— Сенің қарамағыңа Жуковты беремін, оның қолына жауынгерімен Ветхов барады, оны бөлім командирі етіп тағайында да, ақырына дейін айқасыңдар. Бәрінен айрылсаң — қолыңа винтовканы алып, солдат ретінде шайқас,— дедім.

Мен бұл екі капитанды мұндай қызметке ішкі сеніммен жіберген едім, осы жағдайға байланысты комиссарыммен арамызда кикілжің, шатақ туды. Мен бұл кезде дәрменсіз күйде диванда орнымнан қозғала алмай жатқанмын.

Комиссар ол жаққа партия ұйымының жетекшісін жіберген, менің бұйрығым жеткізілмеген, олар онда барып тұтас әскери совет құрыпты, бұл жөнінде мен білген жоқпын. Онда Исламқұловты соға бастаған.

Әрине, жағдай ауыр, қиын еді, олар былай деген: «Момышұлы бізге сене бермейді, сен оған телефонмен, сірә, мына адамдармен қорғанып болмас деп айт»,— дейді. Содан кейін маған Логвиненко кіріп:

— Жуков телефон соқты, өлімге бара жатырмын деп менімен қоштасты. Оның соңғы сөзі мынау болды: «Мен осы жерде ұрысты басқарып отырған адамды көрсем деп ем»,— деді.

Бұл маған білдірілген ишара еді.

Жуковты да түсінемін — менің бұйрығым оны қорлағандай болған. Жаралы адамды оның да ұрыс басында болуы керек деп талап етуі де әділдік болмас еді.

Исламқұлов жанымды қояр емес.

— Оң жақтағы және сол жақтағы соғысып жатқан көршілер кетіп қалды.

Сөзін, оның да шегінгісі келетінін сезіп тұрмын. Мен оған даусымды көтере жігер бере:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий