Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы
-
Название:Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:123
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.
Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги
Бұл адамгершілік сезімі, намыс, ар-ұят - бұл адамның өзін кез келген опасыздықтан сақтайды, қорғайды, яғни масқара болып жүргеннен, абыроймен өлген артық деген сөз. Өлімнен ұят күшті. Әңгімемізге осымен нүкте қоялық.
Ерлік дегеніміз не?
Бұл - адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі. Ержүректілік пен батырлықты найзаласқан қолма-қол ұрыстан көргісі келетін адам қателеседі.
Ерлік - табиғат сыйы емес, ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін - азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, сонымен қауіп-қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр ету.
Батылдық - қимыл әрекет есебін тәуекел етумен үйлестіре алушылық. Тәуекелді есеп ақтайды. Есепсіз тәуекел - тұл.
Көзсіз батырлық - ептілікті батылдықпен ұштастыра білушілік. Ойланбай жасалынған көзсіз батырлық - есерсоқтық. Ептілік - адамның ақыл-ойын ұшқыр ойлай білуге, дене қимылын икемділікке, бұлшық еттерінің шиыршық ата қозғалыс жасауға қатаң жүйелі түрде тәрбиелеудің (жаттықтырудың) нәтижесі.
Келесі мәселе солдат туралы. Бұл - былайша айтқанда, өте күрделі мәселелердің бірі.
Бүгінгі күні әділін айтсақ, әскери тақырыптағы барлық шығармалар мен заметкаларда солдаттың бейнесі ашылып көрсетілмей келеді, оның орнына жансыз қағаз адамның образы жасалынуда. Олардың шығармаларында солдат адамзаттың әлдебір жаратылысы бөлек перзенті сияқты суреттелінеді, сөйтіп солдаттың шынайы бейнесі шықпай қалады.
Қорқынышқа оралайықшы. Мен сіздерге «Ұрыс кезіндегі қорқыныш» деп аталатын қойын жазбаларымнан үзінді келтірейін деп едім: «Ұрыста адамның барлық қасиеттері сынға түсіп, тексеріліп, бәрі де шешіледі. Ұрыс өтіріктің, жалған батырлықтың бет пердесін сырып тастайды, екіжүзділік оқтың астында шыдас бермейді. Ұрыста зәре-құтыңның ұшқанын жасыра алмайсың. Батылдық мүлдем жоғалады, болмаса өзінің барлық көрінісімен тек ұрыста ғана көрінеді.
Жауынгер өзінің қаруымен күшті, бірақ та алып батырдың қара күші де табанды жауынгердің жай қаруының алдында қауқарсыз болатыны сияқты әлсіздің қолындағы ең қуатты қару да дәрменсіз.
Табандылық - батылдардың қалқаны. Құтқару - қашуда емес, қорғану мен шабуыл жасауда. Кімде-кім қорғанбаса, сол өледі. Тәуекелсіз ерлік жоқ.
Шабуылға шыққан, өлімді күтпей, өлімге бетпе-бет барған адам ғана жеңіп шығады.
Өйткені ол өмірді өте сүйеді, өмір мен отанның азаттығы үшін ұрысқа аттанады. Ұрыста өмір ешкімге сыйланбайды, ол жаулап алынады, өйткені ұрыс аяушылықты білмейді.Қауіптілік ұрыста жорамалдан нақтылыққа айналады, ол тікелей жақыннан сезіледі - айналаға өлім қаупі төніп, әрбір қадам сайын күшейіп, үдей түседі. Жаныңдағы серіктестерің оқ тиіп сиреп, ысқырына зулаған оқ, снарядтар мен миналар ұли, құлақ тұндыра ызындай ұшып, кедергіге қатты соғыла, гүрс ете жарылып, жан-жаққа әртүрлі көлемдегі тиген жерін опырып, жарақаттап, мертіктіретін, жолындағының бәрін жайпап өтетін жарықшақтар ұшады да, жарылыс болған жерден қан аралас шаң, топырақ, балшық аралас қоп-қою қара түтін терең шұңқыр қалдыра аспанға көтеріледі.
Майдан даласы мен аспанынан сәт сайын өлім қаупі төнеді. Уақыт жылжып өте береді, бір сағат - 60 минут өтеді, бір минутта - 60 секунд, ал секундына мыңдаған адам қаза болады, олардың жер бауырлап жылжуына, жүруіне, қарсы жүгіруіне тура келеді.