Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Командир солдаттың ерлігін, батылдығын бағалауға тиіс және алдағы уақытта үкіметтік актіні - көзге түскендерді наградтауға документтерді даярлауға барлық шараларды қабылдауға міндетті. Мен дөрекілеу тілмен, бірақ өзім көрген оқиғалардың айғақтарын кейінге солдатша әділ қалдыруды парызым деп білдім, бұл дүниелерді болашақта көркем туындылар жазуға және басқа шығармалар жасауға материал ретінде қолдануға болады. Сондықтан мен жазушылар үшін және жазушы ретінде жазып жүрген жоқпын, мен біздің бірнеше мың ержүрек жауынгерлердің басшысы, офицер ретінде солдаттық ар-ұятым қалай әмір етсе, солай жаздым.
Бүгінгі әңгімеміздің мақсаты да сол - із қалдыру. Менің айтқандарымның ішінен біреулерге бір жері, екіншілеріне екінші жері ұнауы мүмкін, сондықтан мен тыңдаушылардың ыңғайына қарай бейімделгім келмейді. Егер бұл жерде айтқандарымның бір проценті болса да біздің ісіміз үшін пайдаға асса - мен дән разымын.
Жақында Сәбит Мұқанов біздің қазақ жазушыларының творчестволық бағыт-бағдары туралы мені хабардар ете отырып, Мұхтар тарихи тақырыпты, Ғабит қазіргі тыл тақырыбын, ал Сәбиттің өзі болса қазіргі заманғы соғыс тақырыбына қалам тартып жүргенін айтып еді. Олар келісіп, қазақ әдебиетінің үш алыбы тақырыпты өзара осылайша бөлісіп алыпты. Бұнымыз тақырыпқа монополия жасау болмақ. Мен мұнымен келісе алмаймын. Сондықтан да бұл қолжазбаның барлығы Ғылым академиясының игілігі болып табылады деп әдейі арнап, хат жаздым.
Соғыс туралы қазір күрделі еңбек жаза қою мүмкін емес. Ірі еңбектер соғыстан кейін жазылады. Тіпті тау қопарар алып күші бар болған күннің өзінде де, Сәбит Мұқанов бүкіл соғыс оқиғаларының дамуын жалғыз өзі бел шеше кіріссе де көтере алмас. Сондықтан да соғыс тақырыбын ешқандай да жалғыз өзім игерем деушілік (монополия) болмасын - бұл тақырыпты жазып, еңбек еткісі келушілер мен қабілетті адамдардың бәрі жұмыла еңбекетсін, соғыс тақырыбын тек бір ғана менмен әрі қызғаншақ монополист-жазушының ғана игілігіне айналдырмау керек.
Мен бүгін сіздердің назарларыңызды мына ілулі тұрған картаға аударғым келмейді.
Дивизияның жауынгерлік қимылдарын баяндап беруге кіріспес бұрын алдымен қолжазбаларымның мазмұнына қысқаша тоқталып, өзім жұмыс істеуге талпыныс жасаған бірсыпыра принципті мәселелерді баяндай кеткім келеді. Сондықтан да бүгін біздің әңгімеміз - ешбір соғыс көріністерінсіз, адамдардың аты-жөндері еске алынбай, тек таза теориялық-практикалық сипатта өтеді.
Соғыс адамзат үшін жаңалық емес, мен соғыс қимылдары, ұрыс туралы сөйлеген кезімде, Американы ашқалы отырмағанымды айтпақпын, тек өзімше сіздерге көргендерім мен бастам кешкен оқиғаларды жинақтап жеткізгім келді.
Ұрыс дегеніміз не? Біздер, әскери адамдардың өздері, «ұрыс» деген сөзге әртүрлі анықтама береміз, тіпті Қызыл Армияның уставында ұрыстың алты түрлі анықтамасы берілген, өйткені уақыт өте келе бәрі де өзгереді ғой. Дегенмен мен өзімнің көзқарасымды баяндағым келеді, бірақ көзқарасымның ақтық пікір емес екенін ескертемін. Ұрыс дегеніміз - бұл дұшпанға ұйымдасқан түрде әсер ету (өйткені адамға, топқа, дұшпанға әсер ету әртүрлі: ақылмен, психикамен, техникамен, қару-жарақ күшімен). Бірақ та ең алдымен ақылмен ықпал ете білу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ұрыс дегеніміз - ақыл мен ақылдың шайқасы болмақ.
Сонымен, ұрыс дегеніміз - ұйымдасқан түрде дұшпанға ықпал ету (ақылмен, атыс құралдарымен, психикамен), ал атыспен ықпал етуіміздің өзі - ақылмен ықпал етудің жемісі әрі психологиялық және физикалық ықпал ету құралы ретінде көрінеді.
Қазіргі заманғы ұрыс біздің түсінігімізде тактикалық ұғым, өйткені, соғысып жатқан екі жақ та техникамен әбден бақайшағына дейін қаруланады - бұл екі жақ қырғын атысқа кіреді деген сөз.