Knigionline.co » Казахские книги » Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы

Книга «Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Масштабом рассматриваемых проблем, содержанием, характером богато это наследие литературы.
Труд написан, основываясь на выводы боевого опыта, личные наблюдения и суждения командующего. Сюжет отличается глубокими умозаключениями фронтового дыхания, судьбоносных сражений на фронте Панфиловской дивизии, психологией бойцов. Глубокий след в сердце человека оставляет описание, характеристики, которые Хас Батыр дает воинам, друзьям-фронтовикам.

Книга, написанная кровью. Психология войны / Қанмен жазылған кітап. Соғыс психологиясы - Бауыржан Момышулы / Бауыржан Момышұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оның үстіне қырсыққандай командирлердің бәрі бірдей тәрбиеші бола алмайды. Біздің жастарымыздың жартысы бетімен кеткен, тәртіпсіз, олардың үлкендерді сыйламайтыны, дөрекілік көрсететіні құпия емес. Бойында барлық абзал қасиеттері бар адамды тәрбиелеу ісі - бұл әскерге алынғанға дейінгі кезеңде жүргізілетін тәрбие жұмысы болуға тиіс. Қазақ халқы: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер»,- дейді. Егер бала жөргекте жатқан кезінен-ақ анасын тыңдамай, бес жасынан әкесімен тайталасып, тілін алмай, бұзақы болып өссе, онда өсе келе одан сөзсіз жаман адам, жаман солдат шығады. Мұндай жөргегінде ұрған адамды қайта тәрбиелеу, оның бойына жауынгерлік игі қасиеттерді дарыту командирдің ғана қиын да ауыр міндеті болмаса керек. Ұқыпсыз, жауапсыз ата-аналардың тәрбиелеп өсірген мұндай жүгенсіз балаларынан командирдің де жақсылық күтуі екіталай. Балаға адамның, азаматтың бойындағы барлық жақсы, асыл қасиеттер ананың ақ сүтімен бірге берілуі қажет, сонда ғана одан жауынгер шықпақ. Сонда ғана әскер өз қатарына өнегелі азаматты, жақсы жауынгерді қабылдай алмақ, ал қазір біздер кейде азап шегіп, қайта тәрбиелеу жұмысына көп уақытымызды, күш қуатымызды сарп етіп, жүйкемізді тоздырып келеміз.

Бұқара көпшілікті тәрбиелеу жұмысында суретшілердің, жазушылардың, композиторлардың және басқа да өнер қайраткерлерінің алатын орны үлкен. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Скворцов жолдастың қабылдауында болған кезімдегі онымен болған әңгімеде мен ұлтқа әскери тәрбие беру және әскери мәдениеттілік жөнінде айттым. Бұдан басқа арамызда ешқандай да бөгде әңгіме болған жоқ, өзім туралы ешнәрсе де айтпадым. Біз онымен төрт сағат бойы тәрбиелеу, ұлттық жауынгерлік мәдениет туралы, осыған байланысты соғыс айқындап берген кейде өзіміз жемісін көріп жүрген кейбір проблемалар жөнінде әңгімелестік.

Әскерге дейін жақсы азаматты тәрбиелеп өсіруіміз қажет.

Бұл өте терең мәселе. Міне, менің солдат туралы арнайы жазуға мәжбүр болуым да сондықтан. «Солдат» деген сөзді соғысқа қатысты мағынада ғана ұғынбау қажет. Өйткені сіздер соғыста да, майданда да жүрген жоқсыздар, бірақ та сіздер де еңбек майданының солдаттарысыздар. Барлық жерде адамға жас кезінен бастап солдат, нағыз күрескер депқарау қажет. Мен үстіне сұр шинель киіп, қолына винтовка ұстаған адамды ғана айтып отырған жоқпын, солдат деп әртүрлі салалар мен қызметтерде жұмыс істеп жүргендердің бәрін айтып отырмын. Өйткені бұл да майдан. Солдат деген сөзді мен кең мағынада түсінемін. От басы, ошақ қасынан бастап - шабуылға дейін, ұрыс кезінде барлық жерде жауынгерлік қасиет, адамның табандылық көрсете білуі керек. Адамның әскери- жауынгерлік қызметі - біздің күресіміздің тек бір ғана түрі болып табылады.

Ерлікке тәрбиелеу. Солдат, әскери қызметші болу оңай емес. Біріншіден, себебі, солдат қызметі жағынан ешқандай да демократиялық праволарға ие бола алмайды, мен сайлау системасында емес, қызметінде деп айтып отырмын. Сапта тұрған кезде, ол еркін қозғала алмайды, жеке күнделікті тіршілікте өз еркінше жүруіне правосы жоқ. Солдат мұның бәрінен айырылған — қажеттілік осындай, солдаттың жеке үлесі осындай. Әскерде демократизм элементі зиянды. Бәлкім, сіздер бұл дұрыс емес қой деп дау айтарсыздар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий